Ұстаздар мерекесіне арналған «Адал еңбек алғысым, Ұстазыма!» - атты мерекелік жиынның бағдарламасы.
Сахна сыртынан
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
(Жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші Асыл
Санасына шәкірттің,
Білім нәрін сіңірген.
Ұстаз алдын көргендер,
Заман көшіне ергендер.
Абыройын асқақтат,
Орынын әркез төрден бер!
2 - жүргізуші: Айбол
Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
1 - жүргізуші: Асыл
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
2- жүргізуші: Айбол
Көңілдеріңізді кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып, аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын.
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын:
Ән: «_____________» Шөменов Елдос
1 – жүргізуші: Асыл
Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық
Бір сіздерден табылады даналық
Ортамызда аман-есен жүріңіздер
Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.
2 - жүргізуші: Айбол
Құрметті аталар, әжелер сіздерді қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Әрдайым осылай арамызда бізге үлгі – өнеге көрсетіп, жадырап жүре беріңіздер! Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры _______________________________________ береміз
Ән: «_____________
1 – жүргізуші: Асыл
Бақытты қолдан жасарлық күш бар ұстазда
Уақыттан алға асарлық күш бар ұстазда
Ой-сана түлеп , күнде өсетін де ұстаздар
Болашақтарға сән қосатын да ұстаздар - деп ортаға даярлық сыныбының оқушыларын «Үнді биімен» шақырамыз.
2 - жүргізуші: Айбол
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты, - «_______________» Хамзина Жанардың әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Асыл
Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»
Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
Құрметтеген бар адамзат баласы
Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
1 оқушы: Кәусар
Ұстаз болам өзіңдей,
Үйретер ақыл- парасат,
Аянбай еңбек етемін,
Болсыншы деп бала шат.
2 оқушы: Айым
Ұстаз ана- болашақтың анасы.
Ұстаз ана- ақыл- білім анасы
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы
3 оқушы: Сабина
Ұстаз біздің ұлы тұлға ардақты
Ұстаз біздің анамыз ғой аяулы
Құрметтейік, пір тұтайық әрдайым
Осынау бір ұлы есімді мәңгілік
1- жүргізуші: Айбол
Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.
2- жүргізуші: Асыл
Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз бен, 20 – 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыз бар. Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, би: 6 «А» сыныбының қыздарының «Өзбек биін». Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Айбол
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана, дана бола алады.
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп
Ән: «Ардақты ұстазым» Сәкенова Перизат
2-жүргізуші: Асыл
Ұстаз біздің ұлы тұлға ардақты
Ұстаз біздің анамыз ғой аяулы
Құрметтейік, пір тұтайық әрдайым
Осынау бір ұлы есімді мәңгілік
Би: «Бақыт құсы»
1-жүргізуші: Айбол
Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,
Кім көрінген ілікпейді жүлдеге
Мүсіндеуге келешектің келбетін
Күн-күн сайын шығады ол мінбеге
Клоунада
1 – жүргізуші: Асыл
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
2 – жүргізуші: Айбол
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
Видеоролик
1-жүргізуші: Асыл
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз дей-келе алдарыңызға мың бұралған биші қыздарын шақырамыз.
2 – жүргізуші: Айбол
Күнде той бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,
Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен
Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз
Ән: «Ұстазым» Амирхамзина Гаухар
Хор: «Ұстазым»
1-жүргізуші: Асыл
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектермен ұлғайсын мерекеміз
Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс
Осымен аяқталды концертіміз.
2 – жүргізуші: Айбол
Осымен ««Адал еңбек алғысым, Ұстазыма!»» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде әліппені ұстатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның
Қайырмасы
Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым
Зердемді сен ашпасаң не етер едім
Өмірден сыбағасыз өтер едім
Ғажайып дүниенің сырын жайып
Қияға қызықтырып жетеледің
Қайырмасы
Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым
Өзіңнен өмірге азық ала бердім
Ұшырып мені алысқа қала бердің
Бойымда отың кетті ұшқын атқан
Келеді жана бергім, жана бергім
Қайырмасы
Ұстазым менің ұстазым
Өзіңмен өткен қыс-жазым
Қалдырған ізің мәңгілік
Жадымда тұрар жаңғырып
Ұстазым, менің ұстазым


Адал еңбек алғысым, Ұстазыма! (24.36 KB)

