Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
«Бекітемін»
______________
БЖШО директоры:
А.Б.Абыкаева
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Логикалық есептер шығару»
Қосымша білім беру педагогы:
А.О.Исагулова
Қордай ауылы
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: Логикалық есептер шығару
Мақсаты: Логикалық есеп нәтижесін табуды жылдамдату және тез есептеу әдістерін үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Логикалық есептерді шығара білуге және ертегідегі кездесетін есептерді шығаруға, геометриялық фигуралармен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық: Математикалық білімдерін жетілдіре отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ынтымақтастыққа, ұқыптылыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: пойыз суреті, слайд, үнтаспа, конверттер, сіріңке
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдісі: ойын, тез есептеу, Монтессори
Мұғалім: Мінеки топта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер шығару» сабағын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз математиканың және информатиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /сабақ мақсатымен таныстыру/
Мұғалім: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
/Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы БЖШО аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Мұғалім: Пойыз де келіп қалды. «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі екен. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - сіздердің сәлемдесулеріңіз.
Армысың! Сыныптасым, құрбыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сабаққа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
(Оқушылар қолдарындағы жүректерін мұғалімдерге береді, оқушыларға тегін жолдаманы тарату)
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Мұғалім: Ал ендеше біз БЖШО-на сапарға аттанайық. БЖШО-на жету үшін аялдамалардан тоқтап, білімімізді қонақтарға көрсетейік. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
2-сынып:
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады? (3 келі)
3-сынып
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше ер адам бар? (4)
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
4-сынып:
Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар? (8)
Камила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды? (10)
Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды? (38)
Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі?
(19 рет мыс:9,19,29,39,49,59,69,79,89,90,91,92,93,94,95,96,97,98,99)
Егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса 2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?
(6 сан 279,729,792,297,972,927)
2 - аялдама: «Алтын сандық»
Мұғалім: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Конверттегі тапсырма. Сендерге есептер берілген. Есептерді шешіп жауабын парақтардан табасыңдар. Есептердің мәндерін суреттер арқылы жинау керек
2-сынып
Шығатын жолды дұрыс тап:
3-сынып
Мақалды толықтыр.
Жігітке......өнер де аз.
........өнер көп емес.
......ала болса,,ауыздағы кетеді.
......түгел болса,төбедегі келеді.
4-сынып
Амал таңбаларын дұрыс орналастыру арқылы 100 санын шығар
100*100*100*100*100=100
3 - аялдама: «Ойлан, тап!» аялдамасы. Суретте жетіспейтін фигура тауып, алдында жатқан фигуралар арасынан тауып көрсету керек.
| |
| |
| | | ? |
|
| | |
| | | |
4 – аялдама: «6*6 аялдамасы». Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін.
И | Ц | Ү | Ш | Б | Ө |
О | А | Р | Ы | К | Л |
Н | Б | Ұ | П | Е | Ш |
А | Ы | Ж | А | Й | Н |
Л | Т | Ү | З | Ы | Қ |
Б | Ө | Л | У | С | О |
Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу (13 сөз)
5-аялдама: Сергіту аялдамасы
/Видеодағы іс-қимылдарды жасау/
6-аялдама: «Ертегілер елінде»
/Үнтаспадан ертегілер айтылады, ертегідегі математикалық есептердің шешімін табады/
2-сынып:
Бір күні Ерназар байдың Ертөстік атты ұлы дүниеге келіпті. Ол күн сайын ерте өсіпті. Ертөстік күніне екі жасқа толатын болса жеті күнде неше жасқа толады екен? Жауабы: 7*2=14 жасқа толады.
3-сынып:
Мыстан кемпір Ерназар байды жеті қабат жер астына түсіріп, Ертөстікті бермесе жанын 3 тәулік ішінде ішіп тауысатынын ескертеді. Әкесі Ерназардын жанын қайтару үшін Ертөстіктің неше сағаты бар? Жауабы: 1 тәулікте-24сағ, 24*3=72сағ
4-сынып:
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға кәшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдік жалғыз сиырын ұрламак болып ұрылар келеді. Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын» деп ойлайды.Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе кем екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
7-аялдама: «Тез ойла!» (Монтессори әдісін пайдалану)
Сіріңкемен жұмыс: Бір сіріңкенің шиін қозғалтып 0 шығар:
8+6-5=0
Жауабы: 0+6-6=0
Жіппен жұмыс: Әр түрлі геометриялық фигуралардың бұрыштарын тауып сәйкестендіру.
8-аялдама: «Жұмбақтар»
1) 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара, кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
2) Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)
3) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер)
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойыз Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында. Абайлаңыздар, сақ болыңыздар!
Мұғалім: Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі.
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
Мұғалім:
Бүгінгі сабақ талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сабаққа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!
Рефлексия:
Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Сабақтың қай аялдамасы қиын болды?
Бүгінгі сабаққа өздеріне қандай баға қоятын едіңдер?
Бағалау: Оқушыларды мадақтау, смайликтер арқылы бағалау.