Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  10 класс  /  "Абай әлемі" сценарий внеклассного мероприятия по казахской литературе

"Абай әлемі" сценарий внеклассного мероприятия по казахской литературе

Данная разработка интересна для преподавателей казахского языка и литературы. В разработке использованы философские, нравственные представления великого мыслителя Абая Кунанбаева, выраженные в произведениях поэта. Использованы такие методы и приемы, как инсценировка, литературно-музыкальные композиции, исполнение песен.

10.03.2017

Содержимое разработки

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі






әдеби-сазды кеш


Дайындаған: казақ әдебиетінің

оқытушысы Қабылғазинова Ә.Қ.












Семей, 2015

Сахна. Жарық өшіріліген, акт зал іші ала көлеңке. Абай жазу жазып отыр. Үстелінің үстінде шам, кітап, қылқалам. Сахна сыртынан:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

 Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?



Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

 Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?



  1. РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ (ҚТӘ-21)

Абай:

...Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...


Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Жүрек – шындықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл.


Еркежан:

Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден. 
Қайтып аман қалсын сау, 
Қайтқаннан соң әр неден.

Өлді кейі, кейі — жау, 
Кімді сүйсе бұл жүрек. 
Кімі — қастық, кімі — дау, 
Сүйенерге жоқ тірек.

Балнұр:
Кәрілік те тұр тақау, 
Алдымызда айла жоқ. 
Қайғысыздың бәрі — асау,
Бізге онан пайда жоқ.

Қан жүректі қайғылы-ау, 
Қайырыла кет сен маған. 
Қасиетін ойлан-ау, 
Қам көңілдің тынбаған.



Абай: Жүрек – тау бұлағындай таза, аспан жұлдызындай мөлдір. Сондай тазалық тән Жүрегім, жалғыз қалғаныңды сеземісің?!


Зарина:

Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің, 
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп, 
Жете алмадың ортаққа. 
Тірі жаннан бездіріп, 
Апарасың қай жаққа?

Дидар:

Ортақтық, тыныштық достық қой, 
Оның қадірін кім білер? 
Әркімге-ақ тілеу қостық қой, 
Бәрі — алдамшы саудагер.

Халықтың аты керек қой 
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой, 
Бәрі жайсыз тоқтауға.

Кәмшат:

Досты қайдан табасың, 
Кеңесерге адам жоқ. 
Әрлі-берлі шабасың, 
Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге 
Ішің еріп, егіліп, 
Ұялмас ақы тілеуге, 
Бермесең қалар түңіліп.

Гүлім:
Ақы беріп тындатқан 
Сөз көкейге қонар ма? 
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда? 
Дүниеде нені сүйесің, 
Өмір қайда, дос қайда?


Абай: «Өмір қайда, дос қайда?». Дос... Достық! Адал шынайы достықтың құдіретті күші – тереңде...


Еркежан:

Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,

Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.

«Мұнан менің қай жаным аяулы?!» - деп,

Бірге тұрып қалады кім майданда?!


Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң,

Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?!...


Балнұр:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.


Абай: Ең алдымен жүрегіңе сүңгі, түбіндегі шын асылды тап. Жігіттер, есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, құрбыларымен араласуға, жар сүюге, үй болуға жетіп қалған жастар, бұл сөзіме құлақ сал.


Нұрсұлтан:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе.
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бір дым тисе.

Дархан:
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.


Абай: Ер жігіттің бойынан табылатын адамгершілік асыл қасиет татулық пен достықты берік ұстап, терін сатып адал еңбек ету. Ері үйдің – тірегі, әйелі – алтын қазығы. Некелік өмірдің табиғи тірегі – жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі.


Нарқыз:

Махаббат, достық қылуға

Кім де болса тең емес.

Қазір дайын тұруға –

Бес күндік ғашық жөн емес.


Сүйіспек көңілім ойлайды,

Жанның бәрі қатыбас.

Сүйісу тозбай тұрмайды,

Еңбекке аз күн татымас.


Алтынай:

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.


Абай: Ғашықтық пен құмарлық – екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашық емес. Ғашықтық пен көрсеқызар құмарлықты ажырата білу керек.


Ержан:

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, 
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң, 
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. 
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, 
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, 
Жүдетер безгек ауру сықылданып. 
Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе, 
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.


Ән: Желсіз түнде жарық ай (Жанерке, Айым, Диана)






2.АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ХАҚЫНДА


Абай: Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы. Ілім-білім барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары. Адам ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауы керек.


Жанерке:

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның, білсеңіз. 
Аяулым:

Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфрәтлі, 
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі, 
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.

Айым:
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл берсеңіз. 
Білгендердің сөзіне 
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз. 
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.

Сауле:
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.

Диана:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

Аида:
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.

Айдана:
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.

Отыз екінші қара сөз. Аяулым:

Ғылымды үйренгенде, ақиқатты білу мақсатымен үйрену керек, біліміңді біреумен керісіп, біреуді күндеу үшін пайдаланба...

...білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттен...

...адамның білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар. Біріншісі – ойласу, пікір алысу, екіншісі – барлық күшті жұмсау, тырысу, алған білімін сақтау, қорғау.


Отыз сегізінші қара сөз. Анар:

...ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады...


Он жетінші қара сөз. Асыл:


Ән:


  1. ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.


Абай: Мен қазағымның өткеніне қиналамын.., қазіргісіне күмәнданамын.., келешегінен үміттенемін... Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келмеуші ме еді?!


Тоғызыншы қара сөз.Аяулым:

Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жек көрсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзі тірі болсам да анық тірі емеспін... сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмайымын...


Бақыт:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.


Ақбота:

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап,
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса,
Қуанар иелері сонда ыржықтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құсын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.


Айгерим:

Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.


Дана:

Мен боламын демеңдер,

Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.

Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.


Абай: ...қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек.


Алтыншы қара сөз. Шолпан:

...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса кеен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғанның басы осы...


Қырық бірінші қара сөз. Данара:

...қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі – зор өкімет керек. Ол өкімет халықты білімге, ғылымға, өнерге, еңбекке жұмылдыру қажет. Екінші –өкімет басындағы адам аса бай болуы керек, ол өз байлығын, ел байлығын жас ұүрпақты әділ де адал жолға аслуға, мәнді іс атқаруға жұмсауы керек.


Ән:


  1. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Абай: жақсы ән мен тәтті күйдің құдіретті үні – адамға қуаныш үстінде де, қайғы кезінде де, еңбекте де, тұрмыста да жүрек жұбанышы, көңіл серігі. Ал қазаққа өлең деген бір қадірсіз, былжырақ көрінеді...


Гүлнұр:

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Талшын:
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.

Гүлдария:
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?



Еламан:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Әлішер:

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.

Абылай:
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.

Толқын:

Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.

Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.

Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.

Халима:

Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.

Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».

Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.


Абай: Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей.


  1. АБАЙ ДАНА, АБАЙ ДАРА ҚАЗАҚТА!


Шырын: Ақылды дана, рақымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен иалысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнене өрнек шығарған ақындық, сыншылдық бірдей дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп, қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай – қазақтан шыққан данышпан.

Жүсіпбек Аймауытов


Мадина:

Абай – әлемдік маңызы бар тұлға. Ол өз оқырмандарымен жан сезімін ғана емес, философиялық көзқарасына ықпал еткен, сан-саладағы терең білімін бөліскен ақын, әрі ойшыл. Ол шын мәніндегі көзі ашық оқыған адам. Оның кеудесінде Тәңірінің өзі дарытқан бастаулар бар. Абай филасофиясы Еуропаның классикалық философиясының адамгершілік идеяларымен ғажап үндесіп жатыр.

Федерико МАЙОР, ЮНЕСКО-ның бас директоры


Ұлжан:

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне.


Ақын атын таратқан әрбір нұсқа,

Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа.

Арғын-найман сөзіне таңырқаған, -

Қандай арман бар дейсің бұл туыста!


Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле қап қарасаң көңіл ұғар.

Сол теңізге сүйсініп жан үңілмей,

Есіл сабаз ызамен өткен шығар?!

Жамбыл Жабаев


Назым:

Бәрі бала жас еді,

Бәрі ұйқыда мас еді.

Барлық қазақ баласы.

Сонда ішінен жарқ етіп,

Ақыл-ойын сарп етіп,

Жөн бастаған данасы!

Қидық басты соңына!

Сол бастаған жолыңа!


Ойладың да барладың,

Жыладың да зарладың,

Елдің жайын көрген соң,

Жолдас таппай ісіңе,

Арман кетті ішіңде:

Ерте туып өлген соң

Жоқ, өкінбе, тірісің,

Жазғы алаштың күнісің.


Қараңғыда туып ең,

Қөара бетті жуып ең,

Таба қылмай дұшпанға,

Қолға ұстаған туымыз,

Қанат,құйрық, бойымыз.

Қонғанда да, ұшқанда,

Құрмет етіп затыңды,

Бетке ұстаймыз атыңды.

Сәбит Дөнентаев.


Перизат:

Өтсе де жылдар, ғасырлар,

Ұмтылмақ емес асылдар.

Ел үшін кешкен азапты,

Балалық ойда жасын бар.


Алладан елге тіледі,

Абай боп халық тірегі.

Бүгінгі сыйлас ұрпағы,

Дананың ісін біледі.


Ел үшін болған жан құрбан,

Абайдай дана қалдырған.

Құнекеңдей де алыпты,

Рахмет, халқым, шам қылған!

Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі


Инабат:

Көк байрағым желбірейді әуеде,

Сенің рухың бізбен бірге кемеде.

Ақыл-ойың дариясы, жан ата,

Ұрпағыңмен сен де бүгін мәуеле.


Әкесі ғана болмап едің баланың,

Панасы өзің болып едің адамның.

Туысы сен болмап едің арамның,

Досы өзің болып едің адалдың.


Халқың сені мәңгі-бақи ұмытпас,

Асыл сөзің әр көкіректе құлыптас.

Данышпаным, ұлы бабам сөзі деп,

Әр ойыңды, әр жырыңды ұмытпас.

Гүлзипа Исрайлқызы, Абайдың шөбересі


Күміс: әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш –Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мәнінде қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың негізгі қымбаттылығы да сол. Бәлки, мұннан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.

Міржақып Дулатов


Арманай:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!


Сұлтанмахмұт Торайғыров



Күнсая:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып, теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік елсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сау қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Жүйріктің айтқан сөзі көпке кетер.












-75%
Курсы повышения квалификации

Гендерная лингвистика

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Абай әлемі" сценарий внеклассного мероприятия по казахской литературе (86.26 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт