Меню
Разработки

Ана - өмір шуағы

А

Балаларды аналарын с?юге баулу. Ана туралы такпактар ?йрету.

17.04.2017

Содержимое разработки

Ана -өмір шуағы!

Мақсаты:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.Мейірімділікке,сый-құрметке тәрбиелеу,ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі:Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру,даналық сөздер жазылған плакаттар,гүлдер шарлар ілу.

Өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Құттықтау сөз

Мұғалімнің сөзі:-Қош, келдіңіздер!Ана,Ана,Ана!Не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші!Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?!Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы аналарға,қыздарымызға арналмақ..1.жүргізуші:Көктем келер гүлін алып,жазда келер жырын алып-деп ән мәтінінде айтылатындай ,нұрлы шуағы мол наурыз айы туып ,ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8Наурыз мерекесі келіп жетті.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушым-бір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!-деп «Мектепалды даярлық» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ән «Көктем»

Енді алдраыңызда балаларыныздың өнерлерін қабыл алыңыздар.Тақпақтарға кезек берейік

Әмина:Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Назерке:Айналайын анашым

Әлпештеген баласын

Еміп өскен бөбекпіз

Анамыздың мамасын

Таңжарық:Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым

Әкежан:Мен гүлдерді жулмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Шыңғыс:Анам біздің күніміз

Ана-біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жансая:Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық

Бексұлтан:Анам кетсе жұмысқа

Анашымды сағынам

Құлағына сыбырлап

Анама арнап ән салам


Айсұлтан:Бөбегінің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

Мәулен:Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Гүлнұр:Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Тәрбиеші:

Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін,

Жылытар журегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық ұлдарымыздың

Би: «Тұлпарым»




Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, аналарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тақпақтар айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші:Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес,сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тақпақтарымызды айтайық.

Көркем:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті әжелер мен аналар

Алуа:

Арнұр:Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдептен бас иеміз

Гулноз:Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Әдемі: Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Досым:Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың журегі

мейрімді ғой керемет.

Азамат:Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Нұрдаулет:Ақ анашым,аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де

Мәриям:Анамыздың мейірімі

Жүзіне бір қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

Әнуар:Бізге қарап елжіреп,

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп

Айша:Мен мұғалім анамның

Өнегесін аламын

Ертең менде анамдай

Оқытушы боламын

Абай:Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Ақерке:Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық

Ән «Ақ мамам»

Айжігіт:Қандай қызық көкткемде

Күн шуағын төккенде,

Гүл тереміз алуан

Шығып алып көк белге

Аягүл:Құстар келіп көктемде

Ағаштарда гүлдейді

Қырдан теріп қызғалдақ

Апам үйге әкелді

Балнұр:Анам біздің күніміз

Ана-біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Айару:Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

Құлыным деп құшағына алады

Өзгеге де,өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

Әли:Айналайын анашым

Аялайсың бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

Ербол:Жақсы көрем қүлкіңді,

Айналайын ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Рамазан:Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Қөп жасасын ақ мамам!

Ерасыл:Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Ән: « Құттықтаймын, мама,туған күніңмен!»
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

Аналар, қалқып бақыт аралында ,

Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа

Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа –дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Ана- өмір шуағы»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!Міне,құрметті абзал жанды аналар, әжелер.Сіздерді тағы көқтемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып.Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!(балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ана - өмір шуағы (95.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт