
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Құрманғазы Сағырбайұлы
атындағы жалпы орта мектебі
Абуева Гулбану Егизбаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Адал достық
2017-2018 оқу жылы
Күні: 25.10.2017 ж
Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы атын. жом
Сабақтың тақырыбы: Адал достық
Құндылық: «Достық» Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ, достықты т.б
Мұғалім: Абуева Гүлбану
Сынып: 4 а,ә Оқушылар саны: 20
| Сабақтың мақсаты: Оқушылардың "достық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту . Сабақтың міндеттері: - адал достықтың мәнін түсіндіру; - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; - Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ , достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;
| Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,үлестірме мәтін,Ақботаның қоржыны,қима қағаздар.
|
| Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
| Өсиет- әңгіме Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт: -Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті. -Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп: -”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,-депті. -"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер? | • (оқушылардың жауаптары тыңдалады) • Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.
|
| Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Сұрақтар: Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен? Сендердің де адал достарың бар ма? Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
| Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
| Дәйексөз: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
|
Халық мақалы |
| Ойын «Достық неден басталады,достыққа не жарасады»? (Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды) Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер. -Достық танысудан бастала ма? -Достыққа қамқорлық жараса ма? -Достық төбелестен бастала ма? -Достыққа мейірімділік жараса ма? -Достық ренжісуден бастала ма? -Достыққа адалдық жараса ма? -Достыққа татулық жараса ма? -Достық ұйымшылдықтан бастала ма? -Достық бірліктен бастала ма? | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
| Топпен ән айту: «Дос туралы жыр» әнін барлық оқушылар орындайды Іздегенде табылатын қасымнан. Көңілі бар қызғалдақтай ашылған Көріспесек сағыныштан жүдейтін Кім бар жақын бала күнгі досымнан? Қайырмасы: Жан досым,үстем болсын мерейің. Әрқашан жемісіңмен көрейін Сырымсыз да бітпесін ,жырымыз да бітпесін,жырымыз да бітпесін Қос бұтағы секілденіп ағаштың Қатар тұрып бірге өсіп жайқалдық Адассақ та ,бірге жүріп адастық Жол тапсақ та ,бірге жүріп жол таптық | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
| Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
| Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
| Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту
| Күнделіктеріне жазады. |
| Соңғы тыныштық сәті:
| Оқушылар көздерін жұмып демалады. |

""""""""""""""""Адал достық"""""""""""""" (536.55 KB)

