А. ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 ОРТА МЕКТЕП
АШЫҚ САБАҚ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: БАСКЕТБОЛ
«ДОПТЫ ЖҰЛЫП АЛУ ЖӘНЕ ҰРЫП ЖІБЕРУ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: БЕГАЛИЕВ М.К.
БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ 2011 ЖЫЛ
Бекітемін: Мерзімі: 16.02.2011 ж.
Оқу ісінің меңгерушісі: Уақыты: 15-45
_________Бердекеева М.А. Өтілетін орны: Спорт зал
«____»______2011 жыл Пәні: Дене тәрбиесі
Сыныбы: 8 «А»
1.Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. «Допты жұлып алу және ұрып жіберу»
2. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: допты жұлып алу және ұрып
жіберудің әдіс тәсілдерін үйрету.
ә) дамытушылығы: допты жылдам жұлып және
шапшаң ұрып түсіруге үйретіп дамыту.
б) тәрбиелігі: оқушыларды ұжымдылыққа,
ептілікке, батылдылыққа,күштілікке,
тәртіптілікке тәрбиелеп баулу.
3. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
4. Сабақтың түрі: аралас сабақ
5.Сабақтың әдісі: жекелей, топтық, түсіндіру, көрсету және ойын.
6.Құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, баскетбол доптары,
2 кг-қ ауыр доптар.
7.Сабақтың барысы: 1.Дайындық бөлім : 10-15м
2. Негізгі бөлім : 20-25м
3.Қорытынды бөлім: 3-5м
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Бегалиев Мұхаммед-Әли Каналбекұлы.
Сабақ бөлімі | Сабақтың мазмұны
| Уақыт өлшемі | Әдістемелік нұсқаулар |
I
II III
IV V | Дайындық бөлім: Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу түгелдеу, сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру. Орында бұрылу жаттығулары: оңға, солға, кері. Жеңіл жүгіріс 1) Айналма жүгіріс, 2) Жылан тәрізді жүгіріс, 3) Сегіз санын жасап жүгіру. 4) Дем басу. Жүгіру үстінде орындалатын арнайы жаттығулар: а) тізені жоғары көтеріп жүгіру, ә) аяқты артқа сермеп, б) аяқты алға сермеп, в) оң жақ, сол жақ жанымен секіріп, г) тізені алма кезек жоғары көтеріп, д) адымдап секіру, ж) жылдамдықпен жүгіру, з) дем басу. Орнында 2 кг-қ доппен жекелей және екеу ара жасалатын жаттығу-лар: 1.Б.Қ аяқ иық көлемінде, допты екі қолмен алда төмен ұстаймыз Сқ 1 иықты тең көтереміз, Сқ 2.иықты түсіреміз, Сқ 3-4 т.с.с қайталаймыз. 2.Б.Қ аяқ иық көлемінде допты кеуде тұсына ұстаймыз Сқ 1 допты жоғары тең көтереміз, Сқ 2 допты кеудеге түсіреміз Сқ 3-4 т.с.с қайталаймыз.
3. Б.Қ аяқ иық көлемінде, доп желкеде Сқ 1-2 денемізді оңға бұрамыз, Сқ 3-4 денемізді солға бұрамыз.
Жұптасып екеу ара ауыр доппен жаттығулар орындау.
4.Саусақ және білек буындарын қыздыру.
5.Б.Қ аяқ иық көлемінде, допты кеуде тұсына ұстаймыз. Қарама- қарсы допты кеудеден беру.
6.Допты оң және сол қолмен кеуде тұстан беру.
7.Допты орнында отырып кеуде тұстан секіріп беру.
Негізгі бөлім: Баскетбол. «Допты жұлып алу және ұрып жіберу»
1) Қарама-қарсы ойыншылар бір-біріне 1,5-2м ара қашықтықта екі қатарға тұрады. Бірінші нөмірдегі ойыншылар қолдарындағы доптарын орындарында айдап тұрады. Белгі бойынша допсыз тұрған ойыншылар, жәй жүгіріспен келіп қарсыластары-ның добын қағып немесе жұлып алулары қажет.
2) Бір-біріне ойыншылар қарама-қарсы жұптасып тұрады. Добы бар ойыншылар қорғанушыларға допты айдап келеді, осы сәтте қорғанушылар допты қарсыластарынан жұлып немесе ұрып жіберуі керек.
3) Бір-біріне қарама-қарсы ойыншылар бірдей уақытта допты ұстап тұрады. Белгі бойынша 3-5 с ішінде допты бірінің қолынан бірі жұлып алу керек.Бұл жаттығуды қатармен жарыс түрінде де, өткізуге болады.
4) Екеу ара бірінің артынан бірі жұптасып қабырғаға 1,5-2м ара қашықтықта тұру. Алда шабуылшы, ал артта қорғанушы тұрады. Шабуылшы допты қабырғаға екі қолмен кеудеден лақтырып, кейін қайтқан допты қағып алып, кері бұрылыс жасайды. Осы сәтті қорғанушы пайдаланып, допты шабуылшы- ның қолынан жұлып алуы керек.
5) Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Үш топ залдың жанындағы баскетбол қалқанына қарама-қарсы доппен сапқа тұрады. Үш қалқаншаның алдында бір –бірден қорғаушыдан болады. Белгі бойынша шабуылшылар допты айдап келіп, қорғаушыны алдап өтіп қалқаншадағы шеңбершеге салу керек. Осыдан кейін шабуылшымен, қорғанушы орындарын алмастырады. Жаттығу осылай кезекпен жалғаса береді.
6) Үш жақты баскетбол ойыны. Ойынға әрқайсысында 5 адамы бар үш команда қатысады. Екі команда алаңның екі жағында қорғаныста тұрады, ал үшіншісі ортадан қалқандардың біріне шабуылды бастайды. Егер ол допты себетке түсірудің ретін келтіре алса, бұл команда келесі қалқанға шабуылдау құқына ие болады.Егер допты жерге түсіріп алса немесе оны қорғаушылар алып қойса, шабуылдаушы команда қорғанысқа өтіп, допқа ие болған команда қарсы қалқанға шабуылдайды. Ал доптан айырылып қалған команда қорғанысқа тұрады.
Қорытынды бөлім:
Сапқа тұру, оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіру, жаттығулардың әдіс- тәсілдерін жақсы орындаған, ойнаған оқушыларды мақтап бағалау. Үйге тапсырма беру.
|
10-15м 1м.
30с
2м
3-4р.қ.
15-20 метр
1м.30с.
8-10м
7-8р
|
Ара қашықтықты сақтау. Спорттық киіміне мән беру. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Нақты дұрыс бұрылуына назар аудару.
Терең демалып ,дем шығару.
Барлық жаттығуларды аяқтың ұшымен орындау.
Барынша тізені жоғары. Өкшені алақанға тигізу. Аяқты 45 қа көтеру. Иықты толық айналдыру. Барынша жоғары секіру. Аяқтан аяққа секіру. Бар екпінмен жүгіру. Терең дем алып, дем шығару.
Дене тік, иықты көтер- генде, өкшені бірге көтеріп түсіреміз.
|
VI
VII
| 7-8р
7-8р
3-4метр 7-8р 2қайтара
15-16р
15-16р
7-8р
20-25м
3м
3м
3м
3м 3м 8-10м 3-5м |
Дене тік, қолды барынша аяқтың ұшымен көтеріле созамыз.
Аяқ орнынан қозғал- майды, денені барынша бұрамыз.
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Денені тік ұстаймыз.
Допты берерде қол алға түзу созылып, тізе сәл бүгіледі.
Допты берерде денені сәл оңға және солға бұру тізені бүгіп.
Кеуде тік, аяқтың ұшымен секіру.
Техникалық қауіпсіздік және ойын ережесін қатаң сақтау.
Допты қолдан жұлып немесе ұрып жіберу барысында ойыншылар қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс.
Добы бар ойыншылар қарсыластарына кедергі жасауы керек.
Белгіленген уақыт ішінде ыңғайлы оң және сол жағымен тез, жылдам бұрыла тарту.
Допқа таласу барысында орнынан жүріп кетуге болмайды және тек ыңғайлы бір аяғын ғана қозғауы қажет.
Қорғанушылар қарсылас- тарына кедергі жасауы керек.Кедергі жасау барысында шабуылшыны итеруге, соғуға болмайды. Тек ғана допты жылдам ұстап тартып қалуға және тез,шапшаң ұрып жіберуге болады.
Баскетбол ойынын жеребе тарту арқылы ойнату. Техникалық қауіпсіздік және ойын ережесін қатаң сақтау.
Душ қабылдау, Ішке пресс, Кеудені көтеріп түсіру 20 реттен 3 қайтара. Отжимание 15реттен 3-4 қайтара қайталау.
|