Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  11 класс  /  Ашық сабақ: " «Байқоңыр- халықаралық ғарышайлақ"

Ашық сабақ: " «Байқоңыр- халықаралық ғарышайлақ"

Білімділігі:

Оқушыларға “Байқоңыр” ғарышайлағы туралы түсінік беру, білімдерін толықтыру. Дамытушылығы:

Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету,сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелілігі:

Өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру. Туған елге, жерге сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Білімділігі:

Оқушыларға “Байқоңыр” ғарышайлағы туралы түсінік беру, білімдерін толықтыру. Дамытушылығы:

Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету,сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелілігі:

Өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру. Туған елге, жерге сүйіспеншілік сезімін арттыру.

19.12.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр -халықаралық ғарышайлақ»

Білімділігі:

Оқушыларға “Байқоңыр” ғарышайлағы туралы түсінік беру, білімдерін толықтыру.  
Дамытушылығы:

Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету,сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: 

Өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру. Туған елге, жерге сүйіспеншілік сезімін арттыру. 

 Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру, түсіндіру

Техникалық құрал: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: астрономия

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II.Мақсат қою.

Балалар, біз сіздермен «Әлеуметтік- мәдени аясы» бөліміндегі «Ғарышайлағында» , «Қазақ ғарышкерлері: Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев» атты жаңа модульмен танысуды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін біз сабақта Байқоңыр ғарышайлағына саяхат жасаймыз.

III. Жаңа білімді меңгерту.

Сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
4. Үшінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
5. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?

1.Байқоңыр тақырыбына бейне материал көрсету.

Сабақтың тақырыбы қандай екен?

Бүгінгі күнді , тақырыпты жазып алыңдар.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.

Класты үш топқа бөлеміз.

1-топ “Ғарыш “ тобы

2-топ «Жұлдыздар» тобы

3-топ «Ғарышкерлер» тобы

Байқоңыр туралы аңыздар. Зиманова Ақбота.

  1. «Байқоңыр — ғарыш алаңы» атты презентациясы Духаева Наиля

  2. Диалог – Быкова К, Габрельян О.

  3. Диалог-Кулешова Кристина ,Абдульманов Р.

Слайдтармен жұмыс

А) Байқоңыр — ғарыш алаңы.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Бүгінгі Байқоңыр

Қазіргі Байқоңыр космодромы 52 ұшырғыш қондырғысы бар, 9 старттық және 34 техникалық кешеннен тұрады. Ғарыштық аппараттарға арналған 3 жанармай бекеті мен 2 әуе жайы бар. 1994 жылы Ресей мен Қазақстан арасында жасалған келісім шарт бойынша Байқоңыр Ресейге 20 жылға жалға берілген болатын. Кейін 2005 жылыдан 2045 жылға дейінгі келісім шартқа қол қойылды. Бүгінде әлемде жалпы 10 космодром бар. Олардың бесеуі АҚШ, Франция, Жапония, Қытай, Ресей Федерациясында орналасқан, ал алтыншысы Тынық мұхитындағы жылжымалы халықаралық космодром.

В) 129 бет. “Байқоңыр -халықаралық ғарышайлағы” мәтінін оқимыз.

1-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру

“Байқоңыр” ғарышайлағы

Ұшу трассасы Аралдан Камчаткаға дейін.

Жалпы көлемі- 6,7 мың шаршы км

Құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен

көмекші объектілер (завод, аэродром)

Байқоңыр  алаңын   салу  үшін    Байқоңырды  таңдап   алу  кезінде    бұл жердің   елді   мекендерден   қашық болуы  , экватор жазықтығына   жақындығы, зымыран ұшырудың қауіпсіздігі , қайтып оралатын ғарыштың  обьектілер үшін  қолайлы қону  аймақтарының  болуы ескеріліпті. 

  Қазір онда   15 ұшыру  қондырғысы, 9 ғарыштық  кешен,  11монтаждау-сынақ   орны бар екен.   Зерттеу   барысында   аймақтың  жер бедері- тұзды топырақты,  жылжымалы  құмды  төмпешіктерден   тұратынын  білдім.  1994 жылдың   28- наурызында  Қазақстан  мен Ресей  арасында   қол қойылған.  «Байқоңыр ғарыш  айлағын  пайдаланудың басты принциптері мен шарттары туралы»  келісімге  сәйкес   ғарыш айлағы 50жылға  Ресейге  жалға  беріліпті.  Ресей  жыл сайын  жалға алған  бағасы деп  115 миллион доллар  төлеуі тиісті.  

Юрий  Гагариннің   ғарышқа   көтерілгеніне   50 жыл толуына  орай  ,  Байқоңыр ғарыш айлағының   ардагерлері оған Д.А.Қонаевтың   есімін беруді  ұсынды.   Байқоңырдан   ғарышқа   бірінші  адам  аттанғаннан  бері  қаншама  жер серіктері,  ғылыми  зерттеу станциялары, 1200-ден  астам  ғарыш  кемелері ұшырылып, соның нәтижесінде  ғылымымыз өркендеп,  табиғаттың  тылсым  құпиялары  ашылыпты.  «Байқоңыр» қызмет еткен   50 жылдың  ішінде  Қазақстанды  әлемге  танытты. «Байқоңыр»   ғарыш  айлағының    адамзат   баласы  үшін  де,  еліміз үшін де   алар орны   ерекше.  Халық  шаруашылығы  мен ғылымға   зор пайдасын  тигізді.

2-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру Ғарыштан  түсірілген  фототүсірілімдерді, түрлі  сигналдық , өзге  мағлұматтарды , арнайы  зерттеулердің  нәтижелерін  саралай отырып, жер қойнауының  қазба байлықтарын  және оның мөлшерін , планетаның  ауа райын,  ауа құрамындағы  болып тұратын өзгерістерді бақылап, ғылыми дәл тұжырымдар айтуға болады екен.  Ғарышта биологиялық зерттеулер  де  жүргізіледі.  Серіктік    байланысты    жүзеге    асырып,      

теле-радио   хабарлар , ұялы   - телефондар ғарыш   арқылы  байланысады. 

Күнгей беттің  көлеңкелі тұстары «Байқоңыр»  ғарыш айлағының  пайдасымен  қатар ,  кері әсері  де  бар   екен.  Байқоңырда   бір   жылдың   үш   жүз   күнінде   жел соғып,  оның 17-38 күнінде шаңды  борандар тұрады  екен.  Неге  біздің  ауылымызда  жиі жел соғып,  ауа райы күрт  өзгеріп  кетеді  деп  ойлайтынмын.  Зерттеу   арқылы   оның  себебі  

ғарыш кемесінің  ұшырылуынан  екендігін  білдім.  

     Ғарыш  айлағының  жұмысы    қоршаған  ортаға   мынадай кері  әсерін  тигізеді екен: 

- ұшу  процесінен кейін   , атмосфераның   табиғи  режимі  бұзылады; 

- атмосфераны  және   жер  беті  қабаттарын   зымыран жанармайының   қалдықтарымен   ластайды; 

- атмосфераның  азон қабатын  бұзады; 

-территорияларды  ұшу  аппараттарының  қалдықтарымен   ,  сынықтарымен зақымдайды; 

-қышқылды  жаңбырдың  жаууына  себепші  болады ; 

3-топ Мәтінді түсініп оқып, аудару, постерге түсіру

«Байқоңыр»  ғарышайлағы   орналасқан  аймақтың   басты  экологиялық   мәселесі- Арал  теңізі   деңгейінің    төмендеуі  және  жердің  тұзданып  құрғақшылыққа  айналу  процесі  Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар ауадағы азон қабатын жұқартуда.

Сіздер  білесіздер ме?  Ақтоғай  ауданы   жерінің   37 пайызы   ,  Шет  ауданы  жерінің   93 пайызы, Ұлытау ауданы жерінің 74 пайызы  «Протон» зымыран   тасығышының   отыны  гептилмен  ластанған екен.    Гептил  адам мен  жануарларға  кері  әсері  бар  улы  зат екен.( диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.)

«Байқоңыр» ғарыш  айлағынан   ұшырылатын    «Протон» зымыран   жеткізгішінің  бір рет  ұшырылуына   180 тонна   гептил  құйылады екен.  Көп сатылы   «Протон»  зымыран   жеткізгішінің   алғашқы  блогы жұмысын аяқтап, жерге   құлағанда  1,5тоннадан   - 3,5 тоннаға  дейін   гептил  қалдығы  жерге  төгіледі екен.    

    Қоршаған  ортаның    және  халықтың  экологиялық  қауіпсіздігін  нығайтып,  қазіргі  кездегі   өзекті   мәселелерді шешу көптеген  жұмыстардың  атқарылуын  талап   етеді. Ал  бұл мақсатқа  жету  үшін  мынадай  шараларды    орындау  қажет екен;

-қуатты  зымырандардың   ұшырылуын сирету;

-егінді  жинау  және  бау-бақшалардың   гүлдеуі кезінде  химиялық  қосылыстарды   бөлетін  зымырандарды  ұшырмау;

- токсинді  зымыран  жанар майларды  сақтауда,  оларды  тасымалдауда   қауіпсіздік  шараларын  сақтау;

-аймақтың  суы,  топырағы, өсімдіктеріне  жан-жақты  зерттеу  жұмыстарын   жүргізу;

-зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы  халықтың  денсаулығын  медициналық тексерулерден  өткізу ;

-елді-мекендерде  көгалдандыру , көркейту жұмыстары  атқарылуы  қажет.  






Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңдар.

1-топ

Ресей  жыл сайын  жалға алған  бағасы деп  115 миллион доллар  төлеуі тиісті.  

2-топ

Байқоңырда   бір   жылдың   үш   жүз   күнінде   жел соғып,  оның 17-38 күнінде шаңды  борандар тұрады  екен.

3-топ

Көп сатылы   «Протон»  зымыран   жеткізгішінің   алғашқы  

блогы жұмысын аяқтап, жерге   құлағанда  1,5тоннадан   - 3,5 тоннаға  дейін   гептил  қалдығы  жерге  төгіледі екен.  

Шунебек Аружан

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

  • - ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;

  • - атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;

  • - атмосфераның озон қабатын бұзады;

  • - территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;

  • - қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

  • - ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

  • - ракеталар отынының токсинді компоненттерімен ауа массалары мен жерүсті кеңістігінің былғануы;

  • -табиғи өндірістік-шаруашылық биологиялық объектілердің зақымдануына әсер етеді;

Байқоңырдың елімізге әкелер пайдалы жақтары да бар

  • 1. Ғарышқа қазақстандық ғарышкерлерді ұшыруға мүмкіндік береді.

  • 2. Қазақстандық азаматтарға, атап айтқанда Байқоңыр қаласы, Төретам стансасы және Ақай ауылының адамдарына мыңдаған жұмыс орындары ашылып отыр.

  • 3. Ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресей жағы қыруар қаржы төлеп отыр.

  • 4. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жақындасуына тағы бір себепкер - Байқоңыр..

ІV. Тексеру кезеңі

5.Оқушылардың жауаптарын тыңдау

V. Бекіту кезеңі







Тест сұрақтары

  • 1. Ғарыш алаңы қалай аталады?
    а) Астана 
    ә) Байқоңыр 
    б) Арал
    2. Байқоңыр ғарышайлағы қайда орналасқан?
    а) Қарағанды облысы
    ә) Қызылорда облысы
    б) Қостанай облысы

  • 3. Ғарышайлақ нешінші жылы салынды?
    а) 1962 жылы 
    ә) 1991 жылы 

б) 1955 жылы

  • 4. 2004 жылы Байқоңыр ғарышайлағын Ресейге неше жылға жалға берді?
    а) 22 жылға
    ә) 50  жылға
    б) 12 жылға

  • 5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
    а) 1962 жылы 
    ә) 1991 жылы 
    б) 1992 жылы



Қызық фактілер. Ерназарова Маржан

  • Ғарышта жалпы 300-ге жуық адам болған.

  • Кеме Жерден ұшып кеткенде ішіндегі бар зат салмақсыздыққа ұшырайды, бекітілмеген заттар ауада қалықтап жүреді.

  • АҚШ азаматтары Марк Ли мен Джуди Дэвис 1992 жылы неке қию рәсімдерін өткізген бірінші жұп.

  • Кеңес одағынан ең алғаш ғарышқа жіберген иттер болса, америкалықтар сынақ үшін маймылды жіберген екен.

  • Google компаниясы айға қонып, 500 метр аумағындағы айдың бетін түсіріп, Жерге тікелей репортаж жасай алатын аппарат ойлап тапқандарға 30 млн $ премиясын тағайындаған.

VI. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың білімін бағалау.Үй тапсырмасы: «Байқоңыр -ел мақтанышы» тақырыбына шағын эссе жазу.

- Ғарыш айлағына неліктен Байқоңыр қаласын таңдап алған?

           Ғалымдар бұл өңірді тектен – текке таңдап алған жоқ.. Біріншіден мұнда жылына не бары 3-4 рет қана жаңбыр жауады.Ал ғарышқа ұшыру тек осындай метеорогиялық жағдайды ғана қажет етеді. Сондай – ақ мұнгдағы Жердің тартылыс заңы және экваторға жақындығы есепке алынған. ....        53 бет.

- Ғарыш ғалымының   адамзатқа қандай пайдасы бар?

-  Бақоңыр айлағының қандай пайдасы және зияны бар? (Таратылған кестені толтыру. Топпен жұмыс)



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ашық сабақ: " «Байқоңыр- халықаралық ғарышайлақ" (358.52 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт