Меню
Разработки
Разработки  /  Экология  /  Разное  /  Прочее  /  «Ақсу-Жабағылы қорығы»

«Ақсу-Жабағылы қорығы»

21.12.2021

Содержимое разработки

Шымкент қаласы білім басқармасының

Экология, өлкетану және туризм орталығы” КММ











Тақырыбы: «Ақсу-Жабағылы қорығы»








Орындаған: М.Балыкбаева















2021ж.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Ақсу-Жабағылы қорығы»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға қорық туралы мәліметтер, олардың маңыздылығы жайында білім беру.


Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, туған жер табиғатына сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.


Түрі: Сайыс сабақ


Әдісі: Ойын, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, SMS-хабарлама, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс.


Пәнаралық байланыс: География , биология, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.


Көрнекілігі: Табиғат, туған жер туралы нақыл сөздер, Қазақстанның физикалық картасы, қорықтар картасы, «Қорық – ұлт болашағы» кітап көрмесі, гүлдер, суреттер, бүктеме.


Барысы:


І-бөлім


1.Ұйымдастыру

2. Педагог сөзі. Қорық - табиғатты қорғаудың ұтымды, әрі негізгі жолы болып саналады. Ол әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын, барлық табиғат байлықтары қорғауға алынған алқаптарды қамтиды. Оның алып жатқан жер көлемі де түрліше. Қорық ұйымдастырылған жерлерде ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді. Ондағы табиғи құбылыстар мен заңдылықтар өз бетінше жүреді. Қорықты жерде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан да қорық ғылыми мекемелер қатарына жатады.

Осыған байланысты қорықты «табиғат эталоны», «табиғат лабораториясы» және «ашық аспан астындағы» табиғат мұражайы деп те атайды. Қазіргі кезде республиканың әрбір табиғат белдеулерінің өзіне тән табиғат байлықтарын, өсімдіктер мен жануарларды қорғап қалу мақсатында 10 мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

















Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ақсу-Жабағылы қорығы» жайлы деректі фильм көрсетіледі.



Суреттегі белгі нені білдіреді?

Еліміздегі жойылып кету қаупі бар жануарлар,құстар,өсімдіктерді қорғау, табиғи байлығын өз қалпында сақтау, өзен-көлдерді қорғау.



Бүгінгі ашық сабағымызды табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында сайыс түрінде өткелі отырмыз. Білім алушылардың жауаптары геометриялық фигуралармен бағаланады. Сайысқа 2 топ қатысады:

1-топ: «Білгірлер»

Ұраны: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар!»

2-топ: «Тапқырлар»

Ұраны: «Қандай сынақ болса да беріспе,

Әрқашан да ұмтыламыз жеңіске!»


ІІ-бөлім

«Атажұрт» танымдық ойыны.

Ойын кезеңдері:

I кезең: «Қанат қақты»

II кезең: «Самғау»

III кезең: «Шарықтау»

IV кезең: «Шырқау»

V кезең: «Жерұйық»

I. «Қанат қақты» кезеңінде топтарға сұрақтар қойылады, топ мүшелері жауап береді.

«Білгірлер» тобына:

1. Қорық дегеніміз не?

Жауабы: Еліміздің өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын табиғи аймақ.

2. Ақсу-Жабағылы қорығы қашан, қай жерде құрылған?

Жауабы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, 1926 жылдың 27 мамырында құрылған.

3. Қорықтың алдына қойған мақсаты?

Жауабы: Өсімдіктер мен жануарларды қорғап, қорын молайта беру.

4. Қорықтың ең ірі өзенін айт?

Жауабы: Ақсу – ұзындығы 120 км, ені – 10 м.

5. Қорықтың аумағында өсімдіктің қанша түрі кездеседі?

Жауабы: 1312 түрі.

6. Ақсу-Жабағылы қорығы кімнің ұсынысымен жүргізілді?

Жауабы: Орта Азия мемлекеттік универститетінің профессоры гидробиолог А. Л. Бродский.

«Тапқырлар» тобына:

1. Қорықтарды басқаша қалай атаймыз?

Жауабы: табиғат эталоны, табиғат лабораториясы, ашық аспан астындағы табиғи мұражай.

2. Ақсу-Жабағылы қорығының ауданы қанша?

Жауабы: 131 934 га.

3. Ақсу-Жабағылы қорығының ең биік жотасы?

Жауабы: Өгем биіктігі – 4072 м.

4. Қорықта қандай пайдалы қазба байлықтары анықталған?

Жауабы: мыс, темір, қорғасын қорлары.

5. Қорықтың ең ірі өзенін айт?

Жауабы: Ақсу – ұзындығы 120 км, ені – 10 м.

6. Қызыл кітапқа енген жануарларды ата.

Жауабы: бүркіт, сілеусін, сусар, ұлар, көк құс, ілбіс, арқар және т.б.


II. «Самғау» кезеңі. Бұл кезеңде 2 топтың білім алушылары «Ақсу-Жабағылы» сөзжұмбағын шешеді.

1. Қорықтың ең биік нүктесі (Сайрам)

2. Қорықта мекендейтін жануар (Арқар)

3. Орталық Азияда ЮНЕСКО қандай дәрежеге ие болды? (Биосфера)

4. Қорыққа қандай жер телімі кіреді? (Әулие)

5. Қорық қандай облыста орналасқан? (Жамбыл)

6. Қорықта өсетін жемісті ата. (Қарақат)

7. Қорық орналасқан аудан. (Түлкібас)

8. Қорықта кездесетін құс. (Қыран)

9. Қорықтан өтетін өзеннің аты. (Жабағылы)

10. Көктемде гүлдеп, даланы ғажайып бір күйге бөлейтін гүл. (Қызғалдақ)

11. Шөптесін өсімдіктің аты. (Долана)

12. Қорық орналасқан жерде қандай жота бар? (Сарытау)

Қ

А



















С

















У









Ж

























А

Б

















А









Ғ















Ы

Л





























Ы













III. «Шарықтау» кезеңі.  Жалғасын тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтады.

«Білгірлер» тобына:

1. Дала көркі – мал, өзен көркі - . . . .

Жауабы: тал, дерево, tree.

2. . . . шөпті жұлма, таптама.

Жауабы: көк, синий, blow.

3. Құс ұясын . . . . .

Жауабы: бұзба, не разрушай, don`t destroy.

4. Ер – елдің көркі, . . . -тоғай – жердің көркі.

Жауабы: орман, лес, forest.

5. . . . . жан-жануарға тиіспе.

Жауабы: көктемде, весне, in spring

«Тапқырлар» тобына:

1. Бір тал кессең, . . . тал ек.

Жауабы: он, десять, ten.

2. . . . . қашып, жүктен құтылмас.

Жауабы: түйе, верблюд, camel.

3. . . . . өлтіргеннің сауабы бар.

Жауабы: жылан, змея, snake.

4. . . . . жаманы – саңғығыш, адам жаманы – қаңғығыш.

Жауабы: құс птица bird.

5. . . . . сипағанмен, сұңқар болмас.

Жауабы: жапалақ, сова, owl.


IV. «Шырқау» кезеңі.  «SMS-хабарлама» Әртүрлі смартфондардың суреттері беріледі. Білім алушы ішінен біреуін таңдап, смартфонда жазылған SMS-хабарламаны оқиды. Жазылған тапсырманы орындайды.









а) SMS «Экология, өлкетану және туризм орталығынан»:

Балалар, біз Ақсу-Жабағылы қорығына бір күндік экскурсияға шығатын болдық. Экскурсияға шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерін айтып бер.

ә) SMS 112-ден:

Балалар, бүгін Шымкент қаласында күн ашық болады. Берілген қорықтардың ашылған жылдары мен жер көлемін дұрыс тауып орналастыр.


Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы

1926

131 934

Түркістан облысы және Жамбыл облысы

Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

71 700

Алматы облысы

Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы

1931

191 381

Қостанай облысы

Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы

1939

160 826

Қызылорда облысы

Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола облысы және Қарағанды облысы

Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы

1992

86 122

Шығыс Қазақстан облысы

Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы

1998

65 217,9

Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы

Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы

2004

34 300

Түркістан облысы


б) SMS «Экология, өлкетану және туризм орталығынан»:

Біз, бүгін Ақсу-Жабағылы қорығы туралы көп мағлұмат алдық. Мына «Экологиялық белгілерге» назар аудар. Қорыққа кірмес бұрын мынадай экологиялық белгілер кездеседі. Осы белгілер туралы не айта аласың? Неге мұндай белгілер салынған?



в) SMS «Қоршаған ортаны қорғау ұйымынан»:

Сен қорықта саяхаттап жүр едің. Жолда шашылып жатқан қағаздарды, корнсерві, пластмасса ыдыстарын, целофан пакеттерді көрдің. Сенің әрекетің?


V. «Жерұйық» кезеңі. Қорық туралы бір шумақ өлең шығару.

«Білгірлер» тобы:

Қорық – күту керектігі жария

Аңға – қора, құсқа – ортақ зор ұя

Табиғатқа төнген түрлі қатерден

Сақтандырар қорық – санатория

«Тапқырлар» тобы:

Қорық қорғайды кеш пен таң нұрын

Қорғар жердің жалғыз тал гүлін

Өзге түгіл қорық көбелекке де

Қайталатпас мамонттардың тағдырын.


Қорытынды: Сабақққа белсенді қатысып және тапсырмаларды дұрыс орындаған білім алушыларды бағалау.



















\








-80%
Курсы повышения квалификации

Применение ИКТ на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Ақсу-Жабағылы қорығы» (938.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт