САБАҚ: Баскетбол. Доппен жүру, және қозғалыста себетке допты тастау.
| Мектеп: №141 ЖББМ | ||||
Күні: 25. 10. 2018 | Мұғалімі Бейсембекова Бақытгүл | ||||
СЫНЫП: 6 «Ә» сыныбы | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Оқу мақсаттары: | 7.1.3.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау | ||||
Сабақ мақсаты: | Екі Барлық оқушылар үшін: допты алып жүруді үйренеді. Көптеген оқушылар үшін; допты алып жүре алады Кейбір оқушылар үшін: допты себетке тастай алады
| ||||
Күтілетін нәтиже | |||||
допты алып жүру техникасымен танысады, допты алып жүру кезіндегі жаттығу реттілігін біледі және себетке тастауды орындайды. | |||||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||||
Оқушылардың басым бөлігі допты алып жүру техникасын жақсы үйренеді, және себетке тастауды орындайды. | |||||
Кейбір оқушылар: | |||||
Ойын барысында допты алма кезек алып журе алады, орындау барысындағы дене, қол және аяқ қимылдарының үйлесімділігін анықтайды. | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: баскетбол ойынының ережесін түсіндіре алады, ойын кезіндегі қателіктерді және допты алып жүрудегі қателіктерін түзете алады. | ||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: баскетбол, алма-кезек, баскетболшы тұрысы, жаттығу реттілігі. | |||||
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: Баскетбол ойынынң ерекшеліктерін ата; Баскетбол ойыны негізгі отаны? Допты алып жүрудің оңай түрі қандай? Баскетбол ойыны қандай дене қабілетін дамытады?
| |||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||
Қызығушылық ояту |
1) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен олардың көңіл-күйлерін сұрау. Ынтымақтастық атмосферасы. «Менің жақсы қасиеттерім». Әр оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін атап өтеді.Саптық жаттығулар және дене қыздыру және жалпы дамыту жаттығуларын жасатамын.
2) Оқушыларды санақ санау арқылы топқа бөлу. 2- топқа. Мысалы: 1, 2 (Сникерс, кит-кат) 3) Бір –біріне қарама қарсы тұрып, допты жоғарыдан беру және төменнен беру түрлері. 4) Допты сегіздік тәсілмен алу жаттығуларын орындау.
|
түрлі-түсті стикерлер
баскетбол добы ысқырық
| |||
Мағынаны тану
| Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру мақсатында «20 секунд» стратегиясы. Баскетбол ойынынң допты алып жүруге байланысты сұрақтар қою, мысалы,
және ойлануға 20 секунд уақыт беру. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілеттерін дамытады. Бағалау: 2 топ бір-біріне қарап бағалайды. Тәжірибелік тапсырмалар: 1-қадам «Білу»
2-қадам «Түсіну» Бір қолмен допты алып жүруді түсінеді. 3-қадам «Себетке тастау» Ойын барысында үйренгенін қолдана біледі. 4-қадам «Баға беру» Ойын барысында ойында қалай қолданғандарына байланысты әр топ бір-біріне баға береді. 3) Саралау тапсырмалары: Баскетбол ойынының ережелерін толық білмеген оқушыларға: Интернет желісінен қосымша ақпараттар қарастыру; Допты алып жүру техникасы төмен оқушыларды алып жүру техникасы жоғары оқушылармен жұптастырып, қайта орындату және бір-біріне кері байланыс беру.
Бағалау критерийлері: А. допты алып жүру техникасын өте жақсы орындағандарға жүрекше стикер қолданамын. В. Екі қолмен кезек допты алып жүру және орындау барысындағы дене, қол және аяқ қимылдарының жақсы орындағандарға стикер қолданамын.
|
Түрлі түсті қағаздар
| |||
Рефлексия.
| «Үш К және Ә» стратегиясы арқылы оқушылармен кері байланыс орнату. Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет. |
Ватман |
№ 141 жалпы білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Баскетбол
« Доппен жүру, және қозғалыста себетке допты тастау»
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бейсембекова Б.Т