Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Мероприятия  /  7 класс  /  Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

8- наурыз аналар мен қаздар мейрамын атап өту.

01.12.2017

Содержимое разработки

Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны»

Мақсаты:

а) 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға ,ана есмін ардақтап ,қадірлеуге,сыйлауға баулу.
ә) Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту

б) Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.

І-ші бөлім.Аналарға арналған монтаж.

Мұғалім:

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді!

-Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! -Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! -Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін! -Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!

— Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.

І жүргізуші: Қадыр

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

-Сыныптың орындауында ән «Анаға сәлем.»

Өлеңі: Ө.Иманалиевтікі

Әні: Е.Хасанғалиевтікі

ІІ жүргізуші: Ришат 1-слайд. Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе бар мейрімін

Орнар еді бар әлемде тыныштық

2-слайд. Қар астында қылтыйып бәйшек бой көтергенде көктемнің

алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді.

3-слайд. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан ,қалың қардың астыннан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан Барлық қыйындық атауға төзімді болады.


І жүргізуші: Қадыр

4-слайд: 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады.

5-слайд Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды.

6-слайд. Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Дания, Австрия, Швейцария және Германия

ІІ жүргізуші: Ришат 7-слайд. 8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады.

Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women-only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен.

8-слайд. Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды.

Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көр таралған түрі.

І жүргізуші: Қадыр «Ана туралы өлеңдер»

Бағдат

Аналарды ардақтаған бабалар

Аруларды құрмет тұтқан даналар

Құтты болсын мерекесі көктемнің

Сіздер барда жүректерде жылу бар

Көктемдегі күндей болып жайнаңдар

Құтты болсын мерекеңіз арулар

Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Ришат Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.


Қадыр

Ана десем – шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алар жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі

Ана деп бас иеді күллі халық.

Камила

Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.


ІІ жүргізуші: Ришат Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз

Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын

Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ұлдардың орындауында «Менің анам алтын»

І жүргізуші: Қадыр Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең

«Аялы алақан ойыны»-Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу

ІІ жүргізуші: Ришат

Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.

Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз

Камиланың орындауында «Түрік» биі

Мұғалім:

Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек

Мақал –мәтелдің ізін жалғастыру.

1.Алып анадан туады, ..... Ат биеден туады.

2.Ананың сүті — бал, ... Баланың тілі — бал.

3.Ананың ізін қыз басар, ... Атаның ізін ұл басар.

4. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да......... қарызынан құтыла алмайсың

5. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,......... Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.

6. Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.... Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.

7.Ана алдында құрмет,…… Ата алдында қызмет.

8.Ағайынның алтын сарайынан......... Ананың жыртық лашығы артық. 9.Астың дәмін тұз келтірер,.... Ауылдың сәнін қыз келтірер

10.Ата - асқар тау, Ана - баурындағы бұлақ,...... Бала – Жағасындағы құрақ

11.Ұяға отыз үйден тию…Қызға қырық үйден тыйым 12. Қыз жоқ жерде… қызық жоқ

13 Әке көрген оқ жонар…Шеше көрген тон пішер.

14 Баланың ұяты әкеге…Қыздың ұяты шешеге

Ән:«Анашым» әні

І жүргізуші: Қадыр

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

ІІ жүргізуші: Ришат

Құрметті қонақтар ,біздің «Анамның аялы алақаны» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!








































-80%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения физике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Анамның аялы алақаны (54.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт