Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Планирование  /  2 класс  /  Баяндама "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы"

Баяндама "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы"

Сын т?р?ысынан ойлау - ?з алдына с?ра?тар ?ойып ж?не олар?а ?немі жауап іздеу, ?р м?селеге байланысты ?з пікірін айтып, оны д?лелдей алу, сонымен ?атар бас?аларды? пікірлерін д?лірек ?арастыруды ж?не сол д?лелдемелерді? ?исынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау-адам ?міріні? бір саласы.

25.04.2017

Содержимое разработки

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 


Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Сонымен қатар, білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану-заман талабы. Педагогикалық технологияларды сипаттағанда олардың негізгі ерекшеліктері - қасиеттері, идеялары, оқу жүйесінде қолданылуы, тиімділігі мен нәтижелілігі негізге алынады. Іс жүзінде қолданылып жүрген көптеген педагогикалық технологиялар бар. Атап айтар болсақ, сын тұрғысынан ойлау, модульдік технология, ақпараттық коммуникативтік технология, ойын технологиясы және т.б.

Қазіргі таңдағы ең тиімді технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау технологияларын қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шынайы бағалау арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Аталмыш мақсатқа қол жеткізуі үшін ұстаздың өзі де сабақ барысында өзіне сыни көзқараспен қарауы тиіс. Себебі, сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Ол оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Себебі, адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

- Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.

Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады:

- ой қозғау;

- мағынаны ажырату;

- ой толғаныс.

І .Ой қозғау:

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу):

Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

ІІІ.Ой-толғаныс :

Бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.

Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады.

Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады”- деген. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель химии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Баяндама "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы" (17.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт