Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Тараз техника және бизнес колледжі
Бекітемін
Колледж әдіскері
___________А.Б. Болтаева
« » _______ 2016ж.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
XXI ғасыр көшбасшысы
Оқытушы: Скендирова Л.Ы.
Топ: 0201-16-9-1
Тараз 2016 ж
XXI ғасыр көшбасшысы « зияткерлік сайысы»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аса қадірлі қонақтар, білімалушылар! Бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» танымдық ойынын тамашалауға қош келдіңіздер.
Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды білімалушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
Адамның дамуы мен қалыптасуына көптеген ғалымдар өз ойын, пікірлерін білдірген. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» - деді.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог
С. Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады. Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен, өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.
«Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз)
«Білікті бірді, білімді мыңды жығар» (мақал)
«Білім мен даналық – адам көркі» (Ә.Науам)
Халыққа наннан кейінгісі – Білім.
Білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батымды. Ендеше ортаға білімді тұлғаларымызды шақырамыз.
Кенжебай Ақерке 0201-15-9-1 тобының білімалушысы
Бегалы Сәбит
Дуйшеев Қайрат
Сәлім Алина
Нұрлыбаев Жандос
Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. ¥пайларды есептеп отыратын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтемін. /2 мүғалім / Экономика және құқық кафедрасының оқытушысы А.Д. Алиева. Экономика және құқық кафедра оқытушысы: Г.Қ.Аралбекова. Сайыс ережесімен қысқаша таныстырамын. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1.“Бәйге”сайысы.
2. “Дода” сайысы.
3. “Жорға” сайысы.
4. «Аратолық бөлім»
1.кезең. “Бәйге”сайысы бойынша ауызша сұрақтар қойылады. Жалпы 10 сұрақ қойылады. Кім осы сұрақтар бойынша көп ұпай жинаса, сол II кезеңге өтеді. Ұпай саны 10 балл. Аз ұпай жинаған бір білімалушы ойыннан шығады.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз БӘЙГЕ кезеңін бастайық.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар: мемлекетті және қоғамды ұйымдастыру негіздерін құрайтын қатынастар
Конституциялық-құқық ғылымында қолданылатын зерттеу әдісін : салыстырмалы-құқықтық әдіс
Конституциялық құқық ғылымының пәнін не құрайды? конституциялық құқықтың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуінің заңдылықтары
Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтайтын бөлім: адам және азамат
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып саналады? федеративтік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: қазақ тілі
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қандай элементтер құрайды? құқықтар, бостандықтар және міндеттер
Ар-ождан бостандығы қандай құқықтар тобына жатады? жеке бастың құқықтарына
Қазақстан Республикасының Президенті: Халық пен Мемлекеттік билік бірлігінің конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
ҚР-сы азаматтығынан айыруға негіз болып табылады: азаматтықты жалған, жасанды құжат беру алғандығы дәленденсе
2- ші кезең.
Әр білімалушы ұяшықтарды таңдайды. Сол ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда ұпай сақталады, жауабы қате болған жағдайда ұпай жоғалады.
Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды. . Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
1.ҚР Жоғарғы сот төрағасы: Мәми Қайрат
2. ҚР Конституциясы Қашан қабылданды? 1995жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен
3.ҚР Конституциясы қашан қабылданды? 98 баптан
4.Бас прокурор Асанов Жақып
5. Жеке тұлға өзінің қандай дінге және партияға жататынын көрсетуге: Міндетті емес
6. Экономика министірі: Досаев Ерболат
7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға жауаптарды қандай тілде береді? Мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде
8. Жамбыл облысы Тараз қаласының прокуроры? Телеу Бағлан
9. ҚР азаматтығын беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді кім қабылдайды? ҚР Президенті
3- ші кезең. “Жорға” сайысы. жылдамдыққа жауап беру.
Әр білімалушыға 1 мин ішінде сұрақтар оқылады. Қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай есептеледі. Үш тур барысында барынша көп ұпай жинаған екі ойыншы төртінші турға шығады
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Конституция пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
1-Білімалушы
Абсолюттік монархия-монархиялық басқару нысандарының түрі.Бір адамның монархтың шексіз мемлекеттік билігін жүргізу
Автономия- мемлекет жерінің бір болігінің өзін-өзі басқпру нысандарының түрі. Бір адамның –монарахтың шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды.
Авторитаризм-саяси режим түрлерінің бірі, онда саяси билік белгілі адаммен жүзеге асырылады (тап,партия ерекше топтар т.с.с.)халықтың қатынасы аз болады және оларға қоғамды бюрократтық –пәрменмен басқару әдісі тән сипат алады.
Адам құқығы-құқықтың маңызды принциптерінің бірі,адамның жоғарғы бағаланатындығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір –қасиетін бағалап адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету
Азаматтық –адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас ,оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға болады
Азаматтық қоғам –адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік –экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Азамат-ол адам өз Отаның ұлы (немесе қызы) деген ұғым білдіреді.Басқаша мағынасында бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес,тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады.
Атқарушы билік-қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы –иелік етуші билік органдары
Ауыл-саны кем дегенде елу адамнантұратын халқы саны бар.
Аймақ-республика мүддесін көздеп құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының бір бөлігі
Әкімшілік –атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы
Бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) –ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың тікелей басқару шешімін қабылдануы
Вето –парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы
Гуманизм-демократиялық құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық.Ол құқықтың іргелі қағидатты ғана емес,сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын бағдары
Дәлелдеу- заңға сай келетін, заңды істің обьективтік шындығын белгілейтін қажетті деректер
Декларация-құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау
Демократиялық режим-мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей отырып көпшілік шешімді қабылдау
Депутаттық сауал – депутаттың мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға өкілді органның сессиясында сол органның немесе лауазымды адамның құзіретіне кіретін мәселелер бойынга негізделген түсіндірме беруді немесе айқындамасын баяндауды ресми түрде жасаған талабы
Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделері ескере отырып,оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді олардың жүзеге асырылуын бақылайды
2-Білімалушы
Жергілікті өзін өзі басқару –жерлікеті жерлердегі атқарушы билікее ие органдар
Елді мекен- азаматтардың шаруашылық және өзгеде қоғамдық қыметі нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстаған бір бөлігі
Заң-ерекше жағдайда ,заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін,жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар-мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі,әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық –қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.
Заңды мүдде-обьективті кқұқықта көрсетілген ,не оның жалпы мәнінен пайда болатын, белгілі деңгейде кепілдігі бар заңды рұқсат,ол субьектінің белгілі әлеуметтік иглікпен пайдалануға ұмытылғанынан көрінеді,сонымен қатар,оны қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына,қоғамдық ұйымдарға жүгінуи мүкіндігі
Заңды тұлға-меншігінде мүлкі бар,сол мүліктерін басқару процесінде,өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Конституция- мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым –қатынасының принциптерін бекітеді
Конфедерация- мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді
Қоғам –тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы,бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы.
Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп жолы.
Құқық саласы-белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін , тәртіпке келтіретін заңды нормалардың жиынтығы
Құқық-жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған заң нормалары, қоғамдық , таптық ерікті көрсетеді қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі
Мемлекеттік аппарат- мемлекеттің алдыңдағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі
Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекет нысаны-саяси биліктің ұйымдастырлуы жолы ,мемлекеттік нысанды, мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрлымды қамтиды және мемлекеттік –құқықтық тәртіп
Монархия-мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық ,әділдік, адалдық жағынан реттейтін нормалар мен принциптері
Мемлекеттік билік –бұл мемлекеттік құқықтық құралдар,әдістер мен тәсілдер жүйесі
Мәжіліс- Парламенттің төменгі палатасы,ол жетпіс жеті депутаттан тұрады
3-білімалушы
Нормативтік келсім-құқықтық –шығармашылық субьектілерінің арасындағы келісім,оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады
Нормативтік акт-құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады,ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Саяси режим- тәсілдердің,амалдардың,құралдардың жүйесінің негізінде саяси билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Сот билігі –сотта іс жүргізудің азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.
Сенат- әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан,тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын құралады.
Сессия- мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі бар, бірінен кейін бірі болатын бір немесе бірнеше отырыстары
Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына субьектілердің тәртіптерінің сай болуы
Тұлға-нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшелктердің жиынтығын білдіреді
Президент- ел басшысы,мемлекеттік биліктің лауазымдық қызметтінің атқараушы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Парламент- заңшығарушы қызметті атқарушы мемлекеттік билік органы жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы
Үкімет –атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады,атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Республикалық маңызы бар қала-ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халық саны бір миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.
Құран - (Коран) - ислам дінін тұтатын мұсылмандардың басты қасиетті кітабы. Бүл кітап діни-догматтық, мифологиялық және құқықтық мәтіндердің жинағы.
Қылмыс - (Преступление) - кінәлі, қоғамға қауіпті, қылмыстық заңдар арқылы жазалану қаупімен тыйым салынған әрекет (әрекетсіздік).
Мемлекет - (Государство) – қоғамда тәртіптің болуын қамтамасыз ететін және жалпыға бірдей міндетті нормаларды шығаратын, белгіленген жер аумағы шегінде қоғамды басқаратын саяси биліктің ұйымы.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері – (Методы теории государства и права)-мемлекет және құқық теориясы пәнін ұғынуды жүзеге асыруға көмек беретін тәсілдер,қағидаттар, амалдар жиынтығы.
Мемлекет қызметі - (Функции государства) - мемлекеттің өзінің алдында тұрған міндеттерді шешудегі атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары.
Мемлекеттік билік - (Государственная власть) мемлекеттік ырыққа күштеп көндіруге (яғни мемлекеттік ырықтандыруға) негізделген үстем болу және бағынудың субъектілері араларындағы бұқаралық-саяси қатынастары.
Мемлекеттік егемендік - (Государственный суверенитет) – мемлекетке тән елінің бүкіл аумағындағы үстемділігімен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі.
Мемлкеттік құқықтық режим - (Государственно-прававой режим)- мемлекеттік билікті жүзеге асыруда қолданылатын әдістермен тәсілдер және құралдардың жүйесі.
4- ші кезең.
Араторлық бөлім. Әр білімалушы бір конвертті таңдайды. Сол конверттің ішінде сөз болады яғни сол сөзге қысқаша баяндама жасайды. Баяндама жасау үшін 5 мин уақыт беріледі. Ұпай саны 10 балл.
«Конституция ата заңымыз», «16 желтоқсан. Тәуелсіздік күні».
Жеңімпазды марпаттау.
| № | Аты- жөні | 1 кезең
| 2 кезең | 3кезең | 4 кезең | Барлығы |
| 1 | Кенжебай Ақерке
|
|
|
|
|
|
| 2 | Бегалы Сәбит
|
|
|
|
|
|
| 3 | Дуйшеев Қайрат
|
|
|
|
|
|
| 4 |
Сәлім Алина |
|
|
|
|
|
| 5 |
Нұрлыбаев Жандос |
|
|
|
|
|
Абсолютті рента - жер иелерінің учаскеден бірдей алатын рентасы (табысы).
Абстрактылы еңбек - (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.
Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.
Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.
Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.
Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.
Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.
Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшылардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.
Жекешелендіру - мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.
Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.
Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.
Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.
Инвестициялық банктер - ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.
Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.
Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.
Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту
Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.
.
Қосымша құн - фирманың өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны
Либерализация - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату,
Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.
Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі..
Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі
Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, яғни тауардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.
Өнімнің Өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шығындарының ақшалай сомасы.
Паритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.
Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.
.
Роялти -салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын пайда үстемесіне салынатын
Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.
.
Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.
Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.
рансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)
Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.
Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.
Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

Ашық тәрбие сағаты (33.81 KB)

