«Бала денсаулығы -әр үйдің қуанышы»
Әр пенденің алдындағы міндеттердің ең бастысы-өзінің өмірінің жалғасы болып табылатын саналы, салауатты және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Өсіп, өркендеп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығы-мемлекеттің басты көрсеткіші. Мектепке дейінгі мекемелер білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы болып табылады. Сондай мекеменің бірі- Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені комуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл мекемеде баланың денсаулығын сақтау мен оны нығайту ең бірінші кезекте тұр. Сонымен қатар Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені комуналдық мемлекеттік мекемесінде баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу, демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы сонымен қатар ұйқыдан кейінгі шынықтыру шараларының орны ерекше зор.
Балалар үнемі қозғалыста болғандықтан, олар шаршайды. Шаршағандықтан балалар демалып, тынығуы керек. Тынығудың бір түрі-ол ұйқы. Ұйықтаған кезде адамның ағзасы демалады. Егер бала дұрыс ұйықтамаса, оынң ағзасы толық тынықпай, баланың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сол себепті баланы белгілі бір уақытта ұйықтауға және ұйқыдан оятуға дағдыландырған жөн. Алайда ұйықтамас бұрын бала алаңсыз ойнап, таза ауада серуендегені дұрыс. Сол себепті де балабақшаның күн тәртібінде серуен мен түскі ұйқы енгізілген.
Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулар түрі көп. Олардың бірі төсекте орындалатын жаттығулар, ойын түріндегі жаттығулар мен массаждар және кілемше үстімен жүру. Аталған жаттығуларды дұрыс тандау және орындау баланың дене бітіміне, күні бойына сергек болып жүруіне әсер етеді. Бұл жаттығулар Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені комуналдық мемлекеттік мекемесінде күн сайын, түскі ұйқыдан кейінгі уақытта өткізіледі. Балалар жаттығуларды белсенділікпен, қызығушылықпен орындайды. Орындалған жаттығулар баланың көңіл-күйін көтереді, ақыл-ой қабілеттерін арттырады, өкпе пен жүрек қызметін жақсартады және бүкіл ағзаны шынықтырады. Жаттығуларды орындағаннан кейін балалар кілемшелер үстімен жүреді. Кілемше үстімен жүру балалардың аяқ бұлшық еттерін дамытады. Бұл шараларды өткізумен қатар балабақшада аяқты тұзды суға батырып, содан кейін құрғақ кілемше үстімен жүру және бетін, мойының, қолын білегіне дейін бөлме температурасындағы сумен жуу процедуралары жүргізіледі.
«Денсаулығы сәбидің-қуанышы әр үйдің» дегендей баланың денсаулығы мықты, ақыл-ойы дамыған болса бұдан асқан ата-анаға қуаныш жоқ. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Теңдік ауылындағы Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені комуналдық мемлекеттік мекемесі ата-аналардың жүзіне сол қуанышты сыйлау мақсатында жұмыс істеуде. Сол себепті балабақша ұжымы өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің дені сау, салауатты, саналы, білімді әрі тәрбиелі ұрпақ болуына тілектес.
Дуашева Арнагуль Калдановна
Теңдік ауылы
Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша
оқу-тәрбие кешені КММ тәрбиешісі


«Бала денсаулығы -әр үйдің қуанышы» (232.02 KB)

