4 Растрлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Жоспары:
4 Растрлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым;
4.1 Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу;
4.2 Adobe Photoshop интерфейсінің элементтері;
4.3 Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері;
4.4 Құрал-саймандар панелі.
4 Растрлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. Өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар, түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.
Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.
Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалар арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимінде әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 3D деңгейінен тұрады.
4.1 Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу
Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады. Adobe Photoshop растрлық графика көмегімен ескі фотосуреттерді қалпына келтіруге, түсірілген суретті өңдеуге, кескіннің ақауларын алып тастауға, кескінді түзететін және толтыратын көптеген әсерлерді құруға болады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар панелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды – құрал палитрасы:
• қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батырмасын басқан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады;
• Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты;
• Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышқан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, бейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады;
• Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктерін қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді;
• Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнін анықтайды;
• Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсін жиынтық құрамынан алуға болады;
• Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған;
• Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған;
• Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады;
• Операция палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редактрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады. Бағдарламалық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Филтрлеу алады.
4.2 Adobe Photoshop интерфейсінің элементтері
Бағдарламаны iске қосу үшiн келесi команда орындалады: Пуск-Программы -Adobe-Photoshop CS4. Бағдарламаны iске қосқаннан кейiн экранда Photoshop CS4 бағдарламасының негiзгi терезесi ашылады (4.1-сурет).
4.1-сурет – Photoshop CS4 бағдарламасының негiзгi терезесi
Жаңа құжатты құру
Жаңа құжатты құру үшін New (Создать) командасын File (Файл) менюінен таңдап алу қажет. Осы әрекетті орындағаннан соң экранға New (Создание документа) диалогтық терезесі шығады. Осы беттің жоғарғы жағында Сіздің құжатыңыздың атауын беруге болады (4.2-сурет).
4.2-сурет – Жаңа құжатты құру үшін New диалогтық терезесі
Бейненің өлшемі
ImageSize (Размер изображения) тобының параметрі бейненің өлшемін (биіктігі мен ені) пиксельмен, дюйммен, сантиметрмен, бағанмен анықтайды.
Мүмкіндігі
Баспа кезінде және монитор экранында көру кезінде дюймдағы нүктелердің санын мүмкіндік анықтайды. Мүмкіндік бейненің сапасын анықтайды. Өте жоғары мүмкіндік бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бірақ үлкен көлемді жадыны талап етеді. Компьютердің мониторының мүмкіндігі 72 dpi-ға тең. Бейненің мүмкіндігі ретінде бейненің қайда қолданылуына байланысты алынады. Егер Сіз экранда ғана жұмыс жасайтын болсаңыз, онда Resolution (Разрешение) өрісін ғана енгізу жеткілікті. Сонымен қатар, RGB Color (Модель RGB) опциясынан Mode (Режим) өрісін де алуға болады. Бұл түстік модель мониторда қолданылады.
Contents (Содержимое) тобында White (Белый) қосушыны орналастыруға болады. Осы әрекетпен Сіз ақ түсті орната аласыз.
Photoshop-та бірнеше терезелерді бір уақытта ашуға болады. Бірақ олардың кейбіреулері белсенді болып тұрмайды.
Құжаттың өлшемін құрып болғаннан соң, оның түсін Image, Canvas Size (Изображение, Размер полотна) командалары арқылы өзгертуге болады (4.3-сурет).
Anchor (Закрепить) аймағы нақты түстің өзгертілуінің нүктесін көрсетеді.
4.3-сурет – Ағымдағы түс
Файлдармен жұмыс
Photoshop-та әртүрлі форматтағы файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндік бар. Формат ұғымы бейне туралы ақпаратты ұйымдастыру тәсілі. Windows ортасында файлдың форматын беру үшін үш әріпті кең тарау қолданылады, мысалы, .doc мәтіндік құжаттар үшін немесе .bmp — графикалық бейнелер үшін.
Photoshop-те көп жағдайда .psd форматы қолданылады. Бірақ осы форматпен басқа бағдарламалар жұмыс жасай алмайды. Осы бағдарламада құрылған файлды басқа бағдарламада ашу үшін оны кеңейтілген форматтардың біреуінде ( GIF (.gif). , JPEG (.jpg). , PMG (.pmg), RAW (.raw)) сақтау керек. Осы аталған форматтардың барлығы және сонымен қатар, аз қолданылатын Tagra және Scitex CT форматтарын Save As (Сохранить как) диалогтық терезесінде беруге болады, оны File, Save (Файл, Сохранить), File, Save As (Файл, Сохранить как) немесе File, Save және Copy (Файл, Сохранить копию) командаларының көмегімен ашуға және сақтауға болады.
Файлды ашу
1. File, Open (Файл, Открыть) командасын таңдау қажет немесе Ctrl+O батырмалар қосындысын басу керек. (4.4-сурет).
2. Диалогтық терезенің ішінен жұмыс жасайтын бейненің файлын тауып алу керек.
3. Файлды таңдағаннан соң, белгіні екі рет тышқанның көмегімен шерту керек немесе Open (Открыть) командасын басу керек.
Файлды импорттау
Import (Импорт) командасы File (Файл) менюінде орналасқан және ол қосымша модульдермен қолданылып, сақталынған файлдарды ашады. Сонымен қатар, TWAIN бағдарламасымен, сканер құрылғысының көмегімен құрылған файлды ашу үшін қолданылады. Осы сияқты жағдайларда Photoshop бағдарламасында импорттаудың қосымша фильтрлары қолданылады.
4.4-сурет - Файл, Открыть диалогтық терезе
Жұмыстың нәтижесін сақтау
Бірінші сақталған бейнені сақтау кезінде сізге Save As (Сохранить как) диалогтық терезесі ашылады (4.5- сурет). Файлға ат беріп және оған сәйкес форматты таңдау қажет. Сосын Save (Сохранить) батырмасын басу керек.
Save (Сохранить) және Save As (Сохранить как) командаларынан басқа Photoshop бағдарламасы Save және Copy (Сохранить копию) командаларын қолдану арқылы сақтауға болады. Айырмашылығы Сіз Save As (Сохранить как) командасын қолданғаннан кейін жаңа файлмен жұмыс жасай бастайсыз.
Егер Сіз Save және Copy (Сохранить копию) командасын таңдасаңыз Сіз көшірмемен емес, алдыңғы файлмен жұмысты жасай аласыз. Save және Copy (Сохранить копию) командасы бейнеге өзгеріс енгізбес бұрын соның алдыңғы көшірмесін сақтап қою үшін қолданылады.
4.5- сурет - Сохранить как диалогтық терезесі
Бейненің өлшемін кішірейту
Photoshop-тың файлдарымен жұмыс жасамас бұрын қатты дискідегі бос орынды қарап алу керек. Photoshop бағдарламасы үлкен өлшемді файлды тез сығып береді. Сіз файлдың өлшемін келесілерді орындау арқылы өзгерте аласыз:
• Мүмкіндікті немесе/және бейненің физикалық өлшемін кішірейту арқылы;
• Бейнеде қолданылатын түстер санын азайту арқылы;
• Файлдардың сығу форматын қолдану арқылы;
• Сақтап болғаннан кейін файлды сығу арқылы;
• .psd файлындағы қабаттарды сығу арқылы;
• Керек емес альфа-каналдарды жою арқылы.
JPEG сияқты бейненің сапасын төмендететін файл форматы бар. Бұл дегеніміз бейнені сақтау кезінде осы мәліметтің кейбірбөлігі жоғалып қалады. TIFF форматында аспан 20 көк түспен көрсетілсе, JPEG форматында 5 түспен көрсетіледі. Әрине, Сіз айырмашылықты көре аласыз.
4.3 Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері
Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан енгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын, ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер - кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте - пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.
Adobe Photoshop бағдарламасының түстер палитрасы (Color Picket) алдыңғы қатардың және артқы қатардың түсін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түсті сандар координатасын жазу арқылы таңдауға болады. Adobe Photoshop бағдарламасында дайын түстерді де таңдауға болады. Ол CMYK–моделінің түстері. Бағдарламадағы түстер палитрасы негізгі болып алынған. Басқа палитраны қолданғаннан кейін негізгі палитраға ауысу үшін менюде «файл» «Орналастыру» «Негізгі палитра».
Color (Түс) палитрасы түстерді араластыруға және таңдауға мүмкіндік береді. Бұл түстер суретті өзгерту кезіндегі құралдарға қолданылады, мысалы, Fill (құю) немесе Canvas Size (Холст размеры). Палитра моделінен түс моделін таңдаңыз, осы кезде сурет түстерін араластыруға болады. Түсті таңдау үшін, палитрасының астында орналасқан түстер жобасын басыңыз. Түстер таңдайтын Color Picket (Түс палитрасы) панелін ашу үшін негізгі төртбұрышты шертіңіз, егер ол қазір жабық болса, оны екі рет шертіңіз.
Түстер палитрасының астындағы сол бөлігінде екі кішкентай тіктөртбұрыш бар: ақ және қара. Оларды шерту арқылы түстерді белгілеуге болады: негізгі- қара, артқы түс-ақ. Ақ және қара түстерімен әртүрлі суреттер бейнелеп салуға болады.
Color Picket (Түстер палитрасы) мынадан тұрады:
Түс таңдау бөлігі (үлкен төртбұрыш);
Түс реңдерін таңдау бөлігі;
Түс салыстыру бөлігі (кішкентай тіктөртбұрыш, ол көлденең екі бөлікке бөлінген: үстіңгісі – нақты түс, астыңғысы – таңдалған түс);
Цифрлы түстер бөлігі: HSB, RGB, Lab, CMYK модельдері;
Түстерді салыстыру бөлігінде екі ескерту шығуы мүмкін;
Warning: out of gumut for printing - Стандартты түстер аймағынан шығып кету;
Warning: not a Web safe color -Қауіпсіз түстер аймағынан шығу (интернет үшін).
Бірінші ескерту (үшбұрыш ортасында леп белгісі бар) - сіз таңдаған түсті басып шығаруға мүмкін емес екендігін көрсетеді. Себебі, CMYK стандартты түстер аймағында сіз таңдаған түстің жоқ екендігін көрсетеді. Осы кезде сіз таңдаған түске ұқсас, стандартқа сәйкес түс үлгісі көрсетіледі.
Екінші ескерту (кубик)- бұл ескерту сіз таңдаған түстің Windows және MAC ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін бағдарламаларда әртүрлі көрсететінін айтады. Себебі, олар әртүрлі палитралар жүйесінде жұмыс істейтінін көрсетеді. Осы екі ақпраттық жүйеде бірдей көрсететін түс үлгісі жанында көрсетіледі. Сол түсті таңдау үшін тіктөртбұрышты басыңыз.
Color Picket (Түстер палитрасы) арқылы:
Түстер реңінің аймағын белгілеуге болады. Ол үшін өзгерту тетігін қою (H, S, B, R, G, B, I, a немесе b) және тышқанды қозғалту арқылы;
Үлкен төртбұрыштың белгілі біл аймағын шерту арқылы, белгіленген түстер ішінен түс таңдауға болады;
HSB, RGB, Lab немесе CMYK Түстер моделінен түстің цифрлық белгісін белгілеу арқылы түс таңдауға болады.
Стандартты каталогтардағы керекті түстерді қолдану үшін Custom (түстер каталогы) мәзірін басу керек. Бұл жерде Adobe Photoshop бағдарламасының стандартты 17 түстер каталогы көрсетілген. Осы каталогтардың ішінде ең көп тараған PANTONE.
4.4 Құрал-саймандар панелі
Құрал-саймандар панелі сызу, салу, жою және тағы басқа әрекеттерді орындау үшін орналастырылған құрал-саймандардан тұрады. Барлық құрал-саймандар төрт топқа бөлінеді:
Белгілеу құрал-сайманы;
Салу құрал-сайманы;
Градиенттік толтыру мен мәтінмен жұмыс жасауға арналған арнайы құрал-саймандар;
Бейнені көруге арналған құрал-саймандар.
Белгілеу құрал-сайманы
Құрал-саймандардың жоғары жағында белгілеудің құрал-саймандарының тобы орналасқан. Осы құрал-саймандар барлық бейнені немесе оның бөлігін белгілеу үшін қолданылады. Осындай құрал-саймандар үшеу:
Marquee (Область);
Lasso (Лассо);
MagicWand (Волшебная палочка) (4.6-сурет).
Белгіленген аймақ экранда үзілген сызықтармен белгіленеді. Marquee және Lasso құрал-сайманын қолдану үшін бейнені басып және белгілегіңіз келіп тұрған аймаққа дейін алып келу керек, осыдан кейін тышқанды жіберу керек.
4.6-сурет – Marquee тобының белгілеу құрал-сайманы
Magic Wand (Волшебная палочка) құрал-сайманы бір түспен боялған аймақты белгілеу үшін қолданылады. Осы топтың төртінші құрал-сайманы болып Move (Перемещение) табылады. Осы құрал-сайманның көмегімен Сіз белгіленген аймақты беттің ақ жеріне қоюыңызға болады.
Салу құрал-сайманы
Салу құрал-сайманына жататындар: Airbrush (Аэрограф), Paint Brush (Кисть), Pencil (Карандаш) және Rubber Stamp(Штамп).
Барлық осы саймандар экранда нақтылы бейнені салу үшін қолданылады. Airbrush, Pencil және Paint Brush құрал-саймандары үшін бүгілу бұрышы мен қалыңдығын өзгерту керек. Line (Линия) құрал-сайманы арқылы түзу сызықтарды салуға болады. батырмасын басу арқылы, көлденеңінен және тігінен, әрі 45° бұрышты сызықты салуға болады.
History Brush (Кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы таңдау арқылы кейбір әрекеттерді қайта қалпына келтіру немесе қайталау үшін қолданылады.
Art History Brush (Художественная кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы әртүрлі шығармашылық стильдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Gradient Tool (Градиентный цвет) құрал-сайманы әдетте градиентті фондық толтыруларда қолданылады (екі түсті және көп түсті сияқты).
Paint Bucket (Заливка) құрал-сайманы белгіленген аймақты нақты түстермен бояуға мүмкіндік береді.
Осыған жылжыту және бейненің айқындығын өзгертетін құрал-саймандар жатады. Олар Smudge (Палец), Blur (Размытие),Sharpen (Резкость), Dodge (Осветлитель), Burn (Затемнитель) және Sponge (Губка) құрал-саймандары.
Path, Type және Shape құрал-саймандары
Туре (Текст) құрал-сайманы Т әріпімен белгіленген батырмамен көрсетілген. Path (Контур) құрал-сайманының батырмасында қарындаш, контур бейнеленген. Осы сайманның көмегімен құрылған ашылған немесе тұйықталған контурды сіз кез келген контурды немесе оның бөлігін белгілеу үшін қолдана аласыз. Path құрал-саймандарының тобымен бірге Selection (Выделить область) құрал-сайманын қолдана аласыз.
Shape (Фигура) құрал-сайманының тобында боялған немесе мөлдір фигураларды құруға болады.
Line (Линия) құрал-сайманы Pencil (Карандаш) құрал-сайманымен біріктірілген. Олар соңғы ашылатын менюден көрсетіледі.
Line құрал-сайманы түзу сызықтарды салу үшін қолданылады. Онда батырмасын қолдану арқылы сіз 45 және 90° бұрышты сызықтарды салуыңызға болады. 4.7-суретте Shape құрал-сайманы көрсетілген және кейбір күрделі фигуралар көрсетілген.
Бейнені көру құрал-сайманы
Zoom (Увеличительное стекло) құрал-сайманы бейнені үлкейту немесе кішірейту үшін қолданылады (ол үшін міндетті түрде бейнеге батырмасын баса отырып қозғалту керек; Hand (Рука) құрал-сайманы терезелердің аймағында орын ауыстыруға арналған.
Осы категорияға сонымен қатар, Eyedropper (Пипетка) және Measure (Измеритель) құрал-сайманы қосылған. Eyedropperқұрал-сайманы түстің үлгісін таңдауға мүмкіндік береді, осыны баса отырып, салу кезінде қолдануға болатын түсті таңдауыңызға болады.
Measure құрал-сайманын өлшемді және бейненің бұрышын өлшеу үшін қажет. Суретті шертіп оған екі нүктені қосатын сызықты салыңыз; Info терезесінен екі нүктенің арасындағы қашықтықты білдіретін мәлімет шығады. Бұрыштың өлшемін білу үшін алдын ала өлшейтін сол сияқты сызықты беру керек, сосын көрсеткішті басынан аяғына дейін жүргізу керек. батырмасын басу арқылы өлшенетін бұрышқа тышқанның көрсеткішін әкелу керек.
4.7-сурет - Path, Type, Shape, Selection құрал-сайманы
Құрал-саймандар параметрінің панелі
ToolOption (Параметры инструмента) панелі құрал-сайманның барлық параметрін орнатуға мүмкіндік береді. Барлық көрсетілген панельдегі элементтер таңдалып тұрған құрал-сайманға сәйкес келеді. Әр құрал-сайман өзінің реттелуімен анықталады.
Image менюі
Image менюінде бейненің анықтығын және түсін, мөлдірлігін көрсететін командалар жинақталған.
Егер Сізге бейненің өлшемін міндетті түрде өзгерту керек болса немесе орнының орналасуын өзгерту керек болса, онда Image,Size (Изображение, Размер) немесе Image, Rotate Canvas (Изображение, Повернуть холст) командаларын қолдану керек.
View менюі
View менюінде бейненің масштабын өзгертетін командалар жинағы жинақталған. Осы менюда Rulers (Линейки), Grid (Сетка) және Guides (Направляющие) командалары орналастырылған, олар объектінің өлшемін өлшеуге арналған және жұмыс жасау бетін нақтылы орнату үшін қолданылады.
Сызғыш бірлікпен, пикселмен, дюйммен, сантиметрмен, процентпен немесе пиктармен өлшеуге мүмкіндік береді. Сондықтан Сіз үнемі өлшеудің бастапқы бірлігін таңдай аласыз. Өлшеудің бірлігін сызғышқа орнату үшін мына командаларды қолдануға болады: File, Preferences, Units & Rulers (Файл, Установки, Единицы и линейки).
Бағыттауыштар — бейнеге мәтіндерді енгізудің нақты орны үшін немесе басқа да объектілердің бейнеге қосылуы кезінде қолданылатын түзу сызықтар.


Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу (164.87 KB)

