Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айналайын анашым»
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі, «8 Наурыз» мерекесі туралы
түсінікберу.
Білімділік: Отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті
ұғындыру.
Дамытушылық: Тақпақ, өлең, ән, ойын ,жұмбақ арқылы тілін дамыту.
Тәрбиелік: Отбасына, туыстарына, достарына деген мейірімділік,
қамқорлық, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, гүл суреттері.
Әдіс – тәсілі: Көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойын, сұрақ – жауап,
мадақтау
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті
| Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
| Таңғы шеңбер:
Тобымызға аналар қонаққа келді. Балалар,қарсы алайық!
Қымбатты да, аяулы аналар! Көктемнің алғашқы мерекесі «8Наурыз» халықаралық аналар мейрамы құтты болсын!
Ана деген өмірдегі ұлы есім, Бақ тілесе анадай – ақ тілесін Ана деген ардақты ат біліпқой Сонда ғана түсінесің білесің.
Аналар мерекесіне байланысты «Анашым мерекеңмен» атты ашық оқу іс – әрекетімізді бастаймыз
Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын білеміз бе? Көктемде қандай мерекелер болады?
Бүгін қандай мереке?
Ән: «Апатайым»
| Жарқырап тұр күніміз Сәнді көктем нұрымен Қызыл – жасыл айнала Бақта құстар сайрайды Балалар шулап ойнайды Балабақшам жайнайды Қайырлы таң апайлар! Қайырлы таң балалар!
Балалардың жауабы.
Аналар мерекесі
Әнді қызыға айтты. |
|
Іздену ұйымдастырушы | Таңғажайып сәт: Балалар есік қағылады, тыңдап көрейікші! Ой, балалар қандай керемет, бұл көктем ғой! Әдемі гүлдерімен,көктем құсын сайратып,жайнап, жарқырап көктем келеді. Сәлеметсіз бе, балалар!
Балалар, біз аналарымызға мерекесімен не сыйлаймыз?
Көктем: Мен әдемі гүлдер алып келдім, бұл сыйқырлы гүлдер. Бұл гүлдер терезенің алдына апарып, күн көзіне көрсетсең ашылады.Ашылған кезде жұмбақтар табылады. Жұмбақтарды тез шешуіміз керек. Гүлдерім менің ашылсын, Жұмбақтың шешуі табылсын. Жұмбақтың шешуін тез тапқан балалармен ойын ойнаймын.
Д/о: «Кім тез жинайды» Жинаған гүлдерімізбен аналарымызды құттықтаймыз.
Көктемге,анамызға арнаған ән, би, тақпақтарымызды айтып көктеммен қоштасайық.
Көктем: Көктемді аналарыңмен бірге қарсы алдыңдар.Сендер ақылды, тәртіпті,өнерлі,алғыр балалар екенсіңдер. Сау болыңыздар! Ән: «Анашым мерекеңмен»
Оқу іс –әрекетті жұмбақпен, мақалмен, бимен қорытындылаймыз.
« Күндіз тыным таппаған Түнде сергіп жатпаған» Ол кім? «Айтқаныңды екі етпей Бізсіз тамақ татпаған» Ол кім?
«Ана сүтін ақтамағанды Ешкім де мақтамайды»
Аналарымызға не айтамыз? |
Сәлеметсіз бе, көктем!
Гүлдер сыйлаймыз.
Балалар, гүлдер ашылған кезде таңдана қарады.
Жұмбақтың шешуін тауып, ойынды қызыға жарыса ойнап, гүлдерді аналарына сыйлады.
1 бала Құтты болсын ақ анам, Сегізінші наурызың. Қасымда бол әрқашан Жансын жарық жұлдызың. 2 бала Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей Ақ сүтіңді өтермін. 3 бала Құтты болсын анашым Қуанышты күніңіз Күліп қана жүріңіз Ұзақ өмір сүріңіз.
Құстарды сайратқан, Гүлдерді жайнатқан Балаларды ойнатқан Көңілді көктемім. Сау болыңыз!
«Қазақ биі» орындалды
«Үнді биі» орындалды
Ана
Ана
Балалар мақалды қайталады Айналайын анашым Мәпелеген баласын Сау –саламат болыңыз Көріскенше күн жақсы Аман –есен жүріңіз!
|
|
Рефлексті коррекциялаушы |
«Бүгін біз не білдік?» | Көктем ерекшелігі. «8 Наурыз» аналар Мерекесі |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Жыл мезгілдері, көктем ерекшелігі,аналар мерекесі.
Болуы керек:Сөзді анық, дұрыс жеткізе білу қабілеті.
Үйрену керек:Сұраққа жауап бере білу, ойынды қызығушылықпен
ойнауды меңгеру.

Айналайын анашым (19.34 KB)

