Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  6 класс  /  Ашық сабақ "Менің отбасым" 6 сынып

Ашық сабақ "Менің отбасым" 6 сынып

Разработка открытого урока по казахскому языку в 6 классе

16.11.2017

Содержимое разработки

Сынып: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің отбасым».

Ойын сабақ: «Ойнайсыңда, ойлайсың!» 

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру. 
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту. Сөздік қорларын байытып, тілдік мәдениеттерін қалыптастыру. 
Тєрбиелілік: тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігі жайлы сөз қозғау. 
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ,ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,ойын ойнау
Сабақта қолданылатын жабдықтар: тапсырмалар, карточкалар, оқулық,суреттер
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі:  Психологикалық дайындық.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
-Сыныпта кім кезекші?
-Көңіл-күйлерің қандай? (Жақсы)

Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Қайырлы күн, қонақтар!
II. Үй тапсырмасын тексеру: 
-Үйге қандай тапсырма берілді? (Мақалдар)
Қандай мақалдарды жаттадыңдар? Кім туралы? (Отбасы мүшелері)
III. Жаңа сабақ: Нәтиже сабақ 
-Біз қандай модульді аяқтадық? 
-Бұл модульде қандай жаңа сөздермен таныстық? 
-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? -Өз отбасыларың туралы не айта аласыңдар? 


Бүгінгі жарысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. «Мақал-мәтелдер» сайысы
2. «Кім жылдам?» ойыны (сұрақ - жауап)
3. «Жалғасын тап»
4. «Ойлан, тап!»
5. «Полиглот» сайысы (2 тілде айту)

6. «Идея себеті» ойыны.
7. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

І. Мақал - мәтелдердің негізгі тақырыптары қандай? «Білгенге маржан, білмегенге арзан»

1.Еңбек етсең-ерінбе.

2. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

3.Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал.

4.Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
5.Отансыз адам,ормансыз бұлбұл.

6.Оқусыз білім –жоқ,білімсіз-күнің жоқ.

ІІ кезең. «Кім жылдам?» ойыны.
1.Отбасыңда неше адам? - (5)
2.Бүгін сендерде неше сабақ?- (6)
3.Бес алмаға он коссаң неше болады? - (15)
4.Бір қолда неше саусақ?- (5)
5.Біздің астанамыз? - (Астана)
6.Сен атаңа кім боласың? - (немере)
7.Қазақстан қандай мемлекет? - (тәуелсіз)
8.Кім сені жақсы көреді? - (анам)
9.Бір аптада неше күн?- (7)
10.Бос ыдыста неше шие?- (ештеңе жоқ)


ІІІ кезең. «Жалғасын тап»
1. Алты аға бірігіп, (әке болмас),

Жеті жеңге бірігіп, (ана болмас)

2. Ананың көңілі балада, (баланың көңілі далада)
3.Аға болсаң,- (ақыл айт)
4. Отан- (оттанда ыстық)
5. Ер жолдасы – (еңбек)
6. Аталы ел- (баталы ел)
7. Денсаулық - (зор байлық)
8. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)
9. Адам адамға- (дос)

Ү кезең. «Полиглот» сайысы
1. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы
2. Ер елінде, гүл жерінде.
3. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.
4. Отанды сүю отбасынан басталады.
5. Жақсы сөз – жарым ырыс.
6. Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.
7. Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

YI. Идея себеті» ойыны. « Отбасы мүшелері» деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді.
тақырып бойынша 2 әр топ отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі.
Жұмбақ жасыру:

 Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Ұш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
«Қатені тап» ойыны.
Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.
Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. «Шеңбер» ойыны. Дұрыс мәтін ұсынылады. Жаңа мәтінді оқып шығып, есте қалған сөйлемдерді айтып, мағынасына қарай жаңа сөздерді қоса отырып толықтыру. Тек айтылған сөйлемді қайталауға болмайды.
«Қазақ отбасы»
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Дәптермен жұмыс

Шешен бийлердің сөздерін еске түсіріп сұрақтарға жауап береміз.

 1. Не тәтті? (Ананың сүті тәтті)
 2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)
 3. Не қатты? (Атаның жүрегі)
 4. Кім жақын? (Тату болса, ағайын жақын. Ақылшы болса, апайын жақын )

Сабақты бекіту:

а) Сөздерді қайталау

ә ) Сұрақ-жауап

б ) Рефлексия - (бағдаршам арқылы)

Үй жұмысы: сөздерді,мақалдарды,өткен модульді қайталау.

Бағалау:

Қоштасу:









-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель технологии (девочки)

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ашық сабақ "Менің отбасым" 6 сынып (23.62 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт