Меню
Разработки

8-ші Наурыз ертеңгілігі

8-ші наурыз ертенгілігі. 2-ші кіші топқа арналған

29.03.2018

Содержимое разработки

8-ші наурыз аналар мерекесі

Жүргізуші: Музыка әуенәмен балалар залға кіреді. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:

 

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Ән: «Көктем»

Ерасыл: Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.


Айша: Жасыл кқктем келеді

Самал бетін өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдңр тамшы төгеді.


Жүргізуші: Ал менің көмекшім матрешка қайда? Сендер көрген жоқсыңдарма? Мүмкін бір жерде өызыөтап жүрген болар, барымыз орындықтарға отырып матрешканы күте тұрайық.

Жүргізіші: матрешканы шақыру үшін бізге қаттырақ ән айту керек.

Ән- оркестр «Жүр-жүр»

Матрешканың дауысы естілед:

Ой-ой жүгіріп келем! Мерекеге асығып келем.

Көңілді әуенді естіп, аяғымда орынында тұрар емес.

Ой рахмет сендерге!! Өлеңді жақсы айттыңдар.

Маған жолды табуға көмектестіңдер.

Матрешка:8- наурыз мерекесімен үлкендерді кішіні құттықтаймын.

Бақыт, шаттық тілеймін, көктемнің жылы күніндей сыйлықтар менің себетімде. ОЙ! Себетім жоқ.

Жүргізуші: Оны қайда жоғалттың?



Матрешка: Мен күнге қонаққа баргам, себетті сонда ұмытып кеткем ғой. соған қайтып барып келейін.

Жүргізуші: Тоқта, тоқта. Мына себет сенікі емеспа?

Матрешка: Менікі!

Жүргізуші: Сен матрешка маған көмектес. Гүлдерді бір бірдн жұлып алып. Кімнің анасына тақпақ айтатынын айт.

Матрешка: Екі гүлді жұламын, кім екенін айтамын.


Жансая: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы таппағым

Өзің жайлы әнімде,

Арнадым саған бәрінде..


Амир: Ақ қабақты анашым,

Күн саулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


Мадина: Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Жігер: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!


ЖЕКЕ БИ: «Қуыршақтар»

  1. Бала Анамды көргенде қатты құшақтап, сүйгім келеді.

  2. Бала Анамды тындауға, ботканы тауысып жеуге, тез өсіп анамның гүлденуіне серт беремін.

  3. Мен анама ұқсаймын мұрынымда шашымда.

Матрешка: Екі гүлді жұламын, кім екенін айтамын.

Жеке ән: «Әжетайым»

Матрешка: Екі гүлді жұламын, кім екенін айтамын.

«Би. Рамашка –букашка»

Матрешка: мерекені біздің оркестрлер жалғастырады. Кәне біздің көіңлді аспкасшыларымыз қайда.

«Аспазшылар оркестры»

Матрешка: Түрлі түсті гүлді жұламын. ӘЖЕГЕ тапқпақ


Жанасыл: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.


Әділ: . Әлпештеген аялаған

, Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.


Нұрасыл:. Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі. 

Ән «Бәліштер»

Матрешка: Маған әжем мына түймелерді әр пішін бойынша салып шығуды бұйырды маған көмектесесіңдерме.

«Ойын түймемен»

Матрешка гүлді жүлып Көркемді шақырады.

Жүргізуші: Көркем , анаңды құттықтай ғой.

Маған айтыңдаршы кімнің анасы жақсы?

Кімнің мамасы мейірімді?

Кімнің анасы әдемі?

Анамыз кімге ұқсайды?


Ал енді ойнайтын кез келді. Ойын «Көбелектер»

Жүргізуші:Балалар сендер ойынды жақсы ойнайсыңдар, ал аналарына өалай көмектеседі екенсіңдер.

Ойын аттракцион «Кір жаюға көмектес»

Матрешка: Енді би биллейміз

Ленталармен «жалпы би»

Матрешка: Ал енді аналарымызға дайындаған сыйлықтарды берейік.

Жүргізуші: міне осымен біздің мерекемізде аяқталды енді ата-аналар ортаға шығып балаларыңызбен билеңіздер.

-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
8-ші Наурыз ертеңгілігі (16.8 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт