Ашык сабак Такырыбы: "Баяннын батырлыгы" (7-сынып)
кпашгавтөмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді: Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік; • Күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау; Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық көқараста болу;Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бағдарламасы – жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты деген пікір бар. Тар мағынада сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлау" деп сипатталады. Психолог Дайана Халперн сыни тұрғыдан ойлауды күтілетін түпкі нәтижеге қолжеткізудің мүмкіндігін ұлғайтатын когнитивтік техникалар мен стратегияларды қолдану деп қарастырады. Оның мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Ал «оқуды» үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. 2015-2016 оқу жылынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастадым. Жеті модульді ( білім берудегі және білім алудағы жаңа тәсілдер; сыни тұнршг