Сираева Римма Диятиновна
Өңдірістік оқыту шебері
Орал «Сервис» технологиялық колледжі
Сабақ жоспары
Тобы: 1 топ «Тігінші»
Уақыты:05.12.2016 жыл
№ 13 Бағдарлама тақырыбы: Жеке сұраныс бойынша барлық тігін түрлерін орындау. Даяр және жартылай даяр өнімдердің жоғары сапада орындалу мөлшері.
Сабақ тақырыбы: Алмалы салмалы жағаларды өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: жағаларды өңдеу бойынша оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеру.
Тәрбиелік мақсаты: технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың өзін тексеруіне және бір-бірін тексеруіне тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: машинамен және үтікпен орындалатын жұмыс бойынша оқушылардың білігі мен дағдысын дамыту.
Сабақ формасы: фронтальдық –топтық.
Сабақ түрі: Оқушылардың машықтық білім, білік және дағдысын тексеру сабағы.
Оқыту әдістері:
Практикалық жұмыс.
Демонстрациялық: слайдтар көрсету.
Сабақтың қажетті құралдармен қамтылуы:
Белсенді тақта
Жаға үлгілері
Juke, 51 кл машиналары
Қайшылар
Инелер
Оймақтар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орнын сабаққа даярлау.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тақырыбы: «Алмалы салмалы жағаларды өңдеу»
Слайд № 1 Жаға дегеніміз мойынды жауып тұратын бөлшек.
Слайд № 2 Форма бойынша олар әр түрлі және бес топқа бөлінеді:
қайырма жағалар;
қайырма жаға қайырмасымен
тік жағалар
тік жағалар тұтас пішілғен алдыңғы және артқы ббойымен
фантази жағалар.
Жағаның қиықтары, негізгі жібінің бағыттары.
Жағаның қөрінетің бөлігін қыры мен ұшы дейді, ал қөрінбейтін бөлігін тіктеме дейді. Бұл бөліктері тіктеменің қайыру сызығы бойынша бөлінеді.
Тіктемесі бөлек пішіледі, немесе қырымен бірге.
Жаға үш бөлшектен тұрады: үстінгі жаға, астыңғы жаға және қатырма.
Катырма жағаларға қаттылық және кажетті форма береді.
Үстінгі жаға тұтас пішіледі - бір бөлшектен тұрады, жаға екі бөлшектен тұрады тек қана өңірастарымен бірге пішілетін бұйымдарда. Негізгі жіп бағыты орта сызыққа параллель.
Астыңғы жаға 2 бөлшектен тұрады, негізгі жіп бағыты раскеп қиығына параллель- қайырма жаға қайырмасымен пішілетін бұйымдарда, немесе қиғашынаң өтеді - жаға шеттеріне параллель алқымға дейін түймеленетін бұйымдарда.
Сабақтың тақырыбын түсіндіру:
Жағаны өңдеуге қажетті пішім бөлшкетері.
- Үстіңгі жаға;
- Аастыңгы жаға;
- Желімді-қатырма;
-омыраушаның үстіңгі қабаты;
-омыраушаның астыңғы қабаты.
Омыраушаның ішкі және сыртқы қабатының иық қиықтарын сырып тігіп, тігістерін айыра өтектейді.
Жағаның оң жақтарын ішіне қарата бүктеп, қиықтарын теңестіріп, жаға қырының қиықтары мен жағаның шетін үстіңгі жағаны шетеріне отырғыза (тігіс ені 1 см) жөрмейді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын 0,4-0,5 см дәлдеп қиып, тігісті төменгі жаға шетімен бастыра тігеді. Жағаны оң жағына айналдырып, тігістерін түзеп, үстіңгі жағаның шеттігін түзете бастыра үтіктейді.
Үстіңгі жағаны жоғары қарата, жағаның тіктемесінің бүгіс сызығы бойымен бүктеп, осы күйінде бекіту үшін жаға қиығының 0,8 см қашықтықта тігіс түсіреді.
Омыраушаның бір қабатын қиықтан 0,8 см қашықтықта тігіс түсіре отырып, жағамен біріктіреді.
Омыраушаның екінші қабатын бірінші қабаттың үстіне бөлшектердің оң жағын және бір атаулы қиықтарын сәйкестендіре (жаға омырауша қабаттарының ортасына орналастырылады) түйрейміз. Бір тігіспен түймелеу қиықтары мен омыраушаның шығынқысын жөрмейді және жағаны қондыра тігеді (тігіс ені 1 см).
Тігіс қосымшаларын дәлдеп қиып, жағаның қондыра тігу тігісін мойын ойындысына және омыраушаның жөрмелген шеттерін шетіне бастыра тігеді.
Омыраушаны жазып тегістеп, оны қиықтарының бойымен түйрейді. Қиықтардан 0,3 см қашықтықта, оларды бекіте отырып, машина тігісін түсіреді.
Қосымшаларының шеттерін ішіне қарата бүге отырып, омыраушаның сыртқы қиықтарын мата жолағымен шеттіктейді.
Түймелеудің ішкі шетінің оң жағынан томпағы бар батырма бөліктерін қадайды.
Батырма томпақтары сүртілетін маркермен немесе бормен бояйды. Түймелеудің сыртқы шетін түймелеудің ішкі шетіне орта сызқтарын теңестіре отырып салады да, боялған батырмалардан із қалатындай етіп қатты басады. Түскен белгі бойынша батырманың шұңқырлы бөліктерін түймелеудің сыртқы шетінің теріс жағына қадайды.
Қалған батырмаларды 6-8 см қашықтықта омыраушаға (томпағы бар батырма бөліктері қадалады) және бұйымға (шұңқырлы батырма бөліктерін) қадайды.Дайын жағаны үтектеу.
ІІІ. Оқушылардың өздік жұмысы мен жаттығуы:
-- бөлшектерді пішіп алу;
жағаны қосарлау;
жағаны өңдеу;
жағаны омыраушамен қосу;
дайын жағаны ылғалдап өтектеу.
Ағымды нұсқау.
Жұмыс орнын қараған кезде мыналарға көңіл аудару керек:
ТҚ сақтау;
Жұмыс орнын ұйымдастыру;
Еңбек процесін орындау;
Технологиялық жүйелігі қатаң сақталуы тиіс
ІҮ. Қорытынды нұсқау:
Оқушылардың үздік жұмыстарын атау және көрсету.
Қателерге сипаттама беру, оның пайда болу себептерін түсіндіру.
Еңбек тәсілі, жұмыс уақыты, жабдықтарды тиімді қолдануларын талдау.
Бағаларын жариялау.
Үйге тапсырма беру.
Жұмыс орнын жинау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.Т. Труханова «Әйелдердің жеңіл киімінің технологиясы». «Жеңіл индустрия» баспасы, 1975 ж.
Г.А. Крючкова «тігін өндірісінің технолгиясы мен материалдары» . «Москва» баспасы, 2003 ж.
М.А. Силаева «Жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды пішу». «Москва» баспасы, 2002 ж.
«Ателье» журналы №7 2014 жыл.