Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Мероприятия  /  6 класс  /  "Ана тілі - жүрек үні" атты әдеби-музыкалық кештің сценарийі

"Ана тілі - жүрек үні" атты әдеби-музыкалық кештің сценарийі

6-сыныптар аралы?ында?ы ?деби-музыкалы? кешті? сценарийі

25.01.2017

Содержимое разработки



278 орта мектеп

















( 6-сыныптар аралығында өткізілген

әдеби-музыкалық кеш)























2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: «Ана тілі - жүрек үні»

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, өлеңдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана тілі туралы сөздер, ақын-жазушылардың суреттері, көркем әдебиеттер.


Кештің барысы:  

(Кешке қатысатын оқушылар хормен әнұранды орындайды. Сахнада 7 жеті шешен қалып, тіл туралы толғау айтады)


1-жүргізуші: Жанын сап, халқың сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.


2-жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

1-жүргізуші: Тіл - ұлттың жан дүниесі, халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі .

2-жүргізуші:  Тіл - тәуелсіздік тірегі. Халық өмірінің өлшемі де тіл. Тілсіз ештеңе дамымайды. Республикада ана тіліміз - қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» мәртебесі беріліп, Тіл туралы заң тұңғыш рет 1989 жылы, ал екінші рет 1997 жылы шілденің 11-жұлдызында қабылданды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Соған байланысты мектебіміздегі Тіл апталығы аясында өткелі отырған «Ана тілі - жүрек үні» атты әдеби-музыкалық кешімізге қош келдіңіздер!

1-2 жүргізуші:    Қош келдіңіздер демекпіз!


2-жүргізуші: Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,

Тілің барда нұр шашып, атар күнің.

Сөзімнің ұғар болсаң түп-төркінін,

Жүрек жырын жазар ем таппай тыным,- деп ақын ағамыз жырлағандай тіл құдіретімен жазылған «Қазақтай ел қайда?» әнін 6 «Ә» сынып оқушысы Амангелдиев Асхаттың орындауында қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Тамаша таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

Жан-дүниең жарқырап сала берер

Ағарып келе жатқан атып таңдай!

2-жүргізуші:  

Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,

Тілім тұлпар- қуған желге шалдырмас.

Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,

Жер иесі - менің тілім мәңгі жас,-

деп М Әкімхановтың «Қуатым – ана  тілім» атты  өлеңін Бисенбекова Камила мәнерлеп оқиды.  

Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,

Айтады ана тілсіз кім түбіңді?

Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,

Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.

Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,

Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.

Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,

Әперген маған орын ашып төрден.

Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,

Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.

Сен барда терезем тең, еңсем биік,

Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!

Ардағым, ана тілім – жан мерейім,

Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін .

Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,

Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.


1-жүргізуші:  Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


2-жүргізуші: Өлең жырмен арайланса тау күліп,

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын

Жалғастырып жаза берем мәңгілік,-деп ақын жырлағандай, ендігі кезекте тіл туралы өз шығармашылығымен 6 «Д» сынып оқушысы Әлішерова Гүлнұрды «Ана тілім - айбыным» атты өлеңімен шақырамыз.

1-жүргізуші: Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,

Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.

Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым,

Кербез қыздың бұлаң қаққан ғажап биін айналдым,- деп 6 «В» сынып оқушысы Күмісбекқызы Нұршапағаттың «Адай» биін тамашалайық.


2-жүргізуші:  Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,

Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!

Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,

Екенін жан сырымның анық мұның!

Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,

Көзіңді сал көк аспан алыстарға.

Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын,

 Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.


1-жүргізуші: Өз тілінің елі, халқы үшін жанын берер, өр тұлғалы ақын М. Шахановтың тіл туралы «Тіл рухани күре тамыр» атты жырымен 6 «Д» сынып оқушысы Шегебай Мөлдірді ортаға шақырамыз.

 «Тіл рухани күре тамыр»

Тіл рухани күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,

Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ, сана жоқ.

Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,

Бұл ғасырлық зұлымдықты  қай қу ойлап тапты екен.

Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы,

Ана тілін ардақтауға жетпегені шамасы.

Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде,

Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімге.

Ол,әрине, орысша ойлап, тек орысша түс көрер,

Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпенен.

Ана тілсіз дамыған соң сезім, ойы, санасы,

Түрі қазақ болғанымен , ол орыстың баласы.

Өмірінің ана парқын игергеннің бәрі де,

Яғни ана тілсіз  өніп, көгергеннің бәрі де.

Басқа анаға , басқа ұлтқа кеткен жандар бала боп,

Өз халқына олар енді жарытпайды ана боп.


2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар ,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар.


1-жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!

Ортаға 6 «Ә» сынып оқушылары Қыстаубаева Зина мен Әбен Назгүлді «Ана тілім - дана тілім» атты әнімен қарсы алыңыздар!


2-жүргізуші:  Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай.

Ендігі кезекте 6 «А» сынып оқушысы Аманғалиев Ұланды Ә.Әбіловтің «Тіл сенің» жырымен ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші: Ана тілім – бәрін сөйлер шежерем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!

Ортада 6 «Г» сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалаңыздар!


2- жүргізуші: Ана тілін – болашағың, келешегің,

Сен арқылы биікпен теңесеміз.

Өлең жазып, ой толғап өз тіліңде,

Шыққан адам боламын өсемін де-

деп өз шығармашылығынан 6 «Б» сынып оқушысы Рахат Нұрсұлуды «Ана тілі - жүрек үні» өлеңін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Жаса мәңгі, ана тілім, жан тілім

Жаса мәңгі, дана тілім, жарқыным

Көкірегімнен көтерейін ар туын

Мәңгілікке нұрландырсын жарқылың

6 «В» сынып оқушысы Тайжан Тұрғанайды Қадір Мырзалиевтің «Тілдің туы» атты жырымен қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші : Ал, халайық тұрмайық,

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу-маржан шашайық,-деп келесі кезекте 6 «Г» сынып оқушылары Жанзақ Айдана, Жанетова Нұрайым, Төлеу Нұртуғанды «Иә, солай» әнімен қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші :   Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,

                          Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

                         Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

                    Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- дегендей енді кезекті әзілқой жас Көңілді Тапқырлар Клубының әзілдеріне береміз.


2-жүргізуші : Ана тілім - алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым,

Сенің жазың, сенің әнің айтарым

Санам сөніп, байланғанша тіл жағым.

Ән «Жаса, қазағым» орындайтындар: Ерденбек Еламан, Жарылқасын Біржан

1-жүргізуші: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік, ерлік, азаттығын.

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім - қазақ тілім!


2-жүргізуші :  Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілі - ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу - бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу - шын өнер, - дегендей ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік!

1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тіл - ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой» деген. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру - мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

2-жүргізуші: «Тіл - халықтың алтын діңгегі» дейді халық даналығы. Ана тіліміз біздің ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымызда!

Хор: «Анамның тілі»

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 6 сынып оқушыларының қатысумен өткізілген «Ана тілі - жүрек» үні атты әдеби-музыкалық кешіміз өз мәресіне жетті!

2-жүргізуші: Көңіл койып тыңдағандарыңызға алғыс айтамыз! Келесі кездескенше

1-2 жүргізуші: Сау болыңыздар!



















-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ана тілі - жүрек үні" атты әдеби-музыкалық кештің сценарийі (61 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт