Сабақ тақырыбы: Менің сүйікті тағамым - ботқа
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтырып, ынтасын ояту,сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы жаңа әдіс тәсілдермен сөздік қорларын байыту. Тақырып бойынша ауыз екі сөйлеу білу.
Түйінді идеялар: Ботқалар
Стратегиялар: «Сөйлей алатын қолдар», «Ыстық орындық», «Рөлдік ойын», «Табыс баспалдағы», сұрақ - жауап әдісі
Көрнекіліктер: Акт, оқулық, топ тапсырмаларына арналған плакаттар мен түрлі түсті бояулар, бағалау парағы.
Дереккөздер: Бағдарлама, оқулық. Интербелсенді әдіс - тәсілдер» әдістемелік құрал
Оқыту нәтижелері: Сурет бойынша әңгіме құрайды, өз ойларын жүйелі жеткізе алады, сұрақтарға нақты жауап бере білуге дағдыланады
Мұғалімнің іс - әрекеті
1 - кезең.
Қызығушылықты ояту:
. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Бүгінгі сабаққа сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Шаттық шеңбері
Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолын шапалақтау арқылы жақсы тілектер тілейді.
ІІІ. Топқа бөлу.
«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінеді (математикалық фигураларды құрастырады.) Сөздікпен жұмыс жасады.
Жаңа сөздерді оқып, таныстыру. Оқушыларға қайталату. Сөздік дәптерлеріне жаздыру.
IV. Жаңа сабақ. «Сүйікті тағамым – боқа» слайд арқылы түсіндіру.
Түсіну.«Сканерлеп оқу» әдісі.
Топ болып орындайды.
А. Мәтінді оқы. «Мәтіннен 10 «жұлдыз» сөзін тап
Ә. Осы мәтіннен жаңа сөздер мен тірек сөздерді тап, мағынасын түсін (сөздікпен жұмыс)
Б. Мәтінегі негізгі идеяны анықта, мәнерлеп оқы, аудар, сұрақ қой жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыр. Дәптеріңе жаз.
Менің атым – Света. Мен таңертең ботқа жеймін. Менің сүйікті ботқам – күріш . Ботқаға сары май саламын. Ботқа – ең пайдалы тағам.
Бір-біріне сұрақ қояды,аударады және жауап береді, сөйлеседі.
Сенің атың кім?
Кім таңертең не жейсің?
Сенің сүйікті тағамың не?
Ботқаға не салады?
Ботқа қандай тағам?
«Ботқа» сөзінен сөйлем құрастырады.
Мен бүгін ботқа жедім.
1 – тапсырма.Диалог құрастырып алты оқушы тақта алдына шығып айтады.Күріш ботқасы. Қарақұмық ботқасы. Майда жарма ботқасы.
V. Tалдау. 4-тапсырма.Рольдік оқу.Рольге бөліп оқиды, топ мүшелері «Асханада» атты көрніс қояды.
- Сәлем Майра!
- Сәлем Сара!
- Халің қалай?
- Жақсы.
- Сен нешінші мектепте оқисың?
- Мен №5 мектепте оқимын.
- Мектепте асхана бар ма?
- Асханада қандай ботқалар бар?
- Асханада күріш және қарақұмық ботқасы бар.
VI. Қорыту.(Жинақтау!) Осы сабақта не түсінгендерін постерге түсіреді.
I- топ. Қарақұмық ботқасы.
II – топ.Майда жарма ботқасы.
III- Зауытта дайындалуы.
Постерге түсіреді. Қорғайды. Әр топ бірін-бірі смайликтермен ынталандырады.
Мақалды оқу және балалар өздері білетін мақалдарын айтады.
Арпа, бидай сары екен,
Алтын, күміс тас екен.
VII. Үйге тапсырма:.
Жаңа сөздер жаттау. Сыныпта құрған диалогты жаттау.
VIII.Бағалау Оқушыларға бағалау парағына смайликтер жапсыру арқылы бағалау ұсынылады
XI.Рефлексия.Тақтаға көңіл күйді білдіретін смайлик ілінеді.Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады.
Мұғалімнің сабақты талдауы.
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Сабақтың мақсатын, ботқа қандай тағам? Видиоролик көрсетіп сұрақ- жауап жүргізе отырып аша білдім.
Бүгін оқушылар не үйренді? Дискрипторлар арқылы бағалауды үйренді.
Сабақ қалай өтті қандай денгейде өтті? Балаларға сабақ ұнады.
Келесі сабаққа сұрақты көбірек дайындап келуім керек.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Жоспарланған саралау жүзеге асты.Басым көпшілігі өтілген тақырыбыпта сөйлей білді, қойылған сұрақтарға жауап бере білді және Мәтінмен жұмыс жасай білді
Уақытты қалай пайдаланды? Алған тапсырмалар нақты болды , бірақ сұрақ жауап аз болды. Басым қөпшілігі ботқаға не салынатынан әрі аса алмады..Уақытты дұрыс пайдаланды.
Жоспарыма қалай өзгеріс енгіздім және неге? Жоспарыма интернеттен керекті ақпараттарды кіргіземін.. Топта отырған балаларды қызықтыратын және орындай алатын тапсырмалар ұйымдастырамын.
Қорытынды бағалау Сабағыма толық көңілім толды. Бағалау парақшаларымен өзін – өзі,топты жұптық бағалау жүзеге асты.
Ең жақсы өткен екі нәрсе.
Қандай екі нәрсе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді. Әр түрлі тақырыпта ботқа туралы айтқан шағын әңгіме балалардың қызығушылығын оятты және өздерінің сүйікті істерін әңгімеледі. Постерді жақсы қорғады.
Дискрипторлар арқылы өздерін дұрыс бағалады.
1 Сөздікті жаттаса, тағам туралы көп мәліметті білсе.
2. Қойылған сұраққа сыни тұрғыдан жауап беруге үйретсе.
Осы сабақ барысында келесі сабаққа қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім. Сабақта тыңдалым тапсырмаларын тиімді нақты қолдана білдім.Келесі сабақта айтылым дағдысын қамтуым керек. .
Тапсырмалармен жұмысқа дискриптоларды жүйелендіру керек.

Ашық сабақ "Сүйікті тағамым - ботқа" (20.86 KB)

