Құрметті !
Асыл жанды Аналар! ! !
Сіздерді көктемнің ерекше мерекесі 8- Наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт , еңбектеріңізге жеміс, балаларыңыздың қызығын қызықтап, қартаймай жүре беріңіздер. Жылдың әр күні сіздерге және сіздердің жанұяныңызға тек қана жақсылықпен игілік әкелсін.
Ән: «Ақ мамам»
Дария:
Тентек болсам , ашынып,
Жақсы іс қылсам , асырып,
Маған сақтап жүреді
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.
Санжар:
Тау қопарып тасты үйіп,
Тұрғыздың сен не қала.
Саған қандай жақсылық,
Жасай алам, мен ана.
Айгерим:
Аялаған анамыз-
Саялаған панамыз.
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.
Ана біздің күніміз.
Ананың біз гүліміз.
Ұланды ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.
Жангүлім:
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамз біз бүгін,
Қырдың қызыл шоқ гүлін .
Адия:
Мамам, менің ақ мамам,
Менсіз таны атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
Қара сөз: «Ана».
Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін,ананың айналып –толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен- ақ , сенің ең бір жақының,
ең бір досың,ең бір ұстазың бар. Ол- ана: қара жерді баспай жатып,
есіңді білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай жылап сенің іздейтінің- Ана. Сен жан болып дүниеге келдің.
Сенің іздейтінің бір- ақ жан. Ол- Ана. Ол бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен.Сондықтан да сен бір- ақ жанды білесің.
Ол- Ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен- ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек , тасымайтын қан, сезбейтін сезім болмауға
мүмкін емес.
Ән: «АНА
1. Ана өмір шырағы,
Ана өмір бұлаға.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Анамыздың бұл әні.
2. Гүлді өмірде мәуелі,
Нұрлы өмірде мәуелі.
Анамыздан тыңдадық,
Әсем әнді әуелі.
Әлди, әлди, әлди- ай,
Мәңгі өмір әуені.
Алихан:
Маму крепко поцелую
Обниму ее родную
Очень я ее люблю
Мадина:
Помагаю бабушке,
Я уже большой.
Улыбнулась бабушка,
И стала молодой.
Сайян:
Айналайын ақ мамам
Менің мамам жақсы адам
Бәрінен де сүйкімді.
Шыңғыс:
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Айтқан сөзді тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Гүлім:
Ана деген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсын ешқашан.
Санжар:
Ана деген ақылшың,
Ана барда батырсың.
Қасында кім болсада,
Тек анаңа жақсысың.
Шахназ:
Әжем келді ауылдан,
Алақай- ау алақай.
Әже бары жақсы ғой,
Қуанышты балақай.
Ән: «Қошақаным».
1. Жазда апамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.
Қайырмасы.
Ақ маңдайлы ай мекен, Шекер мекен бал мекен. Кетім оны сағынып, Қошақаным қайда екен.
2. Апам оған су берді,
Атам оған дем берді.
Қошқаным тойып ап,
Тастан тасқа секірді.
Ердос:
Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіңді.
Тимур Казес:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Арғынғазы:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Айнат:
Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқырап жүреміз.
Үлкенді сыйлаймыз,
Айтқанды тыңдаймыз.
Әмір:
Я подарок маме,
Начал рисовать.
Выглянула сольнце,
И зовет гулять.
Елнар:
Айналайын, ана
Мерекеңмен!
Сыйлайыншы саған
Дала гүлін мен!
Ән: «Айналайын Ана».
Аян:
Ең қымбат гүл адамның,
Анаға айтар лебізі.
Жанаргүл:
Анамыздан тыңдадық,
Әсем әнді әуелі.
Әділжан:
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі – әжем.
Тимур:
Мен деп кірпік қақпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Ән: «Айгөйлек»
Ойын: Кім жылдам жинайды.
Сұрақ - жауап:(Ата- аналармен ойын).
1-ші билет: Мына жұмбақтың жауабын табыңыз.
Белең - белең, белең ат
Белі қайқы күрең ат
Таудан түссе, таймас ат
Талау тисе, өлмес ат
(құмырсқа)
2-ші билет: Мына мақал-мәтелдің жалғасын жалғастыр
Жаман аттан аяғым артық
Жаман достан таяғым артық
3-билет: Ана туралы бір өлең айтып беріңіз.
4- ші билет: Мына жаңылтпашты 3 рет оқып, жатқа тез-тез қайталап айтып беріңіз
Торта қойдым,
Орта қойдым
Орта қойдым
Торта қойдым
5-ші билет: Қара жорға биін билеп беріңіз.
6-шы билет: Көзіңізді байлап, көп баланың ішінен өз балаңызды табыңыз
Би: Қара жорға
«Глуховка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Балбөбек» шағын орталығы

Аналар мейрамына арналған ертеңгілік
Тәрбиеші: Жумадилова Ж.К
2014-2015оқу жылы

"Балбөбек" балабақшасындағы аналар мейрамы (66 KB)

