«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны
(сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
1.Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, барлық пәннен алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздігінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
| Айналымдар | Бағалау шкаласы | |
| 1 | Таныстыру | «5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады |
| 2 | Жорға сұрақтар | Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады |
| 3 | Сөз ойла, тез ойла | Әр сөз «1» ұпаймен бағаланады |
| 4 | Ойна да күл, оқы да біл! | Д Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай |
| 5 | Өнерпаз болсаң арқалан! | Орындау шеберлігіне қарай «5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады |
| 6 | Алты жұмбақ | Д Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай |
| 7 | Жекпе-жек | «10», «20», «30» ұпай |
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Білімді өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
1.
2.
3.
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
Ойын барысы:
| Тобы | Ұраны |
| 1.Тұлпар | Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар |
| 2.Сұңқар | Ақылды баламыз, Білімде алда боламыз |
| 3.Қыран | Қырандай самғаймыз, Арқада қалмаймыз |

Айналым ережі: топтың атын, ұранын және төсбелгісімен таныстырады.
(«5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады)
О
йла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең,
Өте алмайсың бөгеттен.
Айналым ережесі: Әр топқа «Ж», «А», «Б» секілді әріптер таратылады. Оқушылар қойылған сұрақтарға бас әрпі сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі тиіс.
(Әр дұрыс жауап «1» ұпаймен бағаланады)
| № | Тұлпар «Ж» | Сұңқар «А» | Қыран «Б» |
| 1 | Сен қалай оқисың? | Сен кімсің? | Суда тіршілік ететін жануар? |
| 2 | Сағыз қанша тұрады? | Бірінші септік - ... | Досыңның есімі? |
| 3 | Қазақ тілінде неше септік бар? | Ең жақын адам - ... | Маймылдың қорегі - ... |
| 4 | Әжең қайда тұрады? | Еліміздің бас қаласы - ... | Тұрлаулы мүшені ата |
| 5 | Өсімдік қайда өседі? | Нешінші сыныпта оқисың? | Музыкалық аспап - ... |
| 6 | Он екінші айды ата | Сүттен жасалған сусын - ... | Көз – қорқақ, қол - ... |
| 7 | Кімде? Неде? қай септіктің сұрағы? | Ең әдемі құс - ...
| Әжең не пісіреді? |
| 8 | Әкең не оқып отыр? | Саған ертегі айтатын - ... | Киімді қайдан алдың? |
| 9 | Ең сүйікті жыл мезгілің? | Бал жинайтын жәндік - ... | Ең алғашқы сан - ... |
| 10 | Сиыр, қой, түйе бұлар - ... | Ең тәтті жеміс - ... | Сиырдың төлі - ... |
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Айналым ережесі: Сөзден сөз құрау.
(Әр сөз «1» ұпаймен бағаланады)
| Тұлпар | Сұңқар | Қыран |
| сауаттылық | шығармашылық | талғампаздық |




Айналым ережесі: Пазл құрастыру, орысша-ағылшынша аудармасын айту.
Д

ұрыс құрастырғаны үшін «1» ұпай
Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай
Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай
«Өнерпаз болсаң арқалан»
-деп айтқан Абай атамыз.
Тәуелсіз елдің ұрпағы:
Біз өнерпаз баламыз!
Сайыскерлердің өнерлерін тамашалайық!

І топ .......................
ІІ топ ........................
ІІІ топ ........................
Айналым ережі: Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
(Орындау шеберлігіне қарай «5», «4», «3» секілді ұпайлармен бағаланады)

Айналымның ережесі: жұмбақтың жауабын бірінші болып тапқан топ қолдарын көтеру арқылы жауап беруі тиіс.
Ж

ұмбақ шешімін дұрыс тапқаны үшін «1» ұпай
Орысша аудармасын айтса «1» ұпай жалпы «3» ұпай
Ағылшынша аудармасын айтса «1» ұпай
Шақырамыз топ басшысын ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді бір сынап ал!

Айналым ережесі:
Т
әуелсіз Қазақстан 10 20 30
Елбасы 10 20 30 ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы
Рәміздер 10 20 30 «10», «20», «30» ұпайға ие болады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
- деп бүгінгі білім сайысын қорытындылау үшін қазылар алқасына уақыт берейік.
Ұпайларды есептеп болғанша, кезекті әсем әнге берейік.
Ән ......................
Орындаушы .............................
Білімді боп бүгін біз,
Биіктерге самғайық.
Өнерлі боп әрқашан
Жеңістерден қалмайық.
(Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
Марапаттау
Ұйымдастырушы:
Бекітілді:



Білгірлер бәйгесі (415 KB)

