Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: № 52 негізгі мектеп
Мерзімі: 04.09.17ж
Мұғалім: Өтемісова Б.С
Класс : 1 «А», «Ә» Оқушылар саны:
Тақырыбы: №1 Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, кішіпейілділік , жақсылық жасай білу.
Мақсаты: Оқушыларға Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймызды ақиқат құндылығынан туындайтынын ұғындыру. Міндеттері: - шындықты ажырата білуге үйрету - адал болуға дағдыландыру - кішіпейіл болуға тәрбиелеу. | Ресурстар (сергіту сәті, видеоролик) |
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 5 т ережесі Тәртіп Талап Тазалық Тыныштық Татулық
| Сабақ барысын талдау:
|
Үй тапсырмасын тексеру. |
|
Дәйексөз. «Ақиқат адалдықтың белгісі» Нақыл сөз Ақиқат жолы ешкімді адастырмайды. Ақиқат жолымен жүрген адам адал өмір сүреді. Адалдық-адам бойындағы таза ниет. Адал адамның ойы таза, сөзі шынайы, ісі игілікті болады. Адалдықпен өмір сүру-өмірдің басты заңы. 2 рет қыздар, 2 рет ұлдар айтады. Бәріміз қосылып айту |
|
Мұғалім сыйы: «Өзін өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «Өзін өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақырады.Балаларға «Өзін өзі тану» дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қойылып , олардың жауаптары тыңдалады. Елеместің адамгершілігі (ертегі)
Сергіту сәті: Бір, екі, үш |
|
Шығармашылық жұмыс:Оқушыларға суреттерге қарап «Менің жазғы демалысым» тақырыбында сурет салу.
|
|
Топпен ән айту «Әдептілік әліппесі» Өлеңін жазған Әбдірахман Асылбеков Әнін жазған Мәлғаждар Әубәкіров |
|
Үй тапсырмасы №1 Елеместің адамгершілігі (Ертегі) 6-8 бет. оқу |
|
Сабақтың қорытынды минуты. Ыңғайланып отырыңыздар . Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңнен қайталаңыздар. «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де, өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар !
|
|