Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : Отбасы

Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : Отбасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, отбасы ұғымы,отбасы дәстүрі,шежіре сөздерінің мағынасын түсінуді уйрену.

1.1.1.2.Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Бағалау критерийі

Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды.

Отбасы,отбасы дәстүрі,шежіре ұғымдарының мағынасын анықтайды;

Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықтайды және белгілейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: отбасы мүшелерінің міндеттері,дәстүрлерітуралы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: отбасындағы туыстық қатынастар жөніндегі орнын анықтай алады.

Көптеген оқушылар:дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

отбасы, шежіре, отбасы дәстүрі

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел – тарихтың мәдениет пен тілдің ортақтығы.Біз ортақ тарихи мұрамызды сақтаймыз.Біз үлкен ел – Үлкен отбасымыз.

Пәнаралық байланыстар

өнер, сауат ашу, өзін-өзі тану

Ресурстар

постер, алма ағашының суреті, стикер, үлестірмелер

Басы

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, жалпы жан-жақты дайындығын тексеру.Сабаққа назарын аудару.

16.12.2017

Содержимое разработки

Сабақ: Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Күні: 21.11.2017 ж. Оқытушының аты-жөні:

Қалыбекова Фарида Пернеханқызы

Сынып: 1 «Б» Қатысушылар саны: 24


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1.Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, отбасы ұғымы,отбасы дәстүрі,шежіре сөздерінің мағынасын түсінуді уйрену.

1.1.1.2.Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.

Бағалау критерийі

Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын сипаттайды.

Отбасы,отбасы дәстүрі,шежіре ұғымдарының мағынасын анықтайды;

Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықтайды және белгілейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: отбасы мүшелерінің міндеттері,дәстүрлерітуралы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: отбасындағы туыстық қатынастар жөніндегі орнын анықтай алады.

Көптеген оқушылар:дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

отбасы, шежіре, отбасы дәстүрі

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел – тарихтың мәдениет пен тілдің ортақтығы.Біз ортақ тарихи мұрамызды сақтаймыз.Біз үлкен ел – Үлкен отбасымыз.

Пәнаралық байланыстар

өнер, сауат ашу, өзін-өзі тану

Ресурстар

постер, алма ағашының суреті, стикер, үлестірмелер

Басы

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, жалпы жан-жақты дайындығын тексеру.Сабаққа назарын аудару.



Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Көңілді өтер күніміз

Отбасының гүліміз.


Қимылдар жасау


Топ ережесі:

1.Тәртіп сақтау; 2.Уақытты тиімді пайдалану; 3.Басқаның пікірін тыңдау; 4.Ұйымшылдық көрсету.

Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.Топ ережесін пайдалану


Алдыңғы меңгерген тақырып бойынша білімді тексеру



Балалар, біз «Менің мектебім» бөлімін аяқтадық.Бұл бөлімде не үйрендік?Не білдік?Осы бөлімді қорытындылау мақсатында «Иә немесе жоқ» ойынын ойнаймыз.

Мектепте білім аласың (иә)

Кітапханашы дәрі береді (жоқ)

Мектепте асхана, кітапхана, шаштараз бар (иә)

Жаяу жүргінші жолын зебра дейді (иә)

Сабаққа кешігіп келуге болады (жоқ)

Мұғалімдер білім алуға көмектеседі (иә)


Ортасы

Жұмбақ

Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам

3 әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш онда

Бәрі де өз жұртың

Айтады, қане кім атын?

(ата, апа, ана, аға, іні)

Тағы қандай туыстық атаулар бар?

(әже, әпке, әке, сіңлісі)

3тілде айту:

aта-дедушка-grandfathar

апа – бабушка – grandmother

әке – папа - father

ана – мама – mother

аға – брат – brother

әпке – сестра –sister

отбасы – семья - family

Міне, бұлардың барлығы адам өміріндегі ең қымбат жандар.Отбасы мүшелері.

Отбасы – ол ата-ана

Отбасы ол – балалар

Отбасы ол – туыстар

Отбасы ол – үлкен шаңырақ.

Отбасы – әр адамның шағын отаны.Отбасында өсіп-өніп, тәрбие аламыз.Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, үлкендерді сыйлауды, көмектесуді отбасынан үйренеміз.Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында жанымызда бірге болады.

Жұптық жұмыс.Бір-бірлерімен отбасы жайлы әңгімелеседі.

«Кезбе тілші» әдісі. Оқушылармен сұрақ-жауап.

Бейнеролик «Өтіріктің ақыры»

Сен білесің бе?!

-1993 ж 15 мамырды «Халықаралық отбасы» күні деп жарияланды.

1998 ж 20 қаңтарда елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.

Отбасы ата-әженің ұрпағынан тарап шағын мемлекетке айналады.Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетіңнің тарихы ата-бабаңның өмірі.Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атаймыз.Шежіре - бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы, - деп атап өтті елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» жолдауында.Сонымен қатар әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс.Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып.Мұндай дәстүрлерге отбасындағы дәстүрлер де жатады.

Кейбір отбасыларында басында бірге ас ішу, мәселелерді бірге шешу, бірге талқылау сияқты дәстүрлер қалыптасқан.Қазақ отбасында балаларға ерекше көңіл бөлінеді.Бала дүниеге келгеннен бастап «Қырқынан шығару», «Шілдехана», «Тұсау кесу», «Тілашар» және т.б. баланың қуанышы аталып отырады.



Оқулықпен жұмыс.

  • Мына дәстүрлердің сендерге қайсысы таныс?

Алтыбақан, Тұсау кесу.

Алтыбақан бұл – Наурыз тойы кезінде тойланады. Бұл да қазақтың әдет-ғұрпының бірі болып табылады.Тұсау кесу туралы түсінік беріп өту.

Рухани жаңғыру.

Дәптермен жұмыс.

Отбасы мүшелерін үстелге ретімен орналастыр.

Ойын «Қарақұмық әдісі» арқылы

«Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз

-Сенің әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)

-Сенің анаңның анасы саған кім болады? (нағашы апа)

-Сен әжеңе кім боласың? (немере)

-Әкеңнің анасы саған кім болады?(апа)

-Анаңның әкесі кім болады?

(нағашы ата)

-Сен ағаңа кім боласың?(іні, қарындас)

-Сен ініңе, қарындасыңа кім боласың?

(аға, әпке)

Топтық жұмыс.

  1. топ Сәйкестендіру

  2. топ

  3. топ

Сергіту сәті. Ән айту.

Рөлдік ойын. Сахналау. «Қонақжайлылық»


Соңы

Біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Менің отбасым.

Отбасы ол кімдер?

  • Ең жақын және туыс адамдар.

Қандай отбасылық дәстүрлерді білесіңдер?

Топтастыру


отбасы



Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?4

  • Қандай тапсырма ұнады?

  • Қандай тапсырманы орындауда қиналдың?

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі.



Қосымша мәліметтер


Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік.АКТ-мен байланыс.Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)

Саралау, оқыту өз бетінше тапсырмалар орындау кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.



Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.




-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ашық сабақ Сабақ тақырыбы : Отбасы (57.07 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт