Бекітемін......................2018ж
Пәні: география
Пән мұғалімі: Надирбекова Эльмира
Сыныбы: 6 «А»- 12.02.18ж; 6 «Ә»- 13.02.18ж
Сабақ №43
Сабақтың тақырыбы: Ауытқу амплитудасы ұғымы және ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Амплитуда ұғымы, ауа температурасының өзгеру себептері және тәуліктік орташа температураны анықтау жолдарымен танысу.
Дамытушылық: Амплитуданы анықтау, ауа райы температурасын өлшеу, есептеужұмыстарын жүргізу, график сызу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен жұмыс стей білуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Көрнекілігі: Атлас, карточкалар, сызбалар, ауа райы күнделігі.
Пәнаралық байланыс: химия, экология
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлету, сабаққа назарларын аудару.
Ой шақыру:
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Топ басшыларын жұмбақ шешу арқылы анықтау.
1. Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай
Бағыт берер бұлжытпай.
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады
(Темірқазық)
2. Күн мен түннің кеңдігін
Жер шарының ендігін
Қақ бөліп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердің белдігі
(Экватор)
3. Күзде шығыстан,
Қыста төбеден,
Көктемде батыстан көрінетін.
Шілдеде күн қасында боп,
Түнде жоғалатын не.
(Үркер)
ІІ. Үй тапсырмасы: Үй жұмысын қайталауға арналған тапсырмалар.
1 тапсырма:
Балалар біз өткен сабақтарда Жердің күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайлармен таныстық. Енді мына сұрақтарға карточкалармен жауап береміз. Көк карточка – 22 желтоқсан, қызыл карточка – 22 маусым, жасыл карточка – 21 наурыз, сары карточка – 23 қыркуйек.
Сұрақтар:
1. Солтүстік тропикте күн қашан дәл төбеде тұрады? - 22 маусым
2. Оңтүстік тропикте күн қашан дәл төбеде тұрады? - 22 желтоқсан
3. Қашан күн экваторда дәл төбеде тұрады? – 21 наурыз
4. Солтүстік жартышардағы ең ұзақ күн? - 22 маусым
5. Оңтүстік жартышардағы ең ұзақ түн? - 22 желтоқсан
6. Күзгі күн мен түннің теңелуі? - 23 қыркүйек
7. Оңтүстік жартышардағы полярық түн? - 22 маусым
8. Солтүстік жартышардағы полярық түн? - 22 желтоқсан
9. Екі жартышардағы күн мен түннің теңелуі? - 23 қыркүйек, 21 наурыз
10. Көктемгі күн мен түннің теңелуі? - 21 наурыз
Бағалау: 5-6 дұрыс жауап – 3, 7-8 дұрыс жауап – 4, 9-10 дұрыс жауап – 5.
2 тапсырма:
Теориялық білім байқауы:
1. Ауаның жер бетінен жылынуы.
2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі.
3. Ауа температурасын өлшеу.
III. Жаңа сабақ.
1. Амплитуда ұғымы.
2. Ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы.
Амплитуда – латын тілінен аударғанда кеңдік, жайылушылық деген мағына береді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралар айырмасын тәуліктік температура амплитудасы дейді.
Мысалы: сағ 1 де +5 0С, 7 де -20С, 13 те +100С, 19да +90С, тәуліктік амплитуда:
(+100С) - (-20С) = 12 ге тең.
Температураның тәулік ішінде өзгеруі жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады.
Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.
Тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеуледің нәтижелерін қосып бақылау санына бөледі. Мысалы: сағ 1 де +5 0С, 7 де -20С, 13 те +100С, 19да +90С, тәуліктік орташа температура:
((+50С+ (-20С) +(+100С)+(+90С))/4)=+5,50С
Тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температура есептелінеді.
Ауа температурасының өзгеру себептері.
Ауа температурасының өзгеруі жылдық және тәуліктік болып екіге бөлінеді, ал өзгеру себептерін күн сәулесінің түсу бұрышы, жер бетінің жамылғы ерекшеліктеріне байланысты және жыл мезгіліне байланысты үшке бөлуге болады.
IV. Топпен жұмыс:
1-тапсырма.
I-топ II-топ III-топ
Не? Қалай? Қандай?
Амплитуда дегеніміз не? Ауа температурасының тәуліктік ауытқу себептері? Ауа тепературасының тәуліктік ауытқуының маңызы?
2- тапсырма.
I-топ II-топ III-топ
есепте Бір тәулік ішіндегі температура 50, -30, 60, 40. Тәуліктік орташа температура қанша? Амплитуданы анықта?
Сағ. t
100 - 60
700 - 80
1300 - 20
1900 - 40 Тәуліктік орташа температураны есепте:
Сағ. t
100 - 60
700 - 80
1300 - 20
1900 - 40
V. Оқушылардың жүргізген ауа райы күнделігі бойынша қазан айының орташа температурасын, амплитудасын тауып, графигін сызу.
VI. Қорытынды.
Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталады. Ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан атмосфераның жылу режимінде атмосфера мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы табиғатта маңызды рөл атқарады.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы: §29. Тәуліктік орташа температураға график сызу.