Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: « Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өздігінен ізденуге, талаптануға ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушы жүрегінде Абай атамызға деген сүйіспеншілігін ояту, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызба
Көрнекіліктер: ақын потреті, кітаптар көрмесі,
Техникалық құрал: Компьютер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі , тарих
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушының дайындығы
ІІ Психологиялық дайындық
Ортаға шығып бір-бірімізге тілек айту
Кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлу
Топ 2- топ
Топ басшыларын сайлау. Олар топ мүшелерін мына бағалау параққа бағалайды. Сабақтың соңында қорытынды бағасы шығады.
ІІІ Үй тапсырмасын (қима қағазбен жұмыс)
Топ басшылары тексереді
Билер мен жыршылардың туған жерлерін сәйкестір
1 Дулат Бабатайұлы (ШҚО Аягоз ауданы Сандықтас)
2 Сүйінбай Аронұлы ( Алматы облысы Жамбыл ауданында Қарақыстақ )
3 Әйтеке би (Өзбекстандағы Қазбиби тауының етегінде)
4 Қазыбек би (Сырдария өзенінің маңында туған )
5 Төле би ( Жамбыл обыл Шу өзен жағасындағы Жайсаң жайлауында)
ІV Жаңа сабақ
Тақтада мына сөзді оқып беру :
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну – тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір адамзаттың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес , көрген білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ ретінде бастаймыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс » деген екен.
Ахмет Байтұрсынов « Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Одан асқан бұрыңғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.»
Кітаптар көрмесі « Ақын мұрасы ортақ қазына»
Слайд Абай туралы видео
VІ Оқушылар шығармашылығы Мәтінмен жұмыс (Дәптермен жұмыс)
Топ Абайдың өмірбаян
Топ Ақынның шығармалары
Топпен плакатка жазып қорғайды.
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер ? (2-3 өлең жатқа сұрау)
Ал енді балалар барлық айтылған сөздерді толықтырайық
Абайды біз кім деп танимыз ?( топтастыру стратегиясын құрастыру)
Ұлы ақын аудармашы
Философ АБАЙ ел басқарушы
Сазгер күйші
Жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы
VІІ Тестпен жұмыс
1 Абайдың туған жылы
А) 1845 в) 1854 с) 1904 д) 1846
2 Абай білім алған медресе:
А) Ахмет –Риза в) Ғалия с) Уәзифа д) Ахмет-Сәлім
3 Абайдың өмірі туралы « Абай жолы » роман-эпопеясын жазған жазушы
А) М.Әуезов в) А. Байтұрсынов с) М.Жұмабаев д) М.Дулатов
4 Абайдың қара сөздері нешеу?
А) 45 в) 46 с)47 д) 48
Қорытынды
Абай кім?
Абай қай жылы, қай жерде туған?
Абайдың достары кім?
Оның қандай шығармалары бар?
Неше қара сөздері бар?
Бағалау
Бағалау парағына байланысты бағасын қою.
ХІ Үйге тапсырма
«Мен Абайды қаншалықты білдім ?» ойтолғау
«Как я узнала Абая ?»
Кондратовка орта мектебі
« Абай Құнанбайұлының
өмір мен шығармашылығы »
7-сынып қазақ әдебиеті
Мұғалім : Жиентаева Қ.Е.
2016-2017 оқу жылы

Абай ҚұнанбаевтыҢ шығармашылығы (21.65 KB)

