Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  8 класс  /  Ас қорыту жүйесінің қызметі мен құрылысы

Ас қорыту жүйесінің қызметі мен құрылысы

Өте жақсы сабақ.Оқушыларға ұнайтыны анық.Жүктеп алыңыздар.

26.05.2017

Содержимое разработки

Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі


Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың ас қорыту жүйесінің құрылысы, қызметі, маңызы жайлы білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара сабақтастыққа, оң қарым - қатынас орнату арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: М. Жанпейісованың «Интерактивті модульды оқыту технологиясы»
Керекті құралдар: «Activstudio»бағдарламасы бойынша флипчарт, үлестірме қағаздар, сандықша, қалам, ортақ бағалау парағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру).

Нені меңгердік:
1. Ас қорытудың маңызын;
2. Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі;
3. Ас қорыту жолында астың қорытылуын;

Нені үйрендік:
1. Ауыз қуысында астың қорытылуын;
2. Асқазанда астың қорытылуын;
3. Астың аш ішекте өзгеруін;
4. Тамақтану гигиенасы, асқазан – ішек ауруларының алдын алуды;

Оқушылармен сабақтың мақсатын анықтау. Оқушыларды 4 топқа бөлу.«Бақытты сәт» ойыны арқылы қорытындыланады.

«Бақытты сәт» шарттары:
1-гейм. «Бой сергіту».
2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғылар».
3-гейм. «Кім шапшаң?».
4-гейм. «Көсемдікке ұмтылу».

1-гейм. «Бой сергіту».
I топ.
1. Ас қорыту мүшелерін атаңыздар? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек)
2. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? (жұтқыншақ)
II топ.
1. Қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен дәрумендер)
2. Құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі? (қарын)
III топ.
1. Тоқ ішектің құрылысы қандай? (соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек)
2. Іші қуыс бұлшық етті мүше? (өңеш)
IV топ.
1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы(8 - 10 м).
2. Ас қорыту бездерін атаңыздар?(сілекей бездері, бауыр, ұйқыбез)

2-гейм. «Сандықтан шыққан бас қатырғылар».
Шарты: Топ мүшелері сандықтан нөмірлері бар шарлар алады. Мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ басшылары жауап береді.

Сиқырлы сандықша
1. Бейне сұрақтары: Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастыр.
2. Жұмбақ. Қатар - қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.(тіс, тіл)
3. Бейне сұрақ: Ауыз қуысында тістер қалай жіктеледі? (Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 28, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс)

4. Мақал - мәтел:
• Бірінші байлық - денсаулық.
• Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
• Ауру қадірін сау білмес, аш қадірін тоқ білмес.

3-гейм. «Кім шапшаң?». Уақыттан ұт!
Сәйкестігін табыңыз



-75%
Курсы повышения квалификации

Подготовка к ЕГЭ по биологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ас қорыту жүйесінің қызметі мен құрылысы (15.93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт