№278 ОРТА МЕКТЕП

«Жаратылыстану – биология,география,химия» пәндері апталығы
Сыныптан тыс жұмыс
Жауапты: Теңізбаева Гүлсезім
Өткізілетін орны: Кітапхана
Уақыты: 15:00
Қатысатын сыныптар: 6,7,8
Қызылорда,2016 ж
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: « Білгір биологтар».
Мақсаты: оқушылардың биология пәнінен білгірліктерін анықтап, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: сайыс.
Барысы:
Сайыстың кезеңдері:
І. Таныстыру.
ІІ. Білім бәйгесі.
ІІІ. Ғажайып ұяшықтар
ІҮ. Ең... ең... ең...
Ү. « Біз табиғаттың бір бөлшегіміз»СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІМЕН БІРГЕ КӨРІНІС КӨРСЕТУ
ҮІ. Қорытынды.
Тренинг.
«Мен саған тілеймін...».әр топ бір-біріне тілек тілейді
І. Таныстыру.
Қатысушы 6,7,8 - сыныптар өз топтарымен таныстырады.
ІІ. Білім бәйгесі.
Білімнен емеспіз кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз елде біз.
Сақадай сай болса өрендер,
Ендеше басталар бәйгеміз.
Әр топқа 20 сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
6-сынып
1.Өсімдік ұлпаларының түрлері(түзуші,негізгі,жабын,тірек,өткізгіш,бөліп шығарушы)
2. Жабын ұлпа қандай бөліктерден тұрады? (өң, тоз,қыртыс)
3. Микроскоптың ең негізгі бөлігі (көру түтігі)
4. Даражарнақтылар тұқымының құрылысы (қабығы, бір жарнағы, эндосперм, ұрық)
5.Тұқымның өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет?(ылғал, жылу, ауа)
6. Жапырақ тақтасының пішіндері (бүйрек тәрізді, жебе тәрізді, ромб, ине )
7. Сабақтың ішкі құрылысы (қабық, камбий, сүрек, өзек)
8. Гүл бөлімдерін ата? (гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталықпен аналықтан тұрады)
9. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым(Навашин)
10. Жемістер қаншаға бөлінеді?(2)
11.Таңқураймен бүлдірген қандай жеміске жатады,(көп сүйекті жинақталған жеміс)
12. Тыңайтқыштар қанша топқа бөлінеді?( 2)
13. Хламидомонада, хлорелла қай балдырға жатады?( жасыл балдыр)
14. Мүктерді зерттейтін ғылым (бриология)
15. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі (шоқпарбас плаун)
16. Қырықбуынның көбеюі (вегетативті жынысты және жыныссыз)
17. Өте баяу өсетін тау өсімдігі (жатаған шырша)
18.Қылшадан алынатын дәрі (эфедрин)
19. Баклажанның жабайы түрі қай елде өседі? ( Үндістан)
20. Бұршақ тұқымдасының улы түрі (тентекмия)
7-сынып
1.Қарапайымдылар қалай тыныс алады? Бүкіл денесімен
2.Маржандар қайда мекендейді? Теңіздерде
3.Гидраның энтодермасынан қандай жасушалар дамиды?асқорыту жасушалары
4. Кез-келген жануардың сыртқы ортада болатын түрлі әсерлерге белгілі бір әрекет ретінде жауап беруі (тітіркендіргіштік)
5.Қолайсыз жағдайларды қорғайтын қабықша (циста)
6. Сүйекті шеміршекті, қанды, майды түзететін ұлпа (дәнекер
7Қай балықта торсылдақ болмайды?жұпбалықта
8 Балықтарда қанша қанайналым жүйесі бар? 2
9Өкпесімен тынысалатын болсада кит құрлықта неге өліп қалады ? Шөлдегендіктен
10.Ең ірі сүтқоректі көк кит
11Тритон қандай қосмекендіге жатады? Құйрықты
12. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің денесіндегі су, газ өтпейтін қатты қабықша ( хитин)
13. Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар (бір жасушалар)
14 Жасыл эвглена НЕНІҢ көмегімен қозғалады? (талшық)
15. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген орыс ғалымы ? А.О.Ковалевский зерттеді
16 Балықта судың ағу бағыты мен қысымын ненің жәрдемімен анықтайды? Бүйір сызығы
17. Ядросыз жасушалар тобы қалай аталады? Прокариот
18 Дәрі алынатын саңырауқұлақ. Пеницил
19 Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты. 1978
20 Жасушада болатын желім тәрізді созылмалы қоймалжын зат. ЦИТОПЛАЗМА
8-сынып
1. Ұлпа қанша топқа бөлінеді (4)
2.Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты не деп атаймыз?(гормондар)
3.Гипофиз, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болатын ауру (ергежейлік)
4.Көздері бадырайып, шарасынан алға қарай шығып тұруын қандай ауру деп атаймыз? (базедов немесе бадырақ көз)
5.Нейронның ұзын өсіндісі (аксон)
6.Мидың орташа салмағы (1300-1400)
7.Сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында орналасқан (мишық)
8.Нейронның қысқа өсіндісі (дендрит)
9.Шартты рефлексті ашқан ғалым (И.П.Павлов)
10.Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік (қарашық)
11.Көз ауруын емдейтін дәрігер (окулист)
12.Ересек адамдардың қаңқасында қанша сүйек бар (200)
13. Д витамині жетіспеушілігінен жас балаларда болатын қай ауру? /мешел/
14. Цитология пәні нені зерттейді? / жасушаны/
15.Қан қысымын өлшейтін құрал(тонометр)
16.Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы(6000-7500)
17.Ұзындығы 25см – дей іші қуыс бұлшықетті мүше (өңеш )
18.Тістің негізгі бөлігін құрайтын зат (дентин)
19. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
20. Арқа омыртқаларының саны: 12

ІІІ. Ғажайып ұяшықтар.
Ел үшін қиналмас өзекті ер,
Етеді еңбегін төгіп тер.
Білімнің танытар ғажабын,
Ғажайып ұяшықтарға кезек бер.
Биология ғалымдары 10.
“ Мен ұлым екеуміз, өсімдік жасушасын зеттеуде үлкен мүмкіндік жасап,микроскоп ойлап таптық.„
Сұрақ: Менің аты- жөнімді , тегімді білесің бе?
1590 - 1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты.
Биология ғалымдары 20
Адам мен өсімдіктер және жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар. Ауру тудыратын бактерия ауада, суда, тағамда тіршілік етеді. Адамның өкпесіндегі туберкулез ауруын тудыратын бактериямын
Сұрақ:. Аты- жөнім кім?
Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Биология ғалымдары 30.
Мен жануарларды жеке -жеке топтап ажырату үшін оларды: түрге→ туысқа→ тұқымдасқа → отрядқа → классқа → типке→ жануарлар дүниесіне жіктедім .
Сұрақ: Менің өмір сүрген жылдарымды және аты- жөнімді білесің бе?
Карл Линней, Carl von Linné (1707-1778) - тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы
Биология ғалымдары 40.
Мен дүние жүзінің 52 елін аралап шықтым.Мәдени өсімдіктерді зерттеп мәдени өсімдіктердің жеті орталықтарын аштым.
Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық.
Шығыс Азиялық орталық .
Оңтүстік батыс Азиялық орталық.
Жерорта теңіздік орталық.
Абиссиналық орталық .
Орталық Америкалық орталық .
Оңтүстік Америкалық орталық.
Сұрақ: Менің аты - жөнімді білесіңбе?
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкадамәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Биология ғалымдары 50.
1863 жылы баспадан кітап болып шыққан «Ми рефлекстері» ғылыми еңбектің авторы
жауапИ.М. Сеченов
Аңыздар 10.
Тау перілері бұл гүлді күні - түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен.Тек шынайы сүйген адамдарға бұл гүлді сыйлыққа береді..
Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік.
Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы.
Альпинисттер сайысында жүлдеге гүлдің алтын мүсіңімен марапаттайды.
Жауабы: Эдельвейс – еңлікгүл
Аңыздар 20.
Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен. Ол өзін - өзі өте жақсы көрген. Сондықтан оған халқы мынадай қатал жаза берген. «Бұл жігіт өлгенге дейін ұдайы өзінің судағы суретін қарап отырсын!». Ол бұл жазаға шыдай алмай бір күні өз - өзіне қол жұмсап дүниеден қайтыпты. Оның аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіпті, сол гүлге жігіттін атын беріпті. Бұл қандай гүл? Жауабы: Нарцисс
Аңыздар 30.
Латынша атауы Galaktus (Gala-сүт, Aktus- гүл)-сүттей ақ.
Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристаллдары гүлге айналыпты. Осыдан гүл “Үміт символы” болып саналады.Дара жарнақтылар класына жататын, Эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік.
Жауабы: Бәйшешек
Аңыздар 40.
Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде
халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінмен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды. Жауабы: Адыраспан /Гармала, Могильник/.
Аңыздар 50.
Ел ауған “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде Төле би қасиетті жұртын қимай,үйін жықпай елінде жалғыз қалыпты. Жоңғар басшысы айдалада қалған жалғыз үйді көріп неге көшпегенін сұрайды.
Сонда: Төле би – Шаңырағыма бір бейкүнә құс ұя салып еді, ол құс жер бетінде топан су болғанда Нұһ пайғамбарымыздың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып,балапандарын сарнатып кете алмадым депті.
Жауабы: Қарлығаш.
Ғажайып ұяшықтар
Өсімдік сыры 10.
Шырынды жемістер қалай бөлінеді?
Жауабы: жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды
Өсімдік сыры 20.
Мүктерді зерттейтін ғылымды не деп атаймыз?
Жауабы: брилогия
Өсімдік сыры 30.
Вакуольдың қызметі
Жауабы: Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді
Өсімдік сыры 40.
Қоңыр балдырларды ата
Жауабы: ламинария, саргассум
Өсімдік сыры 50.
Қосжарнақты тұқымның құрылысын түсіндір
.
Қосжарнақты тұқымның құрылысы
Жауабы:



Екі жарнағы
Қабығы
Ұрығы



Алғашқы тамырша
Алғашқы сабақша
бүршікше
Жұмбақ жануар 10.
Жорғалаушылар класына жататын , жүрегі төрт қуысты, ұзындығы 3 метр,салмағы 140 кг, ең үлкен қосмекендіні атаңдар. Жауабы: қолтырауын.
Жұмбақ жануар 20.
Жыртқыш құс. Балық, кеміргіштермен қоректенеді. Жауабы: үкі.
Жұмбақ жануар 30.
Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Бұл қандай құс? Жауабы: қораз.
Жұмбақ жануар 40.
Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар.Тұщы су қоймаларында мекендейді. Жауабы: кірпікшелі кебісше.
Жұмбақ жануар 50.
Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі:
Жауабы: Демтүтік
ІҮ. Ең, ең, ең...
Білімді тұрады жарасып,
Болашақ әлемге жол ашып.
Дарынды мекенін танытар,
Ең,ең,ең кезеңі жол ашық.
6-сынып
Ең ірі жеміс / асқабақ/
Ең кішкентай құс /колибри/
Күнге тура қарай алатын құс / бүркіт/
Ең тез өсетін өсімдік / бамбук/
Ең ұзақ өмір сүретін құс / қарға
Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия
Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия
Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
7-сынып
Ең алып жылан /анаконда/
Ең құрметті құс / ақбас бүркіт/
Ең алып жануар / көк кит/
Ең ірі бақа / голиаф
Ең алып қосмекенді / саламандра/
Әлемдегі ең ескі тау-Орал тауы(ұзындығы 2,5 мың км)
Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
8-сынып
1. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
2.Ең алып орман тұяқтысы / бұғы/
3,Ең әдемі құстар / жұмақ құстары/
4.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш / секвоия 100 м
5. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
6. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
7 Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс-Ителгі (200 км/с)
8 Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
9. Әлемдегі ең ежелгі өсімдік-Каучик ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)
Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)
Ең алып пингвин / император пингвині/
Ү. Біз табиғаттың бір бөлшегіміз.
6 – сынып өздерін өсімдіктерге ұқсатады, 7 - сынып жануарларға ұқсатады, 8 – сынып табиғаттың бір құбылысына немесе қоршаған ортадағы табиғат бөлшектеріне ұқсатып көрініс көрсетеді
ҮІ. Қорытынды.
Білімнің қырларын жүйелеп,
Ғылымның сырын біз ұғайық,
“Білгір биологтар” атанып,
Жеңістің шыңына шығайық.


"Білгір биологтар" сайысы (120.5 KB)

