|
Тәрбие сағаты
| Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: Толкимбекова Ш.С. |
| Сабақтың тақырыбы | «Бала құқығы – асыл қазына» | ||
| Сабақтың жалпы мақсаты | Білімділік:Құқық туралы түсінік беру.Қазақстан Респуб- ликасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау,құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Тәрбиелік: Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық салауаттылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тыңдау,сөйлеу мәде- ниетін дамыту,сөздік қорларын молайту.
| ||
| Әдіс-тәсілдер | Түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап,ойындар,мақал-мәтелдер.
| ||
| Көрнекіліктер | Суреттер,буклет,нақыл сөздер. | ||
| Топқа бөлу | Жалпы сыныппен жұмыс. | ||
| Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылар дөңгелене шаттық шеңберін құрып,сәттілік тілейді. Қайырлы күн досым, Қайырлы күн болсын! Жұма күнгі сабақ, Сәттілікке толсын!
| ||
| Қызығушылықты ояту | «Бәріміз бірге!» ойыны.(қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді) 1.Біздің мемлекет – ҚР. 2.Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 3.Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран,ту,елтаңба. 4.Елордамыз – Астана. 5.ҚР кім басқарады? – Президент. 6.ҚР Президенті кім? – Н.Ә.Назарбаев.
| ||
| Жаңа материалмен жұмыс
| Кіріспе әңгіме.
Қазақстан – өте бай,әдемі,көп ұлтты,ірі мемлекеттердің бірі. Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы.Қоғамның басты байлығы – адам.
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін,денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды.Ата Заңымыз 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Ал Ата Заңымыздан басқа 1989 жылдың 20-қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз қол қойды.
Конвенция дегеніміз – дүниежүзілік құжат.Бұл балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады.Біздің елімізде баланың негізгі құқықтары мен міндеттері;бала және жанұя;бала тәрбиесі,т.б. туралы Заңда қаралған. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. -Балалар,құқық бұзушылық,тәртіп бұзушылық дегеннің өзі қылмысқа апарып соғады. -Қандай бала тәртіп бұзады? -Ал тәртіпсіз бала деп,қандай баланы айтар едіңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады) Тәртіпті бала - сүйініш, төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді. Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай – шу. Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың. -Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек .
| ||
| Мағынаны тану
| «Біз неге құқылымыз?» сұрақ – жауап ойыны. 1.Құқық деген не? -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. 2.Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады. 3.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? -БҰҰ. 4.БҰҰ – ның мақсаты не?
-Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау. 5.БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады? -Бала құқығы туралы конвенция.Ол 1989 жылы 20-қара- шада қабылданды. 6.Бала болып кімдер саналады? -18 жасқа толмағандар бала болып саналады. 7.Құқық туралы Заңдарды қандай орган шығарады? -Парламент шығарады. 8.Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады? -Соғысып жатқан елдерде.
-Өте жақсы. Тағы да неге құқылымыз? 1.Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы. 2.Бала денсаулығын сақтауға,емдеуге құқылы. 3.Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы. 4.Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. 5.Бала білім алуға құқығы бар. Ата-ана балалары үшін білім беру түрін таңдауға құқылы. 6.Ата-аналарымен бірге өмір сүруге құқығы бар. 7.Балабақшаға келуге құқылы. 8.Демалуға,еркін ойнауға құқылы. 9.Өз тілінде сөйлеуге құқылы.
| ||
| Ой толғаныс | «Ой жалғау» ойыны. Ақырын жүріп .............(анық бас). Асыл тастан, ..................(өнер жастан). Ұрлық түбі ...................(қорлық). Заңның құрығы .............(бәрінен ұзын). Өш алғаннан гөрі ..........(кешірген жөн). Әдепті бала ....................(арлы бала). Әділ істің ........................(арты игі). Тәрбие ............................(отбасынан басталады).
| ||
| Қорытынды | Ата Заң – қорғанымыз. «Азамат жолы – ар жолы демекші, ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
1-оқушы: «Еңбек ет,еркін жүр» деген, «Асыр сап,ойнап күл»деген, Ата Заңым менің.
2-оқушы: Қорғасын аспан күнімді, Қолдасын бостандығымды, Ата Заңым менің.
3-оқушы: Тәуелсіз еркін ел бүгін, Талай жыл күткен теңдігім- Ата Заңым менің.
4-оқушы: Санама құйған таң нұрын, Бақытым,бағым,тағдырым- Ата Заңым менің.
| ||
| Үйге тапсырма | «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбына сурет салып келу.
| ||
| Кері байланыс | Құқық тәрбиесіне байланысты оқушылар бір-біріне тілектер жазып,мәуе ағашына жапсырады.
| ||

«Бала құқығы – асыл қазына» (19.64 KB)

