Күні:12.05.2016 жыл
Сынып: 5 Б
Тақырып: «Аңшылықтың түрлері».
Мақсаты: Б- к: Аңшылықтың түрлеріне түсінік беру. Аңшылық өнерімен таныстыру, тәуелдік жалғаулар жалғау арқылы,сөздерді тәуелдеу арқылы, сөз таптарын еске түсіріп, жаттығумен жұмыстар жүргізу.
Д- қ: Оқушылардың ойлау ,сөйлеу қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, өзойын ашық жеткізе білуге баулу.
Т-к: Аңшылықтың түрлерін анықтау арқылы оқушыларды тиянақтылыққа,сабырлыққа, мергендікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:Аң аулауға керекті құралдар түрі, аңшылыққа арналған кітаптар, аңдар туралы ертегі кітаптар,аңшылық тақырыбына презентация, семантикалық карта,тірек сызба кестесі, оқулық.
Әдіс-тәсіл: Түсіндірме, сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
Ұйымдастыру:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын!
Аптаның бейсенбісі,
Сәттілікке толсын.
Бүгін алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ- жауап арқылы тексеру.
- Аңшылық дегеніміз не?
- Аңшы деген кім?
Аңшылық – адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс түрі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды.
Жаңа сабақ: Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын айтып, таныстырып өту.
Слайдтағы суреттер арқылы аңшылықтың түрлеріне тоқталып, әңгімелеу.Тақта алдында тұрған көрнекі құралдармен таныстырып өту.
Сөздікпен жұмыс: Балық аулау - рыбалка
Аңшы - охотник
Қақпан - какпан
Тор - сетка
Жемтік салу - подкорм
Тұзақ – ловушка.
Аңшылықтың түрлері: 1. Топ болып аулау.
2.Жеке аулау, аңды ұрып аулау. Әңгімелеу.
1- тапсырма. Сөйлемдерге сұрақтар құрап ауызша айт.Зат есімнің тәуелденуіне мысалдар келтіру.
Даланы мекендейтін аңдар: түлкі, қасқыр, сарышұнақ, қарсақ, ақбөкен т.б.
Орманды мекендейтін аңдар: бұлан, аққоян, тиін т.б.
2- тапсырма. Аңшылық құралдарының аттарын пайдаланып, сөйлем құрап жазыңдар.Сөйлем құрау барысында сөз таптарын пайдалануды ұмытпау.Тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғануын қадағалау.
3- тапсырма. Аңщылық құралдарын пайдаланып, ойын ойнау. Ойын мақсаты: Оқушыларды мергендікке, дәлдікке,сақтыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.Тапсырмалары арқылы бүгінгі тақырыпты меңгеру.
Балық аулау.
Ережесі: Балықты аулап, берілген тапсырманы орындау.
Балықтардың арасында «Алтын балық» бар екенін ескерту.Оны ұстаған оқушының тілегін тыңдау.
Тапсырмалары:
Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір, балық сөзін тәуелде.(жазбаша орында)
Оқушы сөзін жікте. Ауызша.
Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір,келді сөзін жікте.
Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.
Сан есім дегеніміз не?Сұрақтарын ата, мысал келтір.
«Алтын балық».
Сабақты бекіту: 4-тапсырма. «Мерген» ойыны. Ережесі: Үрілген шарларды бізбен атып түсіру. Тапсырмаларды орындау.
Мерген сөзін септе.
Қармақ сөзін тәуелде.
Аңшы деген кім?
Аңшылық дегеніміз не?
Аңшылықтың құралдарын ата?
Мылтық сөзін тәуелде.
Далада мекендейтін аңдарды ата.
Сабақты қорыту: Семантикалық карта үлестіру.
Мен білемін, Мен білдім, Мен білгім келеді? Бүгінгі сабақтан өткен тақырыптан алған білімдерін саралап,қорытынды жасау.
Үйге тапсырма беру: «Аңшылық» тақырыбына эссе жазу.
Бағалау: Оқушыларға шар мен маркер беріп, бүгінгі сабақтан алған әсерін смалик салу арқылы жеткізуін, бағалауын сұрау.Оқушы ойын ескере отырып, сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар!