Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  4 класс  /  «Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы

«Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы

«Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы. Мәтінмен жұмыс. 4 сыныпқа арналған ҚМЖ

11.01.2019

Содержимое разработки

САБАҚ:

«Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы

Мектеп: №30

Күні:

Мұғалімнің есімі: Зейноллина Ұлжан

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу,мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.2 – мәтін соңында берілген жұмбаққа қарап, «Балмұздақ» туралы жұмбақ құрастырып жазу

2.3.3.1 – шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мәтінді оқып, оқулықта берілген тапсырмалары орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Автормен танысу кезінде сұрақтарға жауап беріп, мәтін соңында берілген жұмбаққа қарап, «Балмұздақ» туралы жұмбақ құрастырып жаза алады.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтіннің мазмұнын айтып, сұрақтарға толық жауап беріп, қосымша ақпарат бере алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тындаушылардың назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, автор суреті, стикер, бейнематериал.

Әдіс- тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, кері баланыс, ойын.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы





I.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме оқушылар?

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба көк аспан.

Амансың ба достарым,

Сабағымызды бастайық,

Жамандықты тастайық!

II. Психологиялық ахуал

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),

Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),

Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),

Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),

Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),

Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),

Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),

III. Үй тапсырмасын сұрау

1. Мәтінді мазмұндау.

2. Әскербектің әкесіне өз ойын жазған хатты оқу.

3. Сұрақтар дайындап, екі топқа қою














Сабақтын ортасы


IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жұмбақты шешу:

Ұнатары баланың-

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын. (Балмұздақ)

  • Дұрыс айтасындар бүгінгі тақырыбымыз балмұздақ туралы болмақ.

  • Балалар, балмұздақ туралы не білеміз?

  • Балмұздақ қалай жасалады?

  • Жақсы, балмұздақты толық біліп кетейік экранға назар аударайық.(видео көрсету)

V. Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын автормен таныс болайық.

Ермек Өтетілеуов – 1938 жылы 1 қаңтарда қазіргі Астана қаласында туған. 1957 жылы алматыдағы Абай атындағы педагогтік институттың филология факультетіне түсіп, кейін орыс тілі мен әдебиеті мамандығын алып шығады. Ол «Шамшырақ нұры», «Балдырған», «Жазушы», «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарады. «Өсіп келе жатырмыз» өлеңдер жинағы «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы т.б. кітаптары бар

  • Барлығымыз оқулығымыздың 146-147 беттерін ашайық «Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы. Мен қазір бір рет оқыймын, барлығымыз зер салып тыңдайық!

  • Оқушыларға бөлімдерге бөліп бөліп оқытқызу

VI. Сергіту сәті.

Апам үшін күнде мен, (әндете)

Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)

Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)

Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)

Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)

Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)

Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)

Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

VIII. Мәтіннің соңында берілген тапсырмалар:

«Мені тауып көр» ойынын ойнайық. Мына үйде 6 қонжық жасырынып отыр. Қане бірге тауып көрейік.

5 қонжықты таптық, енді соңғы қонжықты табу үшін, моржада жатқан кілтті алып, сураққа жауап берейік.

1. Балалар не тауып алды?

2. Мирас не істеді?

3. Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?

4. Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң не істер едің?


Балмұздақ суреті









АКТ





Автор суреті



























Қонжықтар жасырылған үй суреті





Қорытынды

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

VIII. Үй тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау.«Балмұздақ» туралы жұмбақтар құрастырып жазып келіңдер.

IX. Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа стикерлер таратылады да сол бойынша оқушы бағаланады.

Баспалдақ суреті, стикерлер

Пән мұғалімі: Бекбатырова.Н.Б

Машықкер: Зейноллина Ұлжан







-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Балмұздақ» Ермек Өтетілеуұлы (55.2 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт