Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  9 класс  /  "А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасы"

"А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасы"

П?н Информатика  сынып  9 К?ні      .09.16 ж.

саба? №: 3

Та?ырып: А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасы

Ма?сат: О?ушыларды А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасымен таныстыру.

Білімділік – А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасымен таныстыра отырып, интернет желісінде отыр?ан кезде ?з ???ы?тарын білуге ?йрету.

Дамытушылы? – о?ушыларды? ?з беттерімен іздену, ?з ойларын еркін жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру

Т?рбиелік – о?ушыларды ??ыптылы??а, жауапкершілікке, досты? ?арым – ?атынас?а т?рбиелеу

Саба? т?рі: жа?а та?ырыпты т?сіндіру  

Саба? типі: аралас

??рал-жабды?тар: о?улы?тар, компьютерлер,  д?птерлер, интерактивті та?та, видео к?рініс, смайликтер, ?орап.

21.09.2016

Содержимое разработки

Пән Информатика сынып 9 Күні .09.16 ж.

сабақ №: 3

Тақырып: Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

Мақсат: Оқушыларды Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру.

Білімділік – Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыра отырып, интернет желісінде отырған кезде өз құқықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың өз беттерімен іздену, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ типі: аралас

Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, дәптерлер, интерактивті тақта, видео көрініс, смайликтер, қорап.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

- Сәлеметсіздер ме, балалар?!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Сабаққа дайындық қалай?

- Бүгінгі сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін

- Бір –бірімізге сабақтың жақсы және де қызықты өтуіне тілектер тілейік.

- Сәлеметсіз бе?!

- Керемет! Жақсы! және т.с.с

- Жақсы

- Рахмет

Оқушылар бір-бірлеріне «Саған 5 деген баға тілеймін», «Өмірде жеңілме!», «Сәттілік саған серік болсын!» деген тілектеп айтады.

ІІ. Топқа бөлу

2 мин

Сыныпты пазлдар арқылы екі топқа бөлу

Пазлдарды құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырады

ІІІ. Үй жұмысын тексету

7 мин

Өткен тақырып бойынша тест тапсырмасын орындайды.

Тест

  1. Төменде аталғандардың қайсысы желі қауіпсіздігінің екінші кезектегі басты мақсаты?

А) Деректер тұтастығы

В) Деректер сыйымдылығы

С) Деректер құпиялылығы*

D) Деректер қолжетімділігі

  1. Төменде аталғандардың қайсысы желі қауіпсіздігінің үшінші кезектегі басты мақсаты?

А) Деректер сыйымдылығы

В) Деректер құпиялылығы

С) Деректер қолжетімділігі *

D) Деректер тұтастығы

3. Төменде аталғандардың қайсысы ақпарат қауіпсіздігінің басты мақсаттарына жатпайды?

А) Деректер тұтастығы

В) Деректер сыйымдылығы*

С) Деректер құпиялылығы

D) Деректер қолжетімділігі

4. Интернет дегеніміз не?

А) Ғаламдық ақпараттық желі*

В) Жергілікті аймақ желісі

С) Қарапайым желі

D) Вирус түрі

5. Электрондық пошта зиянды бағдарламаның қандай түрін қамтиды?

А) Вирустар мен поштакомпьютерлік құрттары*

В) Есептер

С) Тек вирустар

D) Тек пошта компьютерлік құрттары

  1. Спам дегеніміз не?

А) Талап етілетін пошта

В) Маңызды пошта

С) Талап етілмейтін пошта*

D) Есеп поштас

  1. Зиянды бағдарламаның қызметі қандай?

А) Өте жылдам тарайды және компьютеріңізді бірер секунд ішінде зақымдайды*

В) Қателер туралы есеп береді

С) Операциялық жүйені орнатады

D) Пайдалы электрондық пошталарды жібереді

Тест тапсырмасын парақтарда орындайды.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин







Сұрақтар:

  1. Заң дегеніміз не?

  2. Фемида дегеніміз не?

  3. Ақпараттық қауіпсіздік концепциясына қай жылы және қай қалада қол қойылған?

  4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қандай ережелер жатады?

  5. ҚР ақпараттық қауіпсіздік концепциясы неге сай жасалған?

  6. Ақпараттық қауіпсіздік концепциясы неге негізделген?

  7. Концепцияны құру кезінде қай елдердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелері ескерілген?

Біздің еліміздің ақпараттық қауіпсіздік концепциясы - ақпараттық ортадағы адамдар, ұйымдар, бүкіл мемлекеттің, сонымен қатар азаматтардың көзқарастарын қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған.

Концепция Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты даму стратегиясына сай жасалған. Аталған даму стратегиясында ақпараттық қауіпсіздік негізгі ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде көрсетілген

Ақпараттық қауіпсіздіктің концепциясы - ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметтік перспективалары, мемлекеттік ұйымдардың қазіргі кездегі бағалануына негізделеді. Концепция Конституция және еліміздің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Терроризмге қарсылық әрекеттер туралы», «Электронды құжат және сандық электронды қол қою туралы», «Ақпараттану туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Бұқаралық ақпарат қүралдары туралы», «Байланыс туралы» заңдары мен заңнамаларына сәйкес құрылған. Концепцияны құру кезінде шетел мемлекеттері АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Ресей Федерациясы, Үндістан және Эстония елдерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелері ескерілді.

Концепцияда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мәселелер негізге алынған: заңнамалық, нормативті-методологиялық, ұйымдастырушылық, технологиялық және кадрлық қамсыздандыру. Ақпараттық қауіпсіздік концепциясына 2008 жылдық 10 қазанында Бішкек қаласында қол қойылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Концепциясының негізгі бағыттарын, сонымен қатар 2010 жылдың 01 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған Шанхай ұйым мүшесіндегі мемлекет басшылығымен қабылданған, Халықаралық ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы келісімнің негізгі бағыттарын қамтиды. Ақпаратты қорғау саласынан заң ретінде мысал келтірсек, 2013 жылдың 25 мамырында №178-179 (27452-27453) «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Мақсаты - жеке мәліметтер жинау және өңдеу кезінде, азаматтардың және адамның бостандығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Жеке мәліметтер жинау және өңдеу келесідей принциптер негізінде іске асырылады:

Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықгары мен бостандықгарын сақтау;

Қол жетімділігі шектеулі жеке мәліметтердің құпиялылығы;

Субъектілер, меншік иелері мен операторлар арасындағы өзара теңдік;

Тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Екі топқа бүгінгі тақырыпты ашу үшін бірнеше сұрақтар қойылады. Осы сұрақтарға жауап іздеу арқылы өз беттерімен ізденіп, тақырыпты түсінеді.


V. Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған тапсырмаларды орындау

Қимылдарды орындау

VІ. Бекіту

15 мин

Ғаламторға кіріп, www.e.edu.kz сайтында Е-Кітапханадағы №2012, 2070 сабақтың жаттығуларын орындау

Е-Кітапханадағы №2012, 2070 сабақтың жаттығуларын орындайды

VІІ. Рефлексия

3 мин

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?

  • Қиын және жеңіл жерлері болды ма?

  • Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?

  • Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?

  • Ұсыныстарыңыз бар ма?

Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі

смайлик арқылы көрсетіледі.


VІIІ. Оқуды бағалау

2 мин

Екі топ бір – бірлерін бағалайды.

Бір – бірлерінің жасаған жобаларына баға беру.

ІХ.Үй жұмысы

2 мин

ЦБР№2012, 2070

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.









-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"А?паратты ?ор?ау саласында?ы ?аза?стан Республикасыны? за?намасы" (210.21 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт