Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Классные часы  /  8 класс  /  Адам бойындағы асыл қасиет

Адам бойындағы асыл қасиет

Разработка в помощь классному руководителю
06.02.2022

Содержимое разработки

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар

мектеп-лицей-интернаты КММ

КГУ Специализированная школа-лицей-интернат

информационных технологий «Озат»

Управления образования акимата Костанайской области










Адам бойындағы асыл қасиет

8 сыныптарға арналған сынып сағаты





Тәрбиеші: Нурумжанова Ш.Н.

















2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы:"Адам бойындағы асыл қасиет".

Мақсаты: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;  адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

2. Негізгі бөлім

1) Кіріспе әңгіме

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамгершіліктің қарапайым қағидалары: қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші  адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.

Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау - халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз..

3. Сұрақ-жауап.

- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)

2. Дос табу оңай ма? Неге?

3. Өмір сүру үшін не қажет?

4. Мақал – мәтелдердермен жұмыс.

- Балалар, осы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрейік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері мақалдарды айтады.

5. Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа.

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

 

- Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.

-Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? (Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту, ұқыпсыздық, өзімшілдік).

Қорытынды.

Сонымен, балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дамытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын аяқтағым келіп тұр.

Сау болыңыздар.





Өткізілген күні: 8 «А» сынып - 17.11.2020 ж.

8 «Д» сынып – 18.11.2020 ж.


Өткізілген уакыты: 12.50

Қатысқан оқушылар : 8 «А» сынып – 16 оқушы. 88,8 %

Қатыспаған: 2 – Жумайсаев Нурзат, Смбаева Алия.

8 «Д» сынып – 15 оқышы. 100 %




-80%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Адам бойындағы асыл қасиет (18.92 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт