Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Разное  /  Прочее  /  Ана тілім – алтын тұмарым. ( Эссе )

Ана тілім – алтын тұмарым. ( Эссе )

Туған тілім қазынам, алтын кенім,

Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.

Қош келдің туған өлке, бесігіңе,

Қасиетті бабамның тілі менің.

Ана тілім – асыл қазынам. Ана тілім ардағым, жүрегім, қаным. Тілің – тегің, жаның. Тіл – ұлт айнасы. Ана сүтімен бойына дарып жарық дүниеге келген әр ұрпақ осылай деп ұғар. Осынысымен мақтанар – ұлтының ер жетер азаматы ел болар халқы. Жасап кеткен аталарымыз жері, суы, діні мен тілі үшін қырқысып керек десе жанын қиып елін қорғады емес пе? «Ата көрген оқ жонар» демекші сол аталар қорғаған дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып,шық жұққызбай, ұлт намысын ту ғып ұстап келе жатқан әр ұлттың жанашыр саналы азаматтары екені белгілі.

22.09.2017

Содержимое разработки

Ана тілім – алтын тұмарым.

( Эссе )



Туған тілім қазынам, алтын кенім,

Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.

Қош келдің туған өлке, бесігіңе,

Қасиетті бабамның тілі менің.


Ана тілім – асыл қазынам. Ана тілім ардағым, жүрегім, қаным. Тілің – тегің, жаның. Тіл – ұлт айнасы. Ана сүтімен бойына дарып жарық дүниеге келген әр ұрпақ осылай деп ұғар. Осынысымен мақтанар – ұлтының ер жетер азаматы ел болар халқы. Жасап кеткен аталарымыз жері, суы, діні мен тілі үшін қырқысып керек десе жанын қиып елін қорғады емес пе? «Ата көрген оқ жонар» демекші сол аталар қорғаған дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып,шық жұққызбай, ұлт намысын ту ғып ұстап келе жатқан әр ұлттың жанашыр саналы азаматтары екені белгілі. Ал,өмір ағысымен ығып, «сен тимесең мен тимейін бадырақ көз» демекші өзге ұлт шылауыңда кетіп,өз ұлт келбетін жоғалтып алған халық аз емес. Оған тарих куә.


... Ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына. Сондықтан да біздің ана тіліміз халық болып қалыптасқаннан бері жасап келе жатқан жан дүниеміздің айнасы, өсіп өніп, түрлене беретін мәңгі құрымайтын бәйтерек болып қалмақ...»

Ж.Аймауытов

Шынында да, тіл - адам қоғамының туындыларының ішіндегі асылдардың асылы, қымбаттың қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді.

Тіл – адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде қазақ тілі де, халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Тіл жай сөз емес, ол өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен, толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ел президенті Н. Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақтың рухани мәдени байлығы, баға жетпес құндылығы» Тіл ұлттық болашаққа жеткізетін құрал. Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді. Қазақ тілі – өте бай тіл. Қазіргі қазақ тілі – сөздік жағынан байыған, грамматикалық құрылысы барынша дамыған. Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып пайдаланған адам – Абай Құнанбаев.

Тіл - ұлттың жаны. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: «Өнер алды – қызыл тіл». «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады». «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар» сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді.

Ана тілі халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлығы сұйыла түскен. Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. «Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы» деген. Ұлттың ең бірінші , ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. «Тіл біздің тұтастығымыз» «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білімі»,- деп жазушы М. Әуезов айтқандай елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы- тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата – бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!


КММ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер

көрсету балалар орталығы»

Дефектолог-мұғалім Сейдахметова

Акмарал Зикиралиевна






-75%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ана тілім – алтын тұмарым. ( Эссе ) (15.24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт