Оқу ісінің меңгерушісі: Құлбарақ Р
| Пәні: Әдебиеттік оқу | Уақыты:18.01.17ж | Кабинет: 18 | Мұғалім:Қалмағанбетова М | |
| Сабақтың атауы | Мұхтар Әуезов. Көксерек | |||
| Сабақтың мақсаты | Оқушыларға әңгіменің идеясын жан - жақты талдай отырып ашу;Адамдар мен көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігін түсіндіру. Қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін тану. Өз ойларын толық байланыстыра отырып, сөйлеу шеберлігін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі | |||
| Психологиялық дайындық | Өнер де, ой да, білім де, | |||
| Үй тапсырмасын сұрау
| «Алғашқы көмек» Оқиға желісіне қарай әңгімені бөлімдерге бөліп, ат қою. І бөлім:Қансонарға дайындық.Әкемнің аңға аттануы. ІІ бөлім:.Алтайдың байлығы немесе біздің қуанышымыз. Сұрақ-жауап 1.Жазушы қай кезеңді еске алады ? 2.Қансонар дегенді қалай түсінесің ? (Қансонар – жердің бетін тегіс қар жауғанда аңға шығу ) 3.Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады? 4.Әңгіме неліктен алғашқы көмек деп аталды? 5. Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді? 6.Әкесі мен баласы аңға шығуға қалай дайындалды ? 7.Баланың шешесі не деп ренжіп сөйледі ? 8.Бала неліктен әкесімен бірге аң аулауға бара алмай қалды ? 9.Әкелері аң аулаудан оралғанда үйіші неге қатты қуанды ? 10.Бала өзі айтқандай «еңбектің ең алғашқы қасиетін» қалайшасезінді? .11.Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген ? | |||
| Мағынаны таныту
Миға шабуыл
| 3 топқа бөлу. Топтастыру. «Адам», «Қасқыр» «Табиғат» Адам – тірі ағза, еңбектенеді, сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді. -Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттік оқу пәнінің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? -ия, әдебиет өміртану құралы. Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып, адамды тәрбиелейді. -Қай жазушының шығармасын алып қарасқ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемдерге назар аударыңшы. «Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя тал бесігі» Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді? -Ендеше табиғат дегеніміз не ойларыңа не келеді? қалай түсінесіңдер? Қоршаған орта, халық қазынасы Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? -Олай болса, бүгінгі әңгімеміз Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты шығармасымен танысамыз. Жаңа сабақ Автор туралы мәлімет Мұхтар Әуезов (1897-1961) Шығыс Қазақстанда, Семей облысында дүниеге келген.Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, құлама ғалым, профессор.Шығармалары «Абай жолы раманы» -Олай болса «Көксерек» көркем филімінен үзінді көрейік. Күннің жадын жазу Дәптермен жұмыс Оқулықпен жұмыс Тізбектей оқыту Ой толғаныс 1.Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?(Көксерек –жас қасқырдың ең мықтысы) 2. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу. Табиғаттың тыныштығын бұзбауымыз керек.Табиғаттағы барлық нәрсе өзіне жарасымды болып тұрады.Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды.Қасқырда осы табиғаттың бір бөлшегі. Егерде біз осы табиғаттағы аң, құстарға қиянат жасасақ, табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерден айырыламыз. Сергіту сәті: Ақсерек-көксерек ойыны
Бес жол өлең шығару: Қасқыр, адам, табиғат Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал – мәтел айтады. 2. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. Қасқыр туралы мәлімет Қасқыр- ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң.Денесінің ұзындығы 120-130 см, құйрығының ұзындығы -40 см.15-16 жыл өмір сүреді.Тістері өткір, көздері жақсы көреді, сезімтал.Қасқыр-күшті,өте қауіпті аң.Ол итке ұқсайды-Қасқырдың құлағы үшкір болып келеді.Қабан,құлан,елік, ауыл малдарына шабуыл жасайды. Таулы жерлерді мекендейді. Қазақстанның барлық аймақтарын да бар. Ол өз отбасына беріктігі.Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол өз отбасын ешқашан да тастап кетпейтін аң.Өзге хайуандар да жоқ қасиеттер бар.Қасқырлардың көк аспан түстес келетіндері мен ақ түстес қасқырлар аса киелі хайуан.Олардың адамдарға көрінуі де сирек.Мұндай бөрілерге кездескен адам «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болады екен. Пайдасы:Қасқыр майы сүйек ауруларына пайдасы бар. Қасқырдың терісінен ұлттық киімдер тігіледі. Ішік және бөрік.Олар жалғыз болып жүрмейді үйір-үйір болып жүреді. Ойын: «Сиқырлы ұяшық» Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау. Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.Табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес. Жер бәріміздің ортақ үйіміз.Ол аңға да адамға да жетеді. | |||
| Үйге тапсырма беру | «Менің әңгімеден алған әсерім» Эссе жазу
|
| ||


Ашық сабақ "Көксерек" (29.17 KB)

