Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Классные часы  /  7 класс  /  Бала құқықтары туралы конвенция

Бала құқықтары туралы конвенция

Бала құқықтары туралы конвенция,Хаттама
14.01.2020

Содержимое разработки

Мектеп: Гродеково орта мектебі

Мұғалім: Ярашова Б.Т

Күні: 13.11.19 ж

Сынып : 7 «А»

Сабақтың тақырыбы

«Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» Дүниежүзілік сабақ

Сабақтың мақсаты

Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.Кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын анықтау

АКТ-ны қолдану дағдылары

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/компьютер, проектор, интерактивті қалам, фотоаппарат

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған сабақ кезеңі

Жоспарланған іс-әрекеттер

(мұғалімнің және оқушының іс әрекеті )

Ресурстар

Білімді өзектендіру


Сабақтың барысы:

 I Ұйымдастыру кезеңі



Сабақтың басы





























Сабақ ортасы


Қайырлы кеш балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» 2019 жыл. ҚР Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы, ратификациялануына 25 жыл.Конвенция әлемнің 195 елімен ратификацияланған.

13қараша «Бүгінгі шақ және болашақ» Дүниежүзілік сабақ

20 қараша Дүниежүзілік балалар күні
Есіңе сақта!

Ратификация - [лат. ratus - бекітілген, facere - жасау] - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құзыретті өкілдерінің өзара келісімімен қабылданған халықаралық келісімдер мен шарттарды бекітуі. Ратификация келісімдердің заңдық күшіне енуіне мүмкіндік береді

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

*Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

*Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; *Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

*Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

*Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

*Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

*Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

*Бала өз ойын еркін айтуға құқылы

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды:

Бала құқықтары туралы конвенция 1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты ,Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Есіңе сақта:Ешкімнің сені қорлауға құқы жоқбуллинг сенің достарыңның, отбасыңның, мектептегі балалардың немесе бөтен адамдардың тарапынан болуы мүмкін, қалай болған жағдайда да, ол дұрыс емес және бұлай болуға тиіс емесбуллингті тоқтатуға және өзіңді бағалауға үйренуге болады




























Қорытынды. 


Сен әрдайым 111 сенім телефонына қоңырау шалуыңа боладыБұл қызмет сондай-ақ «жедел желі» деп аталады. Мұнда саған қиындықтарыңмен күресуге көмектесу үшін арнайы адамдар жұмыс істейді. Сен кез келген уақытта үй немесе ұялы телефоннан 111 нөміріне қоңырау шала аласың – олар тәулік бойы жұмыс атқарады. Қоңырау шалған кезде, басыңнан қандай оқиға өтіп жатқанын баяндап бер, содан кейін олар саған әрі қарай не істеу керектігін айтып, кеңес береді. 






«Гродеково орта мектебі» КММ

ХАТТАМА


Гродеково ауылы                                                                              13.11.2019ж

Өткізілген жері:                                               Гродеково орта мектебі

Қатысқандар: 7 «А» сыныбы

Мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ы Каденұлы

2019 жыл – ҚР-ның Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы және ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы болып танылғандығына орай 2019 жылы 13 қараша күні «Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ өткізілді.

ТЫҢДАЛДЫ.

1.Мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ы Каденұлы:

БҰҰ бала құқықтары конвенциясы туралы жалпы түсінік беріп,
оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдетіп және өз құқықтарын қорғай білуге үйретті.

2.Сынып жетекші: Б.Т Ярашова

Конвенция –бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және элеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемелекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді.

Конвенция әлемнің 195 елімен ратификацияланғаны туралы мәлімет беріп, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді.

Сұрақ-жауап арқылы оқушылар пікірі тыңдалды.

Қорытынды:

-ҚР-ның Бала құқықтары туралы Конвенция оқушыға түсіндірілді.

- оқушылардың құқықтық білімдері тереңдетіліп, өз құқықтарын қорғай білуге үйренді

Сынып жетекші: Б.Т Ярашова

-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания основ финансовой грамотности в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бала құқықтары туралы конвенция (739.07 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт