Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  6 класс  /  Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Ендеше, белгісіздік есімдігі дегеніміз затты, сындық белгіні, сан – мөлшерді белгісіз етіп, жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады.

Белгісіздік есімдіктеріне мына сөздер жатады.

Белгісіздік есімдігі

Біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне,әлдекім, әлдене, кімде-кім, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан.

(деген сөздер жатады).

Белгісіздік есімдіктерімен таныстырған соң, олардың көбі екі түбірден құралған біріккен сөздер екені аңғартылады. Олар түбір тұлғаларын сақтай біріккендігі айтылады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:

1.Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері басқа есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т.б.) тіркескенде, бірге жазылады да басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен) тіркескенде бөлек жазылады.

Мысалы: Әркім өз міндетін атқарсын.

Әр мезгілдің өзіне лайықты ісі бар.

2.Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады.

3.Қайсыбір, кейбір,әр, әрбір, қайбір деген сөздер сын есім орнына жұмсалады.

4.Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

5.Әлденеше, бірнеше, біраз, әлденешеу есімдіктері сан есім орнына жұмсалып, анықтауыш болады.

Мысалы: Қарғалар шөп арасынан әлдеқандай аңды қуып жүр.

Бірнеше күн қар аралас бұршақ жауды.

Әрқашан осы ұстаған бағытыңнан айрылма. (сен).

Сөйтіп, белгісіздік есімдіктері сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқарады.

13.01.2018

Содержимое разработки

Күні: 22.12.2017ж.

Сынып: 6 «А»

Пән: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Белгісіздік есімдігі

Мақсаты:

Білімділік: Белгісіздік есімдіктерді түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлері жөніндегі білімдерін тиянақтау

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік: Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға,

ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет











































Жұмбақтар


Жеп көріп ем өзін мен , Жас шығарды көзімнен (пияз)

Мен әдемі моншақпын, Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас, Мендей мөлдір таба алмас (шық)

Ол күнді күзетеді, Күн оны күзетеді (күнбағыс)

Ол келсе, орман шулайды, Толқып теңіз тулайды.

Қуса өзін қуады, Ешкім оны қумайды. (Жел)

Өзін көзің көрмейді, Барлық тілде сөйлейді.

Сен мен десең, мен дейді, Сен кел десең, келмейді (Жаңғырық)


Мәтінмен жұмыс

Бұғы ана туралы ғажайып ертегі

Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тыңдағысы келіп еді. Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін. Бірақ бала атасын мазалағысы келмеді. Атасынан жаттап алған сыбырлап айта бастады. Бұл баяғыда болған хикая. Сол ерте заманда суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста Сібір дейтін жрде ағатын көрінеді. Осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды, жағасын әр алуан ел жайлапты.

Тапсырма.

  1. Берілген мәтіннен есімдіктерді тапқызу. Есімдіктің қай түріне жатады?




2. Морфологиялық талдау.

Бұл ертегіні айтуды Момын атаның өзі де жақсы көретін.

3.Жаңылтпаштарды оқып, құрамындағы есімдіктерді тауып, түріне ажыратыңыз.

1. Үш кіші ішік піштім

Бес кіші ішік піштім

Неше кеше ішік піштім?!

2. Шеше, кеше, неше есе кесе көп алдыңыз.

Шеше, кеше неше есе кем алдыңыз?!

3. Менің нем кем деп ең,

Бер үйді ең кең деген.

Бер үйді ең кең деген

Менің нем кем деп ең?!


4. Берілген сұрау, сілтеу есімдіктерін құрастырып сөйлем құраңыз.

Міне, мынау, қанша, бұл, кім, осы, қайда, әне

Үлгі: Міне, біздің үйіміздің төбесі көріне бастады.




Есімдіктердің түрлеріне қарай ажыратыңыз

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау есімдігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Олар

Мыналар

Біздің

Қайда

Әне

Сені

Осынау

Қалай

Сіздер

Нешінші

Міне

Нешеу





-75%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Белгісіздік есімдігі (63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт