Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстаз. Ғ. Жұмабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтін мазмұны арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық: мәтінді өз бетімен талдау жасату арқылы оқушы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.
Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.
Сабақтың әдісі: «Дұрыс- бұрыс тұжырымдар» кестесін толтыру.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: «Дұрыс- бұрыс тұжырымдар» кестесі, кәдімгі тақта, бор, маркер, Ы.Алтынсарин, С. Көбеев портреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй жұмысын тексеру.
«Балалар елін бағындыру» мазмұнын сұрау
ІІ. Жаңа сабақ.
«Алғашқы ұстаз» мәтініне мынадай тұжырымдар алынады:
1. Өте ертеректе мектептерді:
- бай адамдар салып берген;
- халық өздері салған.
2. Мектепте оқығысы келгендердің бәрі оқыған.
3. Ата- аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.
Осы тұжырымдармен №1 «дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесі арқылы жұмыс жасау.
Кейін
Мәтінді оқу
Өте ертеректе мектепті бай адамдар салдырған.
Өте ертеректе мектепті халық салдырған.
Мектептерді оқығысы келгендердің барлығы оқыған.
Ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмеген.
Осы тұжырымдардың дұрыстығын сұрау. Егер оқушы тұжырымды дұрыс деп тапса, «дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар іштей оқып, мәтінмен танысуды бастар алдында кестенің «кейін» деген бөлігін толтырады. Сыныпта оқушылар бір- бірінің тұжырымдарын талдап шығады. Оқушылар сабақ үстінде Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ даласындағы алғашқы мектептердің ашылуы, оқуға қабылдау туралы мағлұматтар алады.
Қорытынды.
Үй жұмысы: «Алғашқы ұстаз» мазмұндау
Баға қою.


"Алғашқы ұстаз" Ы. Алтынсарин (14.39 KB)

