Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Разное  /  Прочее  /  Білім саласындағы инновациялық технологиялар мен әдіснамалар

Білім саласындағы инновациялық технологиялар мен әдіснамалар

16.05.2020

Содержимое разработки

Білім саласындағы инновациялық технологиялар мен әдіснамалар



«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар».

Елбасының Жолдауында ІТ-технологиялардың дамуына, білікті де білімді ІТ-мамандар санының артуына көңіл бөлінген. Кез келген жаңашылдық өз нәтижесін тәжірибеде көрсетеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін біздің ұстаздарымыз, мектеп қабырғасындағы оқушылар ақпарттық технологияларды қолдануда, бағдарламалық жасақтамаларды пайдалануда қажетті білімдері болу қажет. Мектеп, жоғары оқу орындары қызметтерінде көптеген ақпраттық технологиялар тәжірибеден өтіп, олардың басымдықтары мен кемшіліктері анықталып, қолдану тиімділігі, қолдану аясы артып жатыр. Қазіргі уақытта түрлі АҚТ құрылғыларының мүмкіндіктері жоғары және жылдам жаңарып, өзгеріп отырады.

Сондықтан білім берудегі заманауи Web технологияларды қолдану дәстүрлі сабақты жандандырып, оған өзгешелік енгізуге мүмкіндік береді, пәнге деген оқушылардың қызығушылығын арттырып, нәтижесінде оқыту сапасын арттырады. Сабақтарды мәнді және қызықты өткізу барысында педагогке түрлі әдіс-тәсілдер мен АҚТ-құралдарына талдау жүргізіп, жинақтауға, тәжірибеден өткізуге тура келеді. Осы жұмыстың нәтижесі болып коллаборативті оқыту (ағылш. – collaborative learning) және Web 2.0 Kahoot! Сервисінің синтезі болып табылады.

Коллаборативті (бірлескен) оқыту – білім алушылар мен оқытушы арасында немесе білім алушылардың өзара тығыз қарым-қатынас жасау аясында құрылған оқыту түрі. Оқыту процесіне қатысушылар ақпаратты белсенді түрде бірлесе іздеу арқылы, түсініктерді талдау мен талқылау, түсіну арқылы білім алады. Коллабротивті оқыту топтық жобалар, бірлескен әзірлемелер және т.б. қамтиды. Соңғы кезде коллабротивті оқыту электронды оқыту мәнмәтінінде жаңа түсініктемеге ие болды (computer-supported collaborative learning). Бұл түсінікте коллабротивті оқыту оқыту мақсатында Web 2.0 сервистерін (Уики, блогтар, әлеуметтік желілер, виртуалды сыныптар, тәжірибе қоғамдастықтары(Communities of Practice - сор)  және т.б.) қолдану.

Kahoot! – коллабротивті оқыту режимінде тегін тестілеу, сауалнама мен пікірталас (ағылшын тілінде) жүргізуге мүмкіндік беретін клиент серверлік білім беру Web платформасы.

Kahoot! дегеніміз не және оның негізін қалаушылар кімдер?! Kahoot! платформасы мен бренді Йохан Бренд (Johan Brand), Джейми Брукер (Jamie Brooker), Асмунд Фэрасет (Asmund Furuseth) және Мортен Версвик (Morten Versvik) бастаған құрылтай командасымен әзірленді. Технологиялық платформаның өзі Норвегия Ғылым және технология университетінің(University of Science and Technology (NTNU) Norwegian) магистр дәрежесіне өту үшін Мортен Версвиктің жүргізген зерттеуіне және NTNU профессор Альф Инге Ванмен және оның әріптестері жүргізген зерттеулеріне негізделген.

Kahoot! Сервисінің  жұмысы бес негізгі сайт пен  бір қосымша сайтта жатыр.

create.kahoot.it – Пайдаланушыға (мұғалімге) кахутты жасауға арналған сайт.

  • play.kahoot.it –Пайдаланушыға (мұғалімге) кахутты іске қосу үшін қызмет ететін сайт.

  • kahoot.it – түрлі құрылғылар (ДК, ноутбук, планшеттер, смартфондар) арқылы пайдаланушыларды кахутқа іске қосу үшін қызмет ететін сайт.

  • test.kahoot.it – Kahoot! сервисімен жұмыс жасау үшін сіздің интернетке қосылу сапасының деңгейін  тестілеуге мүмкіндік беретін сайт.

  • media.kahoot.it – сервистің медиа-конентімен жұмыс жасауға арналған сайт.

  • getkahoot.com – пайдаланушыларды қолдауға арналған қосымша сайт.

Kahoot!сервисінің жұмысын сатылы қадамдар алгоритмі түрінде сипаттауға болады:

1-Қадам. Педагог create.kahoot.it сайтында кахутты құрады (төрт типтің бірі).

2-Қадам. Педагог жасаған кахаутын (create.kahoot.it сайтынанplay.kahoot.it сайтына автоматты редирект (қайта бағыттау) жүргізіледі), мысалы тест жұмысын, оқу аудиториясындағы интерактивті тақтасы бар компьютерде, Тв-панельде және т.б. осыған ұқсас құрылғыда ашады және білім алушылардың қосылуын күтеді.

3-Қадам. Білім алушылар өз смартфондарында, планшеттерінде, ноутбуктарында kahoot.it сайты ашады, педагогтің экранында көрсетілген ойын кодын (game pin) енгізіп, ортақ коллаборативтік желіге іске қосылады.

4-Қадам: Кахутқа қажетті білім алушылар саны қосылғаннан кейін педагог кахутты «start» батырмасына баса отырып, іске қосады, білім алушылар сұрақтарды сұрақтарды, жауап нұсқаларын көре отыра, оларға өз гаджеттері арқылы жауап береді

Ескертпе: білім алушы құрылғысында сұрақ көрінбейді, жауаптың мәтіндік нұсқасы да берілмеген, білім алушылар жауаптың тек геометриялық кескіндерді мен түсін ғана көре алады, бұл әзірлемені жасаушылар әдейі жасаған, өйткені Kahoot! білім алушының тұйықтықта болуына талпынбайды, керісінше, оқыту, пікірталас жүргізу, әр білім алушының өзіндік пікірін көрсету үшін нәтижелі, ыңғайлы орта жасауға талпынады.

5-Қадам: Тест тапсырмасы түгел орындалғанда білім алушылар интерактивті тақтада өз нәтижелерін көре алады. Осы кезеңде педагог рефлексия жүргізе алады. Білім алушыларға тест жұмысын 5-балды шкала бойынша бағалауға, өз эмоцияларын\сезімдерін білдіруге, тест жұмысының өтілген тақырыптар\материалдарға сәйкестігін бағалауға және осы тест жұмысын өз әріптестеріне, сыныптастарына ұсыну туралы шешім қабылдауға ұсыныс жасалады.

6-Қадам. Бұдан әрі педагог білім алушылардың барлық нәтижелерін Excel –құжатына экспорттау және өз компьютеріне немесе Google Disk-ке сақтай алады.

Сонымен қатар Kahoot! «Ghost mode» режимін қолдануға болады, тесттен өткеннен кейін оны өткен нәтижелерді ескере отырып, қайта өтуге болады, осылайша, Kahoot! білім алушылардың бірінші тестілеу мен екінші тестілеу арасындағы білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Kahoot! мынадай браузерлердің соңғы екі нұсқаларында толық сынақтан өтті:

  1. Chrome.

  2. Firefox.

  3. Internet Explorer.

  4. Safari.

  5. Edge.

Kahoot! әзірлеушілер өз сервистерінің өткізу қабілетімен танысуды ұсынады. Қолданыстан өткеннен кейін 1-кестеге сәйкес бір интернет-қосылуда пайдаланушылар санына тасымалдаудың келесі минималды жылдамдықтары ұсынылады.

1-кесте  - Желінің ұсынылған өткізу  қабілеті.

 

Пайдаланушыларсаны

Ұсынылатын жылдамдық, Мбит/с (Mbps)

10

1

20

2

50

3

100

5

200

10

500

23

1000

45

 

Ескертпе: Kahoot! бірдей PIN коды бар ойынға қосылушылардың максималды шегі 4000 пайдаланушы. Бірақ мұндай көлемдегі  кахуттар Интернет-қосылымның жоғары жылдамдығын талап етеді.

Қ

орыта келгенде білім беру процесіне осындай замануи технологияларды енгізу нәтижелі болып табылады. Web 2.0 сияқты жүйелерді педагогикалық қызметте оңтайлы қолдану «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық қауымның аз да болса маңызды қадамдарының бірі.





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Білім саласындағы инновациялық технологиялар мен әдіснамалар (251.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт