Бейнелеу өнер мұғалімі Адамиянова Сагат Советовна
«Сәтбаев қаласының балалар өнер мектебі» КМҚК
Тақырыбы: Көктем көрнісі.
Мақсаты: жыл мезгіліне байланысты табиғат бойауларының өзгеруіне оқушылардың назарын аударып, бақылау қабілеттерін жетілдіру.Есте сақтау қабілеттерін сақтау.
Дамытылушығы: оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Эстетикалық талғамдарын арттыру.
Тәрбиелілігі: табиғат көрністеріндегі қоршаған ортаны қамқорлыққа алуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: табиғаттану, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Қажетті құралдар: А3, акварель,карандаш, өшіргіш.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, құрал – жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға өткен сабақтарды қорытындылау үшін сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.
- Бейнелеу өнері дегеніміз не?
-Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? ( графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері)
- Портрет дегеніміз не? (адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма)
-Натюрморт дегеніміз не? ( жансыз заттармен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма)
-Тарихи жанр дегеніміз не? ( белгілі бір тарихи кезеңдер бейнелейтін көркем шығарма)
-Батальдық жаныр дегеніміз не? ( соғыс оқиғасы бейнеленген көркем шығарма)
-Маринисттік жаныр дегеніміз не? ( өзен көл теңіз су әлемін бейнелейтін көркем шығарма)
Анималистік жанр дегеніміз не? ( жан-жануарларды бейнелейтін шыға
- Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз табиғат көрнісіне байланысты Көктем көрнісін бейнелейміз.
Табиғат көрнісін бейнелейтін суретшіні пейзажист деп атайды.
Интерактивті тақта арқылы слайд: «Көктем»
Бір жылдың төрт мезгілі бар. Олар жаз, күз, қыс, көктем. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар екенін, және табиғат бояуларының өзгеріп отыратынын айтып кетеміз. Оның ішінде көктемді алатын болсақ, себебі бұл кезде табиғат жаңарып, күн шуағын шашып,қар еріп сай – салааға суға толып, жыралардан су ағады. Ағаштар бүршік жарады. Жапырақтар шығып ағаштар жасыл жлекке оранады. Жерде бәйшешектер пайда болып, қызғалдақтар шыға бастайды. Жануарлар көбейіп, құстар жылы жақтан ұшып келеді. Егістікке жер жыртылып егін егіледі.Ал жайлауда қой қоздап, сиыр бұзаулайды. Сонымен бірге көктем айларында көптеген ерекшеліктер аталып өтеді. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні жер дүниенің жаңару күні «Наурыз» ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мерекесі.Жылдың төрт мезгіліне арнап ақындар өлең шығарса,әншілер әге қосса, суретшілер туған еліміздің бай табиғат көрністерін қылқалам арқылы бейнелеген. Табиғат көрністерін бейнелеген көркем шығарманы «Пейзаж» дейміз.Балалар, бізді қоршаған әлем қандай көркем! Олай болса «Март» «Көктемдегі орман» «Көктем көрнісі» суреттерін тамашалап , осы көрген суреттер бойынша көктемгі табиғат көрністеріне байланысты табиғаттың тамаша бояуларының өзгеріп отыратыннын келтіре отырып»Көктем көрнісі» тақырыбы бойынша суретін саламыз. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң оны пысықтау үшін оқушылардың алдындағы салынған суреттері бойынша әңгіме құрастырып айтып беруін талап етеміз.
Сабақты қорыту. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
«Көтем гүлдері» тақырыбы байынша сурет салып келу.
-Көктемнің күніндей жарқылдап жүздерінен күлкі кетпей гүлдей жайнап жүре беріңдер, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сау болыңдар!

Ашык сабак көктем (17 KB)

