Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы №21 «Тоғжан» ясли-бақшасы
Тасбулатова Тұрар Орынбекқызы тәрбиеші ІІ-санатты
Тақырыбы: « Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.»
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош келдіңіздер , қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі ясли –бақша менгерушісі Айгүл Қожантайқызына береміз.
Жүргізуші: Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ұлдарымыздың сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар :
1Рамадин : Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрін де .
2Шадияр: Ақ қабақты анашым ,
Күн сәулелі анашым .
Әлпештеген баласын ,
Айналайын анашым
3Т.Бегарыс :Әр сөзімді жаттаған ,
Жүрегімде сақтаған ,
Анашымдеп мақтанам ,
Айналайын ақ анам !
4Мадияр: Мамам мамам ақ мамам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанда барамын
5Данияр: Шәй қайнатып келейін
Шекер салып ,жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем
6 Ғ.Бегерыс :Өзің мені өсірген
айналайын ақ әжем
тентек болсам кешірген
шөлдедің ба , дана әжем
Балалардың аналарына арналған әнін қабыл алыңыздар !
Ортада қыздардың орындауында «Үнді биі» қабылалыңыздар
Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса балалардың тақпақтарын қарсы алайық
Тақпақтар :
7 Тұрсын : Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
8 Замир : Жұмақ -құшақ панаң
Күндей нұрлы санаң
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам !
9 Арсен : Жыртылмасың жағаң ,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші ,
О,періште Анам!
10 Алихан : Менің әжем әліде
Ұқсамайды кәріге .
Шай қайнатып береді
Керек болса бәріне .
11 Бағдәулет : Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
-Рахмет балалар .Балалар сендердің өнерлеріңді әр қырынан көріп жатырмыз .Осындай өнерлі балалардың ата-анасы қандай екен ? Ол жағын біз қазір шағын ойын арқылы анықтаймыз .
Шарты : Ортаға 3 әке шығуы тиіс .Бәріміз білеміз әдетте үй шаруасына,тамақ әзірлеуге ,кір жууға аналар жауапты .Ал әкелеріміз ондай іспен айналыспаса керек. Енді құрметті әкелер ,бүгін аналардың мерекесі сондықтан жылына бір-ақ рет келетін мерекеде аналарды үй шаруасына араластырмай өзіміз барын жасап көрейік .
«Бүгін 8 наурыз ,әйеліңіз жүмыста . Ол келуге бір неше сағат қалды Балалардың кейімдері шашылып жатыр оны жинау керек ,мерекелік дастархан жаюда керек , себебі әйеліңіз құрбыларымен келе жатыр және үй шарлармен де безендірілмеген » Енді сіздер осының бәрін кезек пен ешкімнің көмегінсіз орындап шығуларыңыз керек .
Әкелер мен ойын
Әкелердің құрметіне қыздардың биін қабылалыңыздар
Аналарына арнап қыздардың тақпағын қабылалыңыздар
Тақпақ :
12 Асылназ : Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
13 Аяулым : Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
14 Інжу : Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
15 Ақжібек : Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
16 Айару : Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
17 Малика :Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Ұлдарымыздың аналарына арналған биін қабыл алыңыздар
Ән : Хор
Қыздардың тақпақтары
18 Әмина :Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
19 Ұлбосын : Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
20 Сымбат :Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
21 Арай : Келді көктем күнің
Күлімдейді гүлім
Алтын ойлы анам
Мерекеңіз бүгін
Жалпы би
Құрметті қонақтар асыл аналар мерекелеріңіз құтты болсын денсаулықтарыңыз мықтты болсын біздің балапандарымыздің өнерін тамашалаған дарыңызға рахмет .
Анамызға мың алғыс

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды (15.64 KB)

