Балабақшада ойын арқылы қазақ тілін үйрету
Болашағы зор егеменді елімізідің өршіл талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқытуға, оның ішінде өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету ерекше мән берілуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі – жас ұрпаққа сапалы білім беру – оны қазіргі заманға сай білімді, жан дүниесін рухани бай етіп тәрбиелеу сияқты қиыны мен қызығы бірдей іс – педагогтар еншісінде.
Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі мекемелерге өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйрету өзекті мәселелердің бірі. Болашақ ұрпаққа оқыту және тәрбиелеуді қоғам мүддесіне үйлесімді түрде қайта құру міндеттері жүзеге асырылуда.
Мектепке дейінгі мекемеде орыс тілінде оқытып, тәрбиеленетін балаларға қазақ тілін оқыту мақсаты – балаларды қазақ тілінде ауыз-екі сөйлесе білуге үйрету, сөйлемдерді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына дұрыс түсініп, жауап беру тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балабақшада қазақ тілі сабағын тиімді жүргізу үшін сабақ жүйесінде ойындар қолданылады.
«Бөлбөбек» бағдарламасы негізінде «Ойын арқылы қазақ тілін үйрету» атты әдістемелік нұсқау шығарылды. Бұл әдістемелік нұсқауда бағдарламаның барлық бөлімдері қамтылған және ересектер тобына арналған перспиктивтік жоспар, сабақ жоспарлары, ойындар, санамақтар, жаттығулар, спецификалық дыбыстарды бекітуге арналған жаттығулар бар.
Әрбір сабақты өткізуде мұғалімнің шығармашылығы, әдіс тәсілдері тиімді пайдалануы, сабақты түрлендіріп ұйымдастыруда дидактикалық ойындарды қолдану, сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар қолдану балалардың қиялын шырықтатып, жеке басын дамыту үшін олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімнің көлемі мен сапасына назар аударылады. Білімді меңгеру үстінде баланың ойлау қабілеті ұшталады. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын, олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өздік ойлау жұмысы дами түседі.
Мысалы: «Ойыншықтар» тақырыбын өткенде «Кім қандай ойыншықтарды біледі?», «Керекті дыбыспен ойыншықты ата», «Жаңғырық» атты ойындар қолданылады. «Жануарлар» тақырыбын өткенде «Ненің дыбысы?», «Төлдерін ата», «Қайсысы артық» - атты ойындар қолданылады. Бұл ойындар барысында бала көзбен көріп, есте сақтау қабілетін дамытып, түр-түсін айыра білуге, сөздік қорын молайтып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айыра білуге үйренеді. Қазақ тіліндегі таныс ертегілерді сахналау арқылы балалардың тілі ғана дамып қоймай, қиялын дамытып, кейіпкердің эмоциясын, сезімін сезінеді.
Бұл жастағы бала тек еліктегіш, үлгі тұтатын нәрсенің бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді, бұл мұғаліміне еліктейді деген сөз. Сондықтан мұғалім сабақты әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастыра білгені жөн.
Қазақ тілі сабақтарында балалардың шаршап, жалықпауын қадағалау үшін ойын – тапсырмалар, оқылатын әдеби шығармалар олардың жас даму ерекшелігіне сәйкес болуы көзделеді.
Сабақтарда балаларды ұлттық салт – дәстүрлерімен таныстырып, мерекелерде іс жүзінде көрсетіледі.
Қазақ тілі сабағын ойын арқылы жүргізу адамгершілік мінез-қылықты қалыптастыруға ықпал етеді; сыпайы түрде сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қазақтың ұлы ғұламаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу, қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылықтарын арттыру ескеріледі. Беріліп отырған жұмыс балаға бағдарламаның мазмұнының терең үйренуге бағыт береді ойын және ойын тәсілдерін енгізіп мектепке дейінгілердің тілдерінде сөзді ойлап қолдануына мүмкіндік береді.

Балабақшада ойын арқылы қазақ тілін үйрету (13.54 KB)

