Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Алтын айдарлы әтеш"

"Алтын айдарлы әтеш"

Балабақша балаларына арналған қйымдастырылған оқу қызметінің техкартасы.Тәрбиешілерге көмекші құрал болады.

23.02.2018

Содержимое разработки

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Алтын айдарлы әтеш»

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың немен қоректенетіні, күтімі, пайдасы, дене бітімі, түсі, жайында әңгіме ету. Әтешті қолмен басып салу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Жетпес бөліктерін қылқаламмен жетістіруді үйрету. Баланың қызығушылығын арттыру.

Әдісі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мадақтау.

Қажетті құралдар: Үлгі сурет, үй құстарының суреті, су құйылған ыдыс, сүрткіш, бояу, қарындаш, қылқалам, қағаз.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, балалар!



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл-қозғалыс жасап қайталайды.



Іздену - ұйымдастырушы







Үй құстарының суретін көрсету: қаз, әтеш, тоты құс, үйрек, түйе тауық.

- Балалар қараңдаршы, сендер мына жерден өздерің білетін құстарды атаңдаршы. Қандай құсты білесіңдер?

- Үй құстарының адам өміріне пайдасы қандай?



- Қауырсынды неге пайдаланамыз?


- Қаз майының қандай пайдасы бар?


Жұмбақтар оқу:

Қусаң да «ұш» деп,

Ұшпайды

(Тауық)

Жүргенде-байпаң, тұрғанда-маңғаз,

Кеудесі қайқаң, мен болам-паң

(Қаз)

Бұл құс сөйлей біледі,

Сөзіне жұрт күледі,

Ақылдымын деп тақылдап,

Мың қайталар шақылдап.

(Тоты құс)

- Әтештің қандай пайдасы бар?


Суреттегі әтеш туралы әңгіме жүргізу.

Бүгін біз әтештің суретін салып үйренеміз.

Саусақтарды айқара ашып, қағаздың ортасына басамыз. Оны қарындашпен бастырамыз. Бас бармағымызды әтештің басы етіп, саусақтарды құстың қанаты етіп аламыз. Басылған қолды сары бояумен тегістеп бояймыз. Әтештің жетпес айдарын, тұмсығын, аяқтарын, құйрық, қауырсынын қылқаламмен жетістіреміз.

Балалардың өз бетімен жұмыстануын қадағалау, қиналып отырған балаларға көмек беру.

Үй құстарының суреттерін қарайды.

Білетін үй құстарының аттарын атайды.


- Үй құстары жұмыртқасын, етін, майын, қауырсынын береді.

- Қауырсыннан жастық жасайды.

- Қаздың майы күйікке пайдалы.


Жұмбақтың шешімін табады










- Әтеш таңертең бізді ұйқымыздан оятады.

Әтешке сипаттама береді.

Әтештің суретін салу әдісімен танысады.








Өз бетінше әтештің суретін салып үйренеді.

Рефлексті - коррекцялаушы

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.

- Сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

- Әтештің суретін салған оңай ма?

- Тағы қандай үй құстарын білесіңдер ?

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.


Балаларды мадақтау.




Сұрақтарға жауап береді.




Балалар көрмедегі жұмыстарды тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үй құстары және олардың пайдасы туралы білу керек.

Болуы керек: Үй құстарына қамқорлықпен қарау туралы түсінігі болуы керек.

Қолынан келуі керек: Тыңдап және сұрақтарға толық жауап беру керек. Дәстүрден тыс әдіспен сурет салып үйренуі керек.











-80%
Курсы повышения квалификации

Система управления охраной труда в учреждении образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Алтын айдарлы әтеш" (15.07 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели