Меню
Разработки

Армысын, Жана жыл!

сценарий новогоднего праздника в средней группе с разными персонажами как Баба Яга, Петух, Собака, Дед Мороз, Снегурочка и стилист, также включены игры, песни на трех языках и стишки детей. В празднике Баба Яга хотела превратиться в Снегурочку и позвала стилиста, обманула Деда Мороза со Снегурочкой, но ее задумка не сбылась, все персонажи помогли Снугрочке и деду Морозу вернутся на праздник и добрата восторжествовала и в конце все вместе встретили Новый год, дети пели песни, читали стихи, играли в разные игры

23.05.2018

Содержимое разработки

Зал мерекеге сай безендірілген.

Тәрбиеші:

Келді міне,Жаңа жыл ортамызға

Құт береке әкелсін баршамызға.

Аңсаған арманымыз орындалсын,

Өміріміз бақытпен толсын нүрға.

Балалар залға музыкамен билеп кіреді.

Би: «Сәлем, Жаңа жыл »

Балалар орындарына жайғасады.

Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз

Арта берсін жақсылық пен берекеңіз.

Жаңа жылда жаңа бақыт,жаңа нұрға,

Тола берсін әрдайым керегеңіз.

Балалар бізде бүгін көптен күткен жаңа жыл мрекесі. Ал жаңа жыл мерекесіне бізге кімдер қонаққа келуші еді?

Балалар: Аяз ата, Ақша қар.

Жүргізуші: Тамаша, олай болса аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар

Сол кезде музыка әуенімен Әтеш залға кіреді.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку!!! Сәлеметсіңдерме! Барлықтарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мол бақыт, денсаулық, жүздеріңізден күлкінің кетпеуін тілеймін.

Тәрбиеші: Әтеш, ал Аяз ата мен Ақшақар қайда?

Әтеш: Біз барлығымыз сендерге қонаққа келмекші болып жолға шығып едік, боран көтеріліп, орманның ішінде аяз ата мен Ақшақарды таба алмай қалдым. Ал мен болсам оларды таба алмадым. Маған көмек керек, жалғыз Аяз ата мен Ақшақарды таба алмаймын. (әтеш көңілсіз болып, орындыққа отырады).

Тәрбиеші: Алдымен біз сенің көңіліңді көтеру үшін ойын ойнайық. Ойнайсыңба бізбен?

Ойын: «Пима» (балалармен ойнайды)

Тақпақ: Т Санжар. Диар, Аружан, Тамирис, Інжу.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған .


Диар: Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ.


Аружан: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай,Алақай

Өселі бойымыз


Тамирис: Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек ақ мамық

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып.

Інжу: Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны

Жарқыраған шыршаны.

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды мәз қылды.

Тәрбиеші:Әтеш балалар саған жаңа жылға арналған әнін айтып береді қабыл ал!

Ән: «Қыс қызығы»

Әтеш: рахмет, балалар. Көңілім көтеріліп қалды. Бірақ Аяз ата мен Ақшақар қайда екен? Оларды таппай болмайды. Маған балалар сендердің көмектерің керек.

Сол кезде мыстан кемпір жүгіріп келеді:

Мыстан: -ха-ха мен ақшақар мен Аяз атаны тығып қойдым, Ақшақардың орнына мен ақшақар боламын. Мен жаңа жыл мерекесін қарсы аламын.

Әтеш: Ол қалай болғаны?! Жо-Жоқ. Мыстан кемпір жаңа жыл мерекесін өткізе де алмайды ғой. Мен тез арада барып Аяз ата мен Ақшақарды іздестіріп келейін.

Кетеді.

Тәрбиеші: Мыстан кемпір сен қалай Ақшақар болмақшысың? Балалар, Ақшақар қандай болуы керек?

Балалар: әдемі, көрікті, сыпайы, байсалды т с с

Мыстан: ха,ха, менің әрлеушім бар. Соны сыйқырлап шақырамын. Сендер көмектеспесеңдер әрлеушім көмектеседі. Мыстан сиқырлауға кіріседі.

Сиқыр: абрака-дабра

Шырша артынан музыка әуенімен, қолына журнал ұстаған әрлеуші шығады.

Әрлеуші: - ой мен қандай жерге келдім.Мыстанға қарап

-Не деген ұсқынсыз киім?! Не деген шаш?! Бетіңізге әжім басып қартайып кетіпсізғой-деп мыстан кемпірді жақтырмайды.

Мыстан: Жетер енді!!! мен сені мұнда мені әдемілеуге шақырдым.Мені ақшақар қылып әдеміле.

Әрлеуші: Жо-жоқ (басын шайқайды) сенен ешқандай ақшақар шықпайды.Солай ма балалар?

ИЯ.

Әрлеуші: мүмкін балалар өз өнерлерін көрсеткен соң сенің көңілің елжірер.

Жүргізуші:Ия Мыстан сен біздің балаларымыздың жаңа жылға арналған жылы лебіздерін тыңда ортаға бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Дарина, Е.Санжар, Ассоль, Дания, Ерсұлтан

Дарина: Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық сағынып.

жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Қ.Санжар: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Би билейміз бәріміз.

А Амир: Аспан жерге төгеді,

ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда каледі,

Бізге сыйлық береді.


Диляра: Бақша іші мереке.

Ойын күлкі асқақ ән,

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені батаған.

Бексұлтан: Сәтке қарап тұрмайсың.

Көңілді енді қыс қандай,

Шаңғыменен зырлайсың.

Қанат бітіп ұшқандай.

Жанара. Ал ақшақар қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Қанаттарың желбіреп,

Би биле мына халыққа.

Тәрбиеші: Мыстан біздің балалар тілек айтып қоймай би де билей алады.

Би: «Кукарелла»

Мыстан: Жоқ маған ұнамады.Әрлеуші сен мені ақшақарға

айналдырмасаң мен сені бақаға айналдырып жіберемін.

Әрлеуші: Жақсы, болмадың ғой, мен сені шамам келгенше әдемі етейін-деп қорқа қорқа келіседі.

Екеуі музыкамен кетеді.

Әтеш музыкамен келеді.

Тәрбеші. Әтеш қалыңыз қалай? Аяз ата мен Ақшақарды таптыңыз ба?

Әтеш: жоқ ,мен Аяз ата мен ақшақарды әліде таба алмай жүрмін.

Тәрбиеші: Уайымдамаңыз, біз келер жылды Ит жылын шақырайық.Мүмкін ол бізге көмектесер.

Осы кезде музыкамен Ит кіреді.

Ит:Hello children! Happy new year!!

Барлықтарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа бақыт, ырыс пен көңілдеріңізге шаттық әкелсін.

Тәрбиеші:Рахмет.Ал, енді сіз біздің балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыз.

Тақпақ: Ясмин. Жасмин, Айтжан, Зайни, Гаухар, Анель, Алуа

Новый год!Ағылшын тілінде

Ән: Уй уиш ю э мэри кристмас

Ит:Жарайсыңдарбалалар.Енді менімен кім ойын ойнағысы келеді?

Ойын «Аққала».

Би: Холодок

Ит: Ой балалар неткен өнерлісіңдер. Рахмет.

Әтеш: достым, біздің мерекенің басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақар боранды күні адасып кетті. Маған оларды іздесуге көмектесесіңбе?

Ит: әрине. Аяз атамыздың ізін қар басып тастамай тұрғанда тез арада олардың ізіне түсіп алайық. Гаф, гаф.

Әтеш пен ит Аяз ата мен Ақшақарды іздеуге кетеді.

Тәтбиеші.Енді Аяз ата мен Ақшақар келу ушін .

Тақпақтар: Ернұр, Ғалымжан, Адиля, Саяжан, . Жалғас


Ернұр: Безендіріп шыршаны.

Жыл қуантты баршаны,

Той маскарад басталды .

Аяз оны басқарды.

Ғалымжан: Базарлықты баршаға,

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып,

Безендірдік шыршаны.

Адиля: Тақпақтарды жаттадық,

Би үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

бізге риза болсын деп.

Саяжан:Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймйды қараса.

Жалғас: Бізбен бірге ойнайды

жаңа жылды тойлайды.

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Осы кезде Ит пен әтеш келеді:

-гаф, гаф.

-ку-ка-ре-ку!

Екеуі бірге: Алақай біз аяз ата мен Ақшақарды таптық. Олар сендерге келуге дайындалып жатыр.

Мыстан шыршаның артына тығылады.

Ит жерді иіскелеп- гаф, гаф мына жерде Мыстан кемпір бар сияқты.

Әтеш: ку-ка-ре-ку, Мен қазір оған сазайынын беремін.

Мыстанды тауып алады (Фиксик мыстанға айналады, шыршаның артында): Мыстан мен Әтеш келіспей қалады. Бір біріне дөрекілік танытады.

Әтеш: ку-ка-ре-ку, сен мерекеге қалай ғана келдің?

Мыстан: менде жұмысың болмасын. Мен де мерекені тойлағым келеді.

Әтеш: сені мүлдем бұл жерге кіргізуге болмайды.

Мыстан: Қандай мерекеге барғым келсе, сол мерекеге барамын –деп жалғаса береді.

Осы кезде салмақты Ит пен Тәрбиеші даудың басын шешуге кіріседі.

Тәрбиеші:қойыңыздар, бүгін мереке ғой, мерекені адамдар мен жануарлар, ормандағы аңдар барлығымыз тойлауымыз керек. Әркімге бұл мерекенің орны бөлек, солай емес пе балалар?

-ИӘ!

Ит: дұрыс айтасыңдар балалар. Сондықтан да Мыстан кемпір, сен бізге балаларға сыйлық жасауға көмектес.

Әтеш: Жүр біз сені жақсылық жасауға үйретейік.

Мыстан кемпір: содан соң мені барлығы жақсы көреді ме? Аянышпен қарайды.

Ит: Әрине.

Мыстан кемпір қуана келісіп, үшеуі балаларды тағы да құттықтап кетеді.

Тәрбиеші: Ал енді біз қанекей Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Барлығы: Аяз ата-Ақшақар.

Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Біз сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!

Тәрбиеші: Біз де сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Аяз ата біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Көмектесуіңізді сұраймыз.

Барлығы: қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат.

Шырша жанады.

Жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша жырын» айтайық.

Ән «Шырша жыры»

Жүргізуші:Бүлдіршіндеріміздің жылы лебіздерін қарсы алыңыздар ортаға Тақпақ: Надир, Бағым, Адия, Ислам, Лаура.

Надир.Қараңдаршы далаға.
дала аппақ ақшақар,

Тал мен үйлер далада.

Жамылыпты ақшақар.

Бағым Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Адия Жаңа жылды қарсы алдық,

Мініп алып кұймеге.

Менде бүгін ән салып,

Араластым биге де.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.

Лаура

Сақалы аппақ күріштей,

Тістері аппақ кұмістей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Ислам .Сағынып көп күткен,

Атамыз келеді,

Алақа,алақай

көп сыйлық береді.

Би «От шашу»

Ойын: «Шыршаны безендіру» ата-ана, балалармен ойын.

Аяз ата: Тамаша балалар, рахмет сендерге. Өнерлі, тапқыр, алғыр екенсіңдер.

Осы кезде мыстан кемпір балаларға шанамен сыйлықттар алып залға келеді.

Мыстан кемпір сыйлықтарды Аяз атаға береді.

Ақшақар: мыстан кемпір сен енді ақылды болғанға ұқсайсың?!

Мыстан: әрине, мені кешіріңдерші.

Тәрбиеші: әрине Мыстан кемпір біз сені кешіреміз, қателіктер барлығында болады емес пе?! Дұрыс па?

Барлығы: иә.

Аяз ата: Балалар, біздің енді басқа да балаларды барып құттықтауымыз керек. Ал мыстан кемпір сен бізбен бірге жүріп, жақсылық жасауға әрі қарай үйрен. Мына сыйлықтар балалар сендерге, тағы да жаңа жылдарыңмен құттықтаймын. Кетеді.

Сыйлықтар таратылады.

Тәрбиеші: Осымен біздің кешіміз аяқталды, барлықтарыңызға үлкен рахмет. Жаңа жыл әр бір үйге тек жақсылық сыйласын.


























МКҚК «Салтанат» бөбекжай-бақшасы»












Тақырыбы:


«Қош келдің, Жаңа жыл»

3 топ









Тәрбиеші:

Абдрахманова Р.М.

Оменова З.А.

Әдіскер:

Кирибаева М.С.










2017 ж

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Армысын, Жана жыл! (24.33 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт