Өскемен қаласының Республика алаңына орнатылған Абай ескерткішінің авторлары мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірлеп, жасады. Ескерткіштің биіктігі 5 метр 40 см. Тұғыры мен баспалдақтары - 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна. Ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж

Абай Құнанбаев (629.5 KB)

