Ақтоғай ауданының
Жалпы білім беретін
«Балтасап негізгі мектебі»КММ
Балтасап ауылы.
Мектеп көшесі 4
Тел:41439
БҰЙРЫҚ 1-03/44
18.05. 2016 ж.
Оқушыларды
Ақтоғай ауылына бағыттау туралы
Ақтоғай ауданында Абай оқулары жарысы өткізілуі негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. 2016 жылдың 21 мамырында Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы мектепте өткізілетін «Абай оқулары» жарысына Балтасап негізгі мектебінен
2 сынып оқушысы Кәрібай Ералы
3 сынып оқушысы Жанай Әбілмансұр жіберілсін.
2.Оқушылардың барып қайтудағы жолдағы қауіпсіздігі Бастауыш сынып мұғалімі Кажмағамбетова Рауза Жатбековнаға жүктелсін.
Мектеп директоры: Х.Б. Адамов
Бұйрықпен таныстым:
Зал іші күздің жапырақтарымен көркемделген.Бір бұрышында алма ағашы жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп,
жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін «жұлдыз-ай»топ балаларының арасында «күз ханзадасымен ханшайымын»таңдап алмақпыз.Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Жүргізуші
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.
-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1. Таныстыру,
2.Өз өнері(би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)
3 Тақпақтар сайысы
4 Сән үлгісі
5 Ас мәзірі (Салат жасау) 1
6. Мақал – мәтелді жалғастыр
7. Конкурс
8. Пародия
9. Ханзада мен Ханшайым биі
10. Қол өнері.
Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен,ізетпенен танысуға
-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
1 кезең Таныстыру
Бүлдіршіндер көп-көп рахмет.сайыскерлерді ортаға шақырайық.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты.
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
ІІ-кезе ң «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
ІІІ-кезең Тақпақтар сайысы
1Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
2 Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
3 Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
4 Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
5Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі,
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
6Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
7Астық,жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
8Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
9Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз
10 Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық әділқазылардың бағасын алайық.
4-кезең
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған.
Ендігі кезекте аруларымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласына.- дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық
V-кезең «Ас мәзірі»
«Ас адамның арқауы »демекші келесі кезеңде үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін қорғап,оны тапсыру.
6-кезең
«Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз мақал – мәтел жалғастыру. Мақал-мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.
1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4 .Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
10.Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
. 12.Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)
7 кезең
КОНКУРС
8 кезең
ПАРОДИЯ
9 – кезең
Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сулулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз
Ердос
Енді әдемі шарттарымыздың бірі, Бал биі. Үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі балдың нағыз Ханзадасы мен Ханшасы екендерін көрсете білулері тиіс.
10 кезең
Қол өнері
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,
«Аяулы күз, алтын күз-2012» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңіпаздарын марапатайды.
Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Баяндама " Бастауышым- баспалдагым" (19.08 KB)

