Ересектер тобының бейне онлайн сабақ жоспары
Білім беру саласы: «Коммуникация, Шығармашылық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сурет салу
Тақырыбы: Ай мен күн ертегісі. Күннің мол шуағы сурет салу
Мақсаты: Балалардың ертегіге қызығушылықтарын арттыру. Ғарыш туралы білімдерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Балаларды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Ғарыш, ғарышкер, зымыран, күн, ай.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, көрсету.
Көрнекіліктері: суреттер, слайд видео презентация, су, сүлгі, бояу,
Шаттық шеңбері:
Алтын таңның шуағы
Бақыт үшін туады
Қайырлы таң қонақтар
Жарық күннің тұрағы!
Жарайсыңдар балалар ендеше біз есімізге түсірейікші
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бір аптада неше күн бар?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Көктем айларын білесіңдер ме?
- Кәзір сәуір айы,12 Сәуір ғарышкерлер күні.
Ғарыш туралы мағлұмат слайд презентация арқылы
Ғарыш дегеніміз аспан әлемі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Юрий Гагарин. 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа адам ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.
Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов ұшқан, бұл кісілер біздің мақтанышымыз.
Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау
Аспан-аспан арайым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын
- Жарайсыңдар балалар!
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаймыз.
Аспандағы сары доп
Жарқырайды жарық боп (Күн)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Видеодан көрсетіледі (тәрбиеші өзі айтып отырады)
-Балалар мен сендерге Ай мен күн туралы ертегі айтып бергім келеді.
Ертеде Ай патшасы мен Күн патшасы дос болады.
Бір күні Ай патшасы Күн патшасынан, қонаққа шақыру алды. Ол күн патшасына қандай сыйлық апаратынын ұзақ ойлады, ақырында: Ай патша бірнеше әдемі жұлдыздарды жинап алып, күміс табаққа салып қонаққа барды. Күн патшасы сыйлыққа өте қуанышты болды.
Олар ән шырқап, тамақтанып, әңгімелесіп, Ай патша үйге оралды.
Содан кейін Ай күнді қонаққа шақырды. Күн патша, айды қуанту үшін не сыйлайтынын ұзақ ойлады. Сосын ең жақсы тігінші шақырып, былый дейді:
— Мен Ай патшаға қонаққа барамын. Маған жақсы сыйлық керек. Мен оған бұлттан жақсы көйлек тіктіріп беру керек деп шештім. Көйлек әдемі және ыңғайлы болуы керек.
Тігінші: - Жоқ, Күн патша, мен айға көйлек тіге алмаймын. Айға көйлек тігу мүмкін емес, өйткені ай күн сайын өзгереді. Бүгін ай шар сияқты дөңгелек, ал ертең бір бүйірінен арықтайды, ал екі аптадан кейін тіпті жіңішке болады. Қандай өлшеммен тігу керек екені белгісіз? Мен мұндай өлшеуді білмеймін. Ай бірде толып кетеді, бірде азып кетеді.
Күн патшасының амалы таусылып, қонаққа бос қол баруға тура келді.
Ай патша дәмді тағам дайындады, олар ән шырқады, тамақтанып, әңгімелеседі. Күн патшасы үйге жиналып, ай патша оның сыйлығы жоқ екенін көргенде, көңілі түсіп кетеді.
Күн патшасы оны байқап, былай деді:
- Маған ашуланба, ай. Мен ұзақ ойланып. Ең жақсы сыйлық — бұлттан жасалған сәнді көйлек деп шешті. Бірақ тігінші саған көйлек тігуден бас тартты. Саған көйлек тігу қиын, дейді, Сен күн сайын өзгересің, жуандап, арықтайсың. Сол себептен маған бос қолмен қонаққа келуге тура келді. Бірақ сені ренжітпеу үшін, мен саған мына нәрсеге рұқсат етемін: осы күннен бастап менің сәулелерімді жинап, олардан кез келген көйлектер тігіп алуыңа болады! Менің сәулелерім жарқырап, сен құлпырып кететін боласың!
-деп Күн патшасы қоштасып, кетіп қалады
Ал Ай реніші басылмай, сол уақыттан бастап күнмен кездеспейді, оны көрсе кері айналып кететін болды.
Содан бері күн мен ай бір-бірмен кездеспейтін болыпты.
Сұрақтар:
Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Күн қонаққа кімді шақырды?
Ай күнге қандай сыйлық апарды
Күн айға неге сыйлықсыз барды?
Блалар біз күнді тәуліктің қай бөлігінде көреміз?
Айды тәуліктің қай бөлігінде көреміз?
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.
Балалар біз сендермен ертегі кейіпкері бізге жарық, жылу сыйлайтын, шуағын шашақан күннің суретін саламыз.
Саусақ жаттығуы
Сурет салуға қажетті заттарды алдын ала дайындап қою.
Бізге керегі ақ қағаз, гуащ, қылқалам, қолымызды сүртуге дымқыл сүлгі.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру: Бояуды аузымызға салмаймыз, шанышқымен жұмыс жасағанда өте мұқиат болу керек, көзімізге апармаймыз.
- Балалар қазір біз бірінші дөңгелек пішін жасаймыз садан кейін ұзын, қысқа таяқшалар салу арқылы күннің сәулесін саламыз.
Шығармашылық жұмыстың үлгісін көрсету арқылы балалар күннің шуағының сурет салады.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
Оқу қызметі несімен ұнады?
Үйге тапсырма: Күннің шуағын салып, суретке түсіріп жіберіңдер.


Ай мен күн ертегісі (23.69 KB)

