| СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ | Ред 1 |
|
|
Сабақ жоспары № 1
Күні: Пән химия Тобы
Оқытушының Т.Ә.А. Кайырбекова И.А.
І. Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондар күйі, квант саны. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Сабақтың түрі және типі жаңа білім беру сабағы
1. Мақсаты Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондар күйі, квант саны, атом мен атомдық орбитальдар құрылысы, электрондар күйі, Паули принципі, изотоптар туралы толық түсінік беру. Химиялық элемент, оның жіктелуі мен сипаттамасы, заттың құрылым бірліктері: атом, ион, молекула және олардың сипаттау. Үштілдік компонеттерді еңгізе отырып, қажетті терминдермен таныстыру.
2. Міндеттері
а) Білімділік: Химиялық элемент, оның жіктелуі мен сипаттамасы, заттың құрылым бірліктері: атом, ион, молекула және олардың сипаттау.
ә) тәрбиелік; Алған білімдерін қолдана білуді үйрету, жауапкершілікке, бір-бірінің жауаптарын тыңдауға, зейінді болуға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
б) дамытушылық Оқушылардың сараптау, талдау, анализдеу, өз ойларын толық айту, ой-өрісін дамыту,өз бетінше жұмыс істей білуге, пәндік, ақпараттық, комуникативтік құзыреттіліктерін дағдыландыру. Үштілдік оқыту жүйесін дамыту.
ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) оқушылар түсінуі тиіс Оқушылар Д.И.Менделеев ұсынған периодтық заңның ережесін айтып, нақты мысалдар келтіре отырып, жеке-жеке элементке және оның қосылыстарына сипаттама бере білуі. Атом құрылысын сипаттай білу.
ә) оқушылар құндылы бағдары болуы Окушылар элемент және оның қосылыстарының қасиеттерін период бойынша талдай білу
б) оқушылар жасай біледі: химиялық элементтерге сипаттама беру, тақырып бойынша терминдерді үш тілде атай білу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және тексеру.
ІІ. Білімді актуализациялау: Фронтальды сұрау:
Атом, молекула, химиялық элемент дегеніміз не? Айырмашылықтары.Атом құрылысын сипаттау. Мәні. Паули принципінің заңдылығы. Изотоптар мен иондардың айырмашылығы.
Жаңа терминдермен 3 тілде таныстыру: (термин дәптеріне жазғызу)
Үштілдік компонент:
қазақша | орысша | Ағылшынша |
Атом | Атом | Atom |
Молекула | Молекула | Molecule |
Изотоп | Изотоп | Isotope |
Период | Период | Period |
Топ | группа | group |
Химиялық элемент | Химический элемент | Chemical element |
Ион | Ион | Ion |
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі | Периодическая система Д. И. Менделеева | Periodic system of D. I. Mendeleev |
Нейтрон | Нейтрон | Neutron |
Протон | Протон | Proton |
электрон | электрон | Electron |
Кванттық сан | Квантовое число | the quantum number |
орбиталь | Орбиталь | orbital |
Паули принципі | Принцип Пауля | the Pauli exclusion principle |
ІІІ. Түсіндіру:
Жоспар:
1. Периодтық заң, периодтық жүйенің құрылымы
2. Атом құрылысы
3. Периодтық заңның маңызы
4. Химиялық элементтердің сипаттамасы.
ІV. Бекіту
Тапсырма: №2,6,8 химиялық элементтеріне периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру. Тапсырма: №2,6,8 атом құрылысын жазу. Тапсырма: №2,6,8 рет нөмірлі элементтердің электрондық формуласын жазу.
Жоспар бойынша № 11,8,26 элементке жоспар бойынша сипаттама беру
V. Қорытындылау. Семантикалық картаны толтыру
VІ. Бағалау
VІІ. Үй тапсырмасы: § 1.1-.17 №1-5
КГКП «БГТК» 2016 Конфиденциально Страница 5 из 1