Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  8 класс  /  Адам қаңқасы. Сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы және сүйектердің бір-бірімен байланысы

Адам қаңқасы. Сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы және сүйектердің бір-бірімен байланысы

Биология п?нінен 8 сынып бойынша саба? жоспары: "Адам ?а??асы. С?йекті? ??рамы, ??рылысы, байланысуы".

30.01.2017

Содержимое разработки

Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №2 орта мектебі,

Утешова Айдана Бектұрсынқызы

Күні:

Пәні: Биология

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Адам қаңқасы. Сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы және сүйектердің бір-бірімен байланысы

Сабақтың мақсаты: Адам ағзасындағы қаңқаның маңызы туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Тірек-қимыл жүйесінің негізгі қызметі мен ерекшеліктері туралы білімді талқылау, сүйектің құрылысы мен химиялық құрамын, олардың жуандауын және өсуін оқып-білу

Дамытушылығы: Оқушылардың негізгі ұғымдарды бөліп қарау,  салыстыру біліктерін  дамыту. Өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру. 

Тәрбиелілігі: Тірек-қимыл жүйесінің маңызы туралы айтып, денсаулықты сақтауда салауатты өмір сүруге, дене шынықтырумен айналысуға шақыру. Сымбаттың дұрыс қалыптасуы үшін дұрыс тамақтану, партада дұрыс отыруды айтып, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: «Адам қаңқасы» атты кестелер, плакат, маркер, стикерлер, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:  талқылау, талдау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин)
1. Сыныппен амандасу, топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар бойынша), топ ережесімен таныстыру, топ басшысын сайлау.
2.Жылы орта құру.
Шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (10 мин) Сезім мүшелеріне арналған жұмбақтар беріледі, жауабы бойынша постер қорғайды.

1 топ: Көру мүшесі-көз

2 топ: Есту мүшесі-құлақ

3 топ: Иіс сезу мүшесі-мұрын

4 топ: Дәм сезу мүшесі-тіл

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру

Миға шабуыл:

-«Қимыл-қозғалыс – бұл өмір» дегенді қалай түсінесің?

А. Адамның тірек-қимыл жүйесінің маңызы тірек-сызба (слайд-5)

Ә. Сүйектің құрылысы(слайд-6)

Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі.Сүйектің сырты-тығыз ұлпа,ішкі бөлімі-борпылдақ ұлпадан құралады.Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады.Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді.Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі.Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп,қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі.Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді.

   Б. Сүйектің құрамы. (слайд-8)

Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәурыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінд органикалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), ал 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сыңғыш келеді.

   В.Сүйектердің байланысы.(слайд-9)

Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар(борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.

   Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.

   Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.

  Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

    Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сыртқы тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.

    Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.

V. Сергіту сәті: Би

ІV. Жеке жұмыс

№5 зертханалық жұмыс.
Сүйектің химиялық құрамын анықтау.

 Мақсаты: Сүйектің құрамында органикалық және бейорганикалық заттардың болатындығына көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар:Тауықтың жіліктері, қойдың қабырғалары, 10% тұз қышқылы (HCL), су, сіріңке, пинцет.

Жұмыстың барысы:

•                   Кәдімгі қалыпты сүйекті зерттеу

•                   Бір-екі күн бұрын 10% (HCL) тұз қышқылына қой қабырғаларын,тауық жіліктерін салып қою.

•                   Сүйекті пинцетпен алып, суық сумен жуу.

        Бақылау: Сүйектерді иіп көріп, құрамын анықтау.

•                   Кепкен сүйектерді күйдіру.

         Бақылау: күйдірілген сүйектердің құрамын анықтау.                 

Зертханалық жұмыстың қорытынды:

V. Үйге тапсырма: § 23 тақырып материалын оқу, тақырып соңындағы тапсырманы орындау, «Дәнекер ұлпалары» тақырыбын қайталау.

VІ. Кері байланыс: «Баспалдақ» әдісі арқылы

  1. Бұрыннан білемін «Білемін»

  2. Жаңа ақпарат «Білдім»

  3. Білгім келеді

VІІ. Бағалау: Смайликтер арқылы








Үнемі аузыңда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды.









Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.









Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,

Бұзылса оны адам түзер емес,

Кезінде өзі ашылып, жабылады,

Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.











Екі шырақтың ортасында бір өзім.

-75%
Курсы повышения квалификации

Активизация основных видов деятельности на уроках биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Адам қаңқасы. Сүйектердің құрылысы, химиялық құрамы және сүйектердің бір-бірімен байланысы (40 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт